Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
03 ноября 2021 16:00

Қазақстанда аяқ киім 50 пайызға қымбаттауы мүмкін - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Қазақстанда аяқ киім алдағы уақытта 50 пайызға қымбаттауы мүмкін. Себебі елімізде енді барлық аяқ киімнің арнайы коды болады. Ол не үшін қажет? Мұны Tengrinews.kz тілшісіне аяқ киім нарығындағы сарапшы Шамиль Қарақожа түсіндіріп берді.


Қазақстанда аяқ киім алдағы уақытта 50 пайызға қымбаттауы мүмкін. Себебі елімізде енді барлық аяқ киімнің арнайы коды болады. Ол не үшін қажет? Мұны Tengrinews.kz тілшісіне аяқ киім нарығындағы сарапшы Шамиль Қарақожа түсіндіріп берді.

Сарапшының айтуынша, елімізде аяқ киім жыл басынан бері 6-8 пайызға қымбаттаған. Алдағы уақытта оның бағасы тағы да өседі.

"Себебі елімізде аяқ киімдерге арнайы код енгізілгелі жатыр. Қазақстандағы импорттаушы да, экспорттаушы да әрбір аяқ киімге арнайы код беруге міндеттеліп отыр. Әр кодты 2,68 теңгеге сатып алу керек, қазір ол 3 теңгеге жетті", - дейді Шамиль Қарақожа.

Аяқ киімге арнайы код берудің не керегі бар? Сарапшының сөзінше, елімізде аяқ киімді заңсыз әкеліп, сататындар бар. Тауарды міндетті таңбалау биылдың екінші жартысына жоспарланған. Яғни, Қазақстан міндетті таңбалау арқылы елге аяқ киімдерді заңсыз әкелетіндермен, "көлеңкелі" экономикамен күресті бастайды. 

Иллюстрациялық фото: pixabay.com

"Қазақстан нарығы импортқа тәуелді. Аяқ киімнің 96 пайызы импорттан әкелінеді. Сол 96 пайыздың 48 пайызы ел аумағына әртүрлі жолдармен заңсыз жеткізілетін контрафакт болып отыр. Яғни, олар нарыққа заңсыз шығарылды, ешкім баж салығын, кедендік салық төлемейді", - дейді ол. 

Оның айтуынша, елге заңсыз жеткізілген аяқ киімдер арнайы код көмегімен "көлеңкелі" экономикадан жарыққа шығарылса, өзіндік құнынан кемінде 12 пайыз ҚҚС (Қосылған құн салығы - авт.) қосуға мәжбүр болады. Бұл - көтерме сауда жасаушылардың өзінде баға 12 пайызға өседі деген сөз. 

"Ал оны дүкендерге жеткізген кезде сатушы қосатын құны бар, сонда аяқ киім кемінде 50 пайызға қымбаттауы мүмкін", - дейді сарапшы. 

Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Оның сөзінше, арнайы код енгізу жалпы ел аумағында жүретіндіктен, кез келген шетелден келетін, кез келген брендтен шығатын аяқ киім қымбаттайды. 

"Қазір аяқ киім қымбаттауына әкелген тағы бір мәселе бар. Сұраныс көп, ұсыныс аз. Себебі көптеген кәсіпорын пандемияға дейінгі күшіне әлі енген жоқ. Одан бөлек, Қытай базарларынан әкелінетін тауарлар логистика жағынан көптеген проблемаға тап болды. Жол әлі жабық, көп сатушы Қытайға барып, өзі сатып әкеле алмайды. Сондықтан қазір нарықта импортты тауар тапшылығы байқалады. Бұл тауар қымбаттауына әкеледі", - дейді Шамиль Қарақожа. 

Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Оның сөзінше, аяқ киім қымбаттауына тағы бір себеп валюта бағамы болуы мүмкін. 

"Біз импортқа тәуелді болғандықтан валюта бағамын да ескеру керек. Әзірше бір доллардың бағасы 425-430 теңге арасындағы "дәлізде" тұр. Теңге құлдырамаса, тауар қымбаттамайды. Ал аяқ киім қашан арзандауы мүмкін дегенге келсек. Алдағы уақытта аяқ киім бағасының түсуіне ешқандай негіз жоқ. Әрине, отандық өндірушілер нарықтағы үлесін арттырып, Қазақстан нарығын қамтып, кемі 30-40 пайызға жетпесе, онда аяқ киім әзір арзандамайды", - дейді сарапшы.  

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 441.41   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети