1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

Үш баланың әкесі, дәрігер болуды армандаған. Сіз кімсіз, Ерғали Сыдыманов? 20 августа 2020, 12:42

Өткен аптадан бері әлеуметтік желіде және БАҚ беттерінде 12 тамызда Алматы облысының бас санитар дәрігері болып тағайындалған Ерғали Сыдыманов
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Ерғали Сыдыманов © lada.kz Ерғали Сыдыманов © lada.kz

Өткен аптадан бері әлеуметтік желіде және БАҚ беттерінде 12 тамызда Алматы облысының бас санитар дәрігері болып тағайындалған Ерғали Сыдыманов қызу талқыға түсті. Tengrinews.kz тілшісі шенеунік туралы деректерді жинап шықты.

Еңбек жолы

Ерғали Сыдыманов 1970 жылы 7 сәуірде Қарағанды қаласында туған. 1996 жылы Санжар Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтын гигиенашы-дәрігер, эпидемиолог мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейіннен, 2004 жылы Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша аяқтаған.

Алматы облысының Бас санитар дәрігері - Медицина ғылымдарының кандидаты. Кандидаттық диссертациясын "Ірі қалалардың су тазарту кондырғылары аймағындағы қоршаған орта және тұрғындар денсаулығын гигиеналық бағалау" атты тақырыпта қорғаған.

© lada.kz

Ерғали Сыдыманов еңбек жолын 1987 жылы Жамбыл қаласы Жедел медициналық медициналық көмек стансасының санитары болып бастаған. Кейіннен бір жылдан соң ҚазКСР (ҚР) Мемлекетсанэпидбақылау Жамбыл облысы коммуналдық гигиена бөлімшесінің меңгерушісі болған. Бұл мекемеде 11 жылдай қызмет етіп, 2000 жылдың ақпанында Атырау қалалық СЭС бас дәрігерінің орынбасары болған.

2005 жылдың қаңтарынан бері Алматы облысы Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің директоры болған.

2019 жылдың 23 мамыры мен 2020 жылдың 12 тамызы аралығында Ерғали Сыдыманов Маңғыстау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментін басқарған болатын.

Отбасы

Ерғали Сыдыманов мұғалімдердің отбасында дүниеге келген. "Маңғыстау" арнасына берген сұхбатында анасы да, әкесі де ұстаз болғанын айтқан. Әкесі Жақсыбек Сыдыманов бүгінде зейнеткер, Жаңа Жамбыл фосфор зауытының цех бастығы болып жұмыс істеген. Анасы Ұмытшақ Сыдыманова да зейнеткер, Тараз қаласы педагогикалық училищесінің оқытушысы болған.

Ерғали Сыдыманов бала күнінен, 7-сыныптан бастап дәрігер болуды армандаған екен. Алайда бірінші жылы конкурстан өте алмай, артынша жедел жәрдем қызметінің санитары болып жұмыс істей бастаған.


© taldykorgan-online.kz /  А.Нұршанов

Ал жары Толқын Сыдымановамен университет қабырғасында танысқан. Ерғали Сыдымановтың сөзінше, екеуі бір топта алты жыл бойы бірге оқыған.

Ерғали Сыдыманов отбасындағы жалғыз ұл, үйдің үлкені. Өзінен кейін төрт қарындасы бар. Бүгінде ол үш ұлдың әкесі, екі немересі бар.

Әлеуметтік желіде белсенді емес

Ерғали Сыдыманов Facebook желісінде тіркелген. Парақшасында жалпы 685 досы, 201 оқырманы бар. Алматы облысының бас санитар дәрігерінің Instagram желісіндегі парақшасы жоқ. 

Еске салайық, Алматы облысының Бас санитар дәрігері өзінің алғашқы жұмыс күні Талдықорғандағы жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, олармен дөрекі сөйлескен шенеуніктің әрекетін желі қолданушылары жақтырмаған болатын. 

"Халықпен тілдесудегі ең үлкен минус! Не мәдениет жоқ, қыз балаға СЕН деп сөйлеп тұр. Ойын да дұрыс жеткізе алмайды. Ондай адамдарды қалай қызметке алады? "Басымды қатырма" дегенді қалай түсінуге болады?", "Мемлекеттік қызметкердің этикеті қайда? Мәдениетті сөйлей де алмай тұр ғой! Бірінші рет осындай қызмет атқарса түсінуге болады. Андай-мындай, туда-сюда. Көшеден келген адам сияқты", - деп наразы болды желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Видео желіде тарап кеткеннен кейін оған ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой назар аударып, қызметтік тергеу жүргізуге тапсырма берді. Артынша видеоға қатысты Бас санитар дәрігердің өзі де пікір білдіріп, жағдайды түсіндірді. Енді Ерғали Сыдымановпен болған жағдайға байланысты шенеунікке сөгіс жариялануы мүмкін. 



Join Telegram