Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
15 сентября 2020 10:19

Сұлтанов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қымбаттамайтынын айтты

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тұрар Қазанғапов © Фото Тұрар Қазанғапов ©

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жыл соңына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 6 пайыздан аспайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жыл соңына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 6 пайыздан аспайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2020 жылдың басынан бері елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 4,4 пайызға өскен.

"Негізгі өсімді қарақұмық жармасы, қант, сәбіз бен картоп көрсетті. Басты себеп егістік аумағының қысқаруы, маусымаралық тапшылық. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өсімі барлық аймақта байқалды. Дегенмен тауардың көпшілігі ішкі нарықтағы сұраныс отандық азық-түлік тауарлары есебінен жабылады", - деді ол Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Сұлтанов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының 5 түрі бойынша бағаның төмендегенін атап өтті.

"Мәселен қырыққабат бағасы 21,4 пайызға төмендеді. Жалпы өсім көрсеткіші 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есе төмен. Бұл өсімнің 90 пайызы, яғни 4,1 пайыздық пункті елде төтенше жағдай режимі енгізілген кезеңінде тіркелді. Оның негізгі себебі - карантиндік шаралармен яғни азық-түлікке сұраныстың артуы, логистика және тауар тасымалдаудың өзгеруі, маусымаралық тапшылыққа байланысты", - деді министр.

Сонымен қатар, ол мамырдан бастап, бағасы өсімі реттеле бастағанын айтты.

"Яғни мамырда бағалар 4,1 пайызға ғана өсті, маусым мен шілдеде баға өспей, керісінше тамызда баға 1 пайызға төмендеді. Бағаларды тұрақтандыру үшін сауда және интеграция, ұлттық экономика және ауыл шаруашылығы министрліктерінің бірлескен бұйрығымен төтенше жағдай режимі кезеңінде 9 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға шекті бағалар белгіленді", - дейді Сұлтанов.

Министр биылғы 22 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі кезінде 7 азық-түлін тауарын экспорттауға және тауарларды ай сайын шығаруға квоталауға тыйым салынғанын жеткізді.

"Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында осы жылдың наурызынан қыркүйекке дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импорты мен сатылуына қосылған құн салығының ставкасы 12 пайыздан 8 пайызға дейін төмендетілді. Жергілікті атқарушы органдарда айналым схемасы, форвордтық сатып алу және тұрақтандыру қорларын қалыптастыру сияқты құралдарды пайдаланады. Тұрақтандыру қорларында 27,7 мың тонна азық-түлік қалыптасқан және 21,6 мың тонна жеткізуге форвордтық шарттар жасалған", - деді ол.

Сұлтанов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттерге 14,2 миллиард теңге бөлінгенін айтты.

"Бұл нарық механизмі қазірдің өзінде тиімділігін көрсетіп отыр. Мәселен Алматыда басқа өңірлермен салыстырғанда қомақты қаражат бөлінді. Нәтижесінде қалада жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының өсуі 2,2 пайыз ғана болды. Бұл - ел бойынша ең төмен көрсеткіш. Сондай-ақ, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында айналым схемасына қаражат бөлінген жоқ. Осылайша, бұл өңірлерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 6,1 және 5,7 пайызға өсті", - деді министр.

Ведомство басшысы бағаны тұрақтандыру маңызды құралының бірі монополияға қарсы реттеу шаралары екенін атап өтті.

"Бәсекелестік қорғау және дамыту комитеті ішкі нарыққа сөз байласу мәніне тұрақты мониторинг жүргізеді. Осылайша, осы жылы азық-түлік, жеміс, көкөніс өнімдерін өндіру бойынша нарық субъектілеріне 293 хабарлама жіберіліп, 13 тергеу жүргізілді. Біздің бағалауымызша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі тұрақтанды және жыл соңына дейін ол 6 пайыздан аспайды", - деп түйіндеді сөзін Сұлтанов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети