Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 февраля 2021 13:26

"Үйде күртемен жүрміз". Жамбыл облысында қала тұрғындары жылусыз қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласының тұрғыны аймақта жылу ағытылғанын, үй салқындап кеткеніне шағымданды. Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Жамбыл облысының әкімдігі бұл видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласының тұрғыны аймақта жылу ағытылғанын, үй салқындап кеткеніне шағымданды. Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Жамбыл облысының әкімдігі бұл видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде тараған видеода Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласының тұрғыны өңірде жылу мен ыстық су ағытылғанын айтады.   

"Қазір пәтердемін. Үйде минус температура сияқты, күртемен жүрмін. Кеше жылу мен ыстық суды ағытып тастапты. Бүгін 10 ақпан. Далада қар, үй салқын", - дейді ролик авторы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Информационный канал «16/12» (@1612info)

Tengrinews.kz порталы мән-жайды білу үшін облыстық әкімдікке хабарласты. Әкімдік қызметкерлері Жаңатас қаласында жылу ағытылмағанын, тек 9 ақпанда жылыту құрылғылары істен шыққанын айтты. 

"9 ақпанда сағат 20:00-де Жаңатас қаласындағы орталық қазандықта жылыту құрылғылары істен шыққан. Облыс әкімінің тапсырмасымен оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек, Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов пен коммуналдық мекемелердің басшылары аттанды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қазандықтың істен шығуына сапасыз мазут себеп болған", - дейді әкімдік баспасөз қызметіндегілер.

Ведомство мәліметінше, апат жағдайынан соң мазут құбырларын, қоймасын конденсаттан, бу қазандығын судан тазалау жұмыстары жүргізіліп, қосымша Қаратау қаласынан мазут жеткізілген. Сондай-ақ, отын жеткізуге жауапты мердігер мекемеге шара қолдану мәселесі қарастырылып жатыр екен. 

"Қазір Жаңатастағы "Жаңатас Су-жылу" КММ орталық қазандығы тұрақты жылу беріп тұр. Қазіргі уақытта берілетін жылу температурасы +56, ал қайтарымы +44 градусты көрсетеді. Бұл ауа райына қарай белгіленген нормативтік көрсеткіштерге сай келеді. Қаладағы 92 көпқабатты тұрғын үй, 11 білім беру және 2 денсаулық сақтау нысаны жылумен қамтылды", - дейді әкімдіктегілер.

Қазіргі уақытта құрылғылардың істен шығу себептерін анықтау мен Жаңатас қаласын жылумен қамтуды қалпына келтіру бойынша жұмыс тобы құрылған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети