27 мая 2019 | 14:00

"Жазда терезе ашпаймын", "Ауызбен демаламын" - Аллергиктер дертпен қалай күресіп жүр

Сурет pixabay.com сайтынан

Жаз шығысымен мұрны бітіп, жөтеліп, көзі қызарып, мазасызданып жүргендерді байқауға болады. Дәл осы мезгілде ағзаның шаң-тозаңға, түрлі өсімдіктерге, гүлдерге деген реакциясы күшейеді. Медицинада аллергияның бұл түрін көктемнен күзге дейін ғана созылатын болғандықтан маусым поллинозы деп атайды. Ол аллергия неге дәл жазда асқынады? Одан толықтай айығу мүмкін бе? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына аллерголог Гүлмира Мақсатқызы жауап берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жаз шығысымен мұрны бітіп, жөтеліп, көзі қызарып, мазасызданып жүргендерді байқауға болады. Дәл осы мезгілде ағзаның шаң-тозаңға, түрлі өсімдіктерге, гүлдерге деген реакциясы күшейеді. Медицинада аллергияның бұл түрін көктемнен күзге дейін ғана созылатын болғандықтан маусым поллинозы деп атайды. Ол аллергия неге дәл жазда асқынады? Одан толықтай айығу мүмкін бе? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына аллерголог Гүлмира Мақсатқызы жауап берді.

Дәрігер маусым аллергиясының пайда болуына көбіне ағаштардың бүршік атып, шөптердің көктей бастаған кезде ұшатын тозаңның себеп болатынын айтады.

Реклама
Реклама

"Тозаңның себебінен организмде гистамин гормоны бөлініп, адамда мұрны бітелу, су ағу, көз қышу, үстінде бөртпелер пайда болу процестері мазалайды. Аллергияның емі - антигистамин тобының дәрілері мен лейкотриен дәрілері. Басты емі - АСИТ емі, салқын түскен кезде емделеді. Көбіне қыс мезгілінде", - дейді аллерголог.

Осы дертпен 10 жылдан аса күресіп келе жатқан 32 жастағы Лаураның айтуынша, ол қазіргі уақытта аллергиядан қоса, астмамен ауырып жүр. Тыныс алуы қиындағаны соншалық - ауа жетпей, талып қалған кездері де болған екен.

"Көктем, жаз мезгілдерінде ұйықтағанда ешқашан терезені ашып жатпаймын. Студенттік кезден солай десем болады. Дене қызуым көтерілмейді, бірақ кейде тамағым ауырады. Оған қоса, үнемі түшкіріп, жөтеліп жүремін. Осылайша жүре-жүре астмаға шалдықтым. Капельницамен де емделіп көрдім, бірақ көмектеспеді. Күніне 2-3 рет жедел жәрдем шақырған кездер болды. Дәрігерлер басты себеп шаң-тозаң екенін және сондықтан қыз мезгілінде көбірек дәрумендер қабылдауға кеңес берді", - дейді Лаура. Сондай-ақ, Лаура әкесі мен ағасында да аллергия барын айтады.

Расында да, медицинаға жүгінсек, аллергияның пайда болуына басты екі фактор әсер етеді екен.

"Біріншісі, ата-анасының бірі бұрын аллергиялық аурудың бір түрімен ауырған болса, баланың сол аллергияға бейімі. Мысалы, баланың әкесі бұрын аллергиялық аурудың бір түрімен ауырса, баланың аллергиялық ауруға шалдығу ықтималдығы 80 пайыз, ал бұрын анасы ауырған болса, баланың ауруға бейім ықтималдылығы 50 пайыз болады", - дейді маман.

Ал екінші фактор, аллергологтың айтуынша, жүре пайда болатын аллергия.

"Әдетте өсімдіктердің тозаңынан болатын аллергияның түрлері өте көп кездеседі. Бұл маусымдық поллиноз, аллергиялық коньюктивтің кең таралған түрі. Дегенмен, мамандардың сөзіне сүйенсек, аллергиядан толықтай айығу мүмкін. Тек оған біраз уақыт - 3-5 жыл қыс сайын арнайы дәрумендерді қабылдап, ем алып отыру қажет", - дейді Гүлмира Мақсатқызы.

Сондай-ақ, аллергологтың айтуынша, бүгінде аллергия туралы көп аңыз әңгіме айтылып жүр. 

"Мысалы, кейбір науқастар аллергиядан айығамын деп түгелдей асқазан, ішек қарын тазалау орталықтарына барады. Бұл процедура оған көмектеспек түгілі, керісінше ағзасына зиянын тигізеді. Әлде кейбір пациент көптеген БАД, дәрумен ішіп бастайды. Бұл жерде ем емес, кері әсер болуы мүмкін. Аллергия кетеді деп ойлап, көп науқас емделмей қалып жатады", - деп ескертті дәрігер.


Суреттер pixabay.com сайтынан

Бірақ осылай аллергияға қарсы дәрі-дәрмектермен емделмекші болғандардың бірі Әсел есімді алматылық мұрынға тамызатындардан зияны болмаса, ешқандай пайдасын көре қоймағанын айтады. Ол препараттар көп болса 10-15 минутқа көмектеседі дейді.

"Мамыр айынан бастап көзім қып-қызыл болып жүреді. Көп түшкіремін, дем ала алмаймын. Тіпті ауызбен дем алуға тура келеді. Мұрныма арнайы дәрі тамызып жүрмін, ол да аса көмектеспеді, 15-20 минутка ғана болмаса. Біреулер гайморит шығар деп айтып жатты, сондықтан біраз уақыт аллергияға қарсы ештеңе ішпей жүрдім. Бірақ тексерілдім, барлығы дұрыс болып шықты. Меніңше, аллергиядан өмір бойына айығу мүмкін емес", - дейді Әсел.

Осы ретте дәрігерлер аллергиясы бар адамдарға жаз мезгілінде үйде немесе жұмыс орнын ылғалды тазалау жүргізу керектігін айтады. Сондай-ақ, мамықтан және жүннен жасалған жастықтар мен матрастарды синтетикадан жасалған заттарға ауыстырып, оларды 1-2 аптада кем дегенде бір рет жуып тұруға кеңес береді. Бұдан бөлек, мамандар бөлмеге ауа тазартқыш орнату қажет дейді. Ал үйде жануарлар ұстайтындаға дәрігерлер жаз мезгілінде үй ішіне ешқандай жануарды жақындатпауға кеңес береді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная