Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
01 апреля 2020 12:33

Түркістан облысында бесінші науқастың індетті қайдан жұқтырғаны анықталды

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Түркістан облысында бесінші науқастың індетті қайдан жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Нұрбек Нышанов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Түркістан облысында бесінші науқастың індетті қайдан жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Нұрбек Нышанов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Түркістан облысы бойынша коронавирус жұқтырған 5 адам тіркелді. Ауруды жұқтырған бірінші науқас Жетісай ауданында тұратын әйел. Ол Нұр-Сұлтан қаласына барып, 23 наурызда өңірге келген. Ал 27 наурызда ыстығы көтерілді. 30 наурызда ауруханаға жатқызылып, сынама алынды. Зерттеу барысында әйелден коронавирус инфекциясы анықталды. Онымен байланыста болған 3 адам оқшауланып, олардан сынама алынды. Осылайша, бір ошақта 4 науқас тіркелді", - деді ол "Хабар 24" телеарнасында өткен онлайн брифингте.

Осы орайда бас санитар дәрігер қауіпті індетті жұқтырған бесінші науқасқа тоқталды.

"Ол да Жетісау ауданының азаматы. Алматы қаласында іссапарда болған. Азамат ауруханаға жатқызылды. Сынама алынды. Түнде оның ауру жұқтырғаны анықталды. Індет тіркелген ошақтарда мамандар залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Науқастармен байланыста болған 41 адам есепке алынды. Барлығы оқшауланып, емдеу мекемесіне жатқызылды. Олардан сынама алынды. Тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 369-ға жетті. 24 адам індеттен жазылды, 3 науқас қайтыс болды. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети