ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
28 августа 2019 | 10:04

Баланы молда сүндеттесе қандай қауіп бар?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© aqmeshit-zhastary.kz © aqmeshit-zhastary.kz

Бүгінде баланы сүндетке отырғызудың медициналық әдістері бола тұра көбі әлі күнге дейін молданың көмегіне жүгінетіні рас. Бірақ мамандар оның қауіпті екенін ескертеді. Айтуларынша, хирургиялық ота жасалатындықтан, міндетті түрде маманданған дәрігер болуы керек. Баланы молданың сүндеттеуі расында да қауіпті ме? Оның салдары қандай болуы мүмкін? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрағына елордалық уролог Ернұр Айнаев жауап берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде баланы сүндетке отырғызудың медициналық әдістері бола тұра көбі әлі күнге дейін молданың көмегіне жүгінетіні рас. Бірақ мамандар оның қауіпті екенін ескертеді. Айтуларынша, хирургиялық ота жасалатындықтан, міндетті түрде маманданған дәрігер болуы керек. Баланы молданың сүндеттеуі расында да қауіпті ме? Оның салдары қандай болуы мүмкін? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрағына елордалық уролог Ернұр Айнаев жауап берді.

Айнаев баланы тек уролог пен хирург мамандар сүндетке отырғызуы керектігін айтады.

"Сүндетке отырғызу - ер баланың зәр шығару мүшесінің ұшындағы хирургиялық жолмен алып та­сталатын тері. Ол стерильді болмауы да мүмкін. Нәтижесінде түрлі инфекциялық аурулар пайда болады. Сондықтан сүндеттеуді медициналық орталықта жасау керек. Себебі ол жерде арнайы ота жасайтын құралдар болады, барлығы стерильді", - дейді дәрігер.

Осы ретте уролог молданың үй жағдайында сүндеттеуінің қауіптеріне тоқталды.

"Баланы медицинаның көмегінсіз және үй жағдайларында сүндетке отырғызудың бірінші қаупі - инфекция. Құралдар стерильді болмағандықтан, онда инфекцияның түсетіні сөзсіз. Өте абай болу керек. Екінші кезекте бала жылап қимылдай бергеннен кейін қисық кесіліп, мүшенің қисаюына алып келуі мүмкін, терісін көп немесе аз алып қоюы мүмкін. Үшінші қаупі ретінде балада дәрі-дәрмекке аллергия болуы мүмкін, ал молдалар оны көбіне анықтап жатпайды. Яғни, алғашқы көмек дұрыс көрсетілмейді", - дейді дәрігер.

Уролог молдаға сүндетке отырғызған ата-аналардың келіп көмек сұрайтындарын айтады.

"Молдалар көбіне ырымын жасап қана қояды. Сондықтан маған ата-аналар ұлын сүндетке отырғызып болған соң жыныс мүшесінің ісініп кеткенін айтып шағымданады", - дейді Ернұр Айнаев.

Желідегі хабарламаларға қарағанда, сүндеттеудің нақты белгіленген бағасы жоқ. Бұл қызмет мемлекеттік ауруханаларда 10 мың теңге төңірегінде. Бірақ кейбір жеке клиникаларда бекітілген бағасы бар екен. Ол 5 000 - 30 000 теңге аралығында болуы мүмкін. 

Оқи отырыңыз:

Сүндетке отырғызу. Бағасы, емі және пайдасы

Баланы қандай жағдайда сүндеттеуге болмайды?

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer