Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 апреля 2019 17:31

Ұмытшақтық диагноз ба - Маман дәрігердің көмегіне жүгінетін белгілерді атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Амнезия, есте сақтау қабілетінің нашарлауы. Адамға ең қажетті қабілеттен айырылғандардың өмірі күрделі өзгеріске ұшырайды. Бұл дерт қалай меңдейді, одан қалай сақтану керек, алдын алу шаралары қандай? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына дәрігер-психолог Айгүл Махатова жауап берді.


Амнезия, есте сақтау қабілетінің нашарлауы. Адамға ең қажетті қабілеттен айырылғандардың өмірі күрделі өзгеріске ұшырайды. Бұл дерт қалай меңдейді, одан қалай сақтану керек, алдын алу шаралары қандай? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына дәрігер-психолог Айгүл Махатова жауап берді.

Маманның айтуынша, бұл дерт адамның жүйке жүйесіне келген зақымнан пайда болады. Амнезияға маман мына жағдайларды себеп деп атады: басқа зақым келуі, Альцгеймер ауруы, жақынын жоғалту мен сол сияқты өмірлік соқпақтар, жүйке аурулары, тұқым қуалау және қарттық. 

                              Айгүл Махатова,

дәрігер-психолог

              

Есте сақтау қабілетін жоғалту деген не?
Сипмтомдары қандай?

Маманның пікірінше, адам баласы әлденені ұмыттым деп санадағы белгілі бір мәліметке ми қызметінің жол таба алмауын атайды. Оның кейбір симптомдары манадай екен: 

Жеке заттарды жиі жоғалту;
Қажетті сөздерді әңгіме барысында естен шығару; 
Уақыт пен кеңістікте адасу; 
Кездесулер мен шараларды ұмыту;
Шешім шығаруда қиналу;
Әңгімелесушіге бір айтқанды ұмытып, қайталап айту;
Жасаған әрекетті ұмыту;

Маманның айтуынша, аллын алудың жолдары салауатты өмір салтын ұстану: дұрыс ұйқы, дұрыс тамақтану, физикалық жаттығулар, белсенді әлеуметтік өмір. Алайда назар аударуға тиіс ең маңызды тәсіл - миға салмақ түсіретін интеллектуалды жаттығулар.

"Миға интеллектуалдық салмақ түсіретін жағдайлар ең тиімдісі дер едім. Себебі бүгінгі таңда компьютеризация талайдың ми жұмысын жеңілдетіп, оған салмақ түсірмейтін жағдайға жетті. Бұған әрине, дамыған заман емес, өз денсаулығына, есте сақтау қабілетіне жүрдім-бардым қарайтын, өзіне есеп бермейтін, технологияны шамадан артық қолданатын адамдар кінәлі. Кез келген зат шамадан асып кетсе адамға кері әсерін тигізеді, ал біз мысалға келтіріп отырған технологияны ретімен, орнымен қолданар болсақ, одан зиян емес, көретін пайдаңыз орасан", - дейді психолог.

Дәрігердің көмегіне жүгінетін жағдайлар

"Ештеңе де себепсіз болмайды. Адам күндердің бір күнінде еш себепсіз бұл қабілетінен айырыла салмайды. Мұнда мәселе сол дерттің меңдеп келе жатқанын байқамай, дер кезінде анықтамауда. Көп жағдайда есте сақтау қабілеті нашарлап бара жатқан адамға туыстары айтуы тиіс. Алайда ұмытшақтығы мен алаңғасарлығы үшін оны айыптамай, осы кезде бірден дәрігерге көрінуге кеңес беру қажет. Себебі бұл ауру адамның өзіне ғана емес, айналасындағыларға да зиянын тікелей тигізуі мүмкін. Мәселен, өшірілмеген газ, қосулы қалған үтік, жабылмаған су краны және тағы да осы тектес жағдайларды атауға болады", - дейді Айгүл Махатова.

Алайда, маманның пікірінше, күнделікті ұмытшақтықты аурумен шатастырмау керек. 

"Кілтті ұмыт қалдыру, түскі асты үйді ұмыту, бөлмеге не үшін кіргенін естен шығару сияқты күнделікті әрі жиі қайталана бермейтін сәттер адамның дабыл қағып, дәрігер көмегіне жүгінуіне себеп емес. Алайда бұл жағдайлар күнделікті жиі қайталанып, қалыпты өмір сүруге қайта-қайта кедергі болып, қарапайым шешім жасауға мүмкіндік бермей жүрсе, дәрігерге бару керек. Дәрігер өз кезегінде науқастың есте сақтау қабілетінің деңгейіне баға беріп, диагноз қоюы тиіс", - дейді ол.


Суреттер pixabay.com сайтынан

Жақын адамыңның есте сақтау қабілеті нашарласа не істеу керек?

Дәрігер танысыңыздың ұмытшақтығын жиі байқап, сырт көзге байқалатындай белгілерін көрсе маман көмегіне жүгінуге кеңес беруі тиіс екенін айтады.

"Кез келген адамға мұндай сөз сын немесе жақтыртпаушылық ретінде көрінетіні белгілі, алайда бұл қалыпты жағдай, себебі адам өз бойындағы ауытқуды өзі байқай бермеуі мүмкін. Сондықтан таныс адамыңызға есте сақтау қабілетінің нашарлағаны жайлы сабырмен түсіндіріп айтқан жөн. Ал егер дәрігер, өкінішке қарай, бұл диагнозын растап берсе, бұл адамға қолдан келгенше қолдау көрсетіңіз. Бұл қабілеті нашарлап кеткен адам уақыт пен кеңістікте адасып, шатасып жүреді, сондықтан оның бөлмесіне сағат мен күнтізбе ілген жөн. Қаншалықты ауыр болса да, науқастың өзі үшін қажетті күнделікті міндеттерін орындатудан бас тартпауыңыз керек, себебі оның миы жұмыс істеп, мидың атқаратын қарапайым функцияларына кедергі келтірмеуіміз тиіс", - дейді маман. 

Оның сөзінше, науқас мұндай ауруы бар екенін өте ауыр қабылдайды, сондықтан эмоционалдық қолдауға мұқтаж. Мұндай науқасқа ауруын емдейтін маман ғана емес, психологтың да көмегі қажет болатын кездер бар.

Оқи отырыңыз: 

Онколог сүт безі қатерлі ісігінің басты белгілерін атады

Дәрігер инсульттің алғашқы белгілерін атады

Елімізде 10-16 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында семіздік белең алып барады

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.77   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети