20 сентября 2021 | 13:57

Ұры қайдан шығады және неден қателеседі? Психолог түсіндіреді

Камила Долаева Корреспондент

2021 жылдың сегіз айында Қылмыстық кодекстің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 38 714 дерек тіркелген. Оған қоса 191-баптағы ("Тонау"), яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру бойынша 1736 қылмыс жасалған. Статистика адамшошырлық. Психолог Ермек Нұрымовтың сөзінше, ұрлық жасау туа біткен қасиет емес. Ол Tengrinews.kz тілшісіне қандай адам осы қылмысқа баратынын және оларды қоғамда қалай ажырату керегін айтып берді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2021 жылдың сегіз айында Қылмыстық кодекстің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 38 714 дерек тіркелген. Оған қоса 191-баптағы ("Тонау"), яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру бойынша 1736 қылмыс жасалған. Статистика адамшошырлық. Психолог Ермек Нұрымовтың сөзінше, ұрлық жасау туа біткен қасиет емес. Ол Tengrinews.kz тілшісіне қандай адам осы қылмысқа баратынын және оларды қоғамда қалай ажырату керегін айтып берді. 

Психолог ұрлық жасау жүре пайда болады, дейді. Оған әсер ететін фактор көп. Маман мінез-құлық ерекшелігі бар адамдарды мынадай үш топқа жіктеуге болатынын айтты:

  • Ата-ана тарапынан бақылау болмауының салдарынан жағымсыз микроортаға түскендер.
  • Жүйке жүйесінде ауытқулары бар, оңай қозатын, жағымсыз әсерлерге оңай берілетін және жанұясы мен мектептен тиісті тәрбие алмағандар;
  • Психикалық жүйке ауруларына шалдықпаған, алайда толығымен дені сау деп есептеле алмайтын, шекаралық күйдегі жандар.
Реклама
Реклама

Ары қарай жіктей берсек себептері шыға береді, бірақ ең маңыздысы осылар, дейді психолог. Алайда "Тағы қандай адамдар ұрлыққа баруы мүмкін?" деген сұрақ туындайды. 

Ермек Нұрымов мынадай дерек келтірді:

  1. Қарапайым және төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға белсенді талпынушылар;
  2. Ерік-жігердің және сенгіштіктің әлсіздігінен арбауларға оңай берілетіндер;
  3. Истерияның немесе психопатияның әсерінен әрекет етушілер;
  4. Моральдық және ақыл-ойлық дефектілері барлар.

"Осындай себеп пен салдардан туындайтын әрекеттен қоғамға кері әсерін тигізетін адамдар пайда болып жатыр. Немесе ұрлық жасауды өзінің күнделікті жұмысы ретінде қабылдайтындарды да айтсақ болады", - дейді практик маман.

Ресми статистикаға көз жүгіртсек, биыл қыркүйекке дейін, яғни сегіз айда 38 714 ұрлық дерегі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Оның ішінде жеке мүлікті ұрлау - 33 204, пәтерден алып кету - 3610, қалта ұрлығы 1187, қоғамдық көлікте 2731 ұрлық жасалған, 8960 адамның ұялы телефоны ұрланған. Ал мал ұрлау бойынша 1406 дерек тіркелген. Ал "Тонау" бабы бойынша 1736 жағдай болған.    

Ермек Нұрымовтың сөзінше, ұрылардың интеллектуалды ойлау қабілеті өзге адамдарға қарағанда әлдеқайда жоғары болып келеді.

"Себебі олар бір істі басы аяғына дейін көзі жетпейінше әрекетке бармайды. Барғанның өзінде тез әрі жылдам шешім шығара алатын қасиетке ие адамдар", - дейді ол.

Маман қоғамда ұрыларды қарапайым адамдардан айыруға болатынын да айтты. Нұрымовтың сөзінше, олар әккі психолог болып келеді. Керек адамды трансқа түсіру жолдарын да жақсы меңгеріп алады екен. 

"Адамды эмоциясынан тани алсаңыз айыруға болады. Мысалы, бір іске келгенде олар ойлануға мүмкіндік бермейді. Тез әрі жылдам жасап жібереді. Сол сияқты жаңа шығып жүрген ұрылар болса, көбіенесе жалтақтап тұрады", - дейді ол.

Сонымен қатар, бүгінде оңай ақшаның жетегінде кетіп, қаржы пирамидаларына алданатындар көп. Психологтың айтуынша, алаяқтар адамның әлсіз тұстарын біледі, соған қарай шабуыл жасайды. 

Адам психологиясы материалдық жағдайға келгенде әлсіз екен. Барлық нәрсе қызығушылықтан басталады, дейді Ермек Нұрымов.

"Қаржылық сауаты төмен адамдар тез алданады, немесе алаяқтар адам сеніміне кіріп алады. Кейбіреуі адамды тез шешім шығаруға үгіттейді. Көп адам ойланбастан, анализ жасамастан айтқанына көніп қалады. Алаяқтар жұмыстарын жоспарлы түрде жасайды", - дейді ол. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная