Фронтовые письма - это особая часть летописи военных времен. Письма солдаты писали родителям, супругам, братьям и сестрам, друзьям. Ответные письма бойцы ждали с нетерпением - эти сложенные в треугольники листки бумаги давали им силы, укрепляли веру в Победу.
Фронтовые письма - это особая часть летописи военных времен. Письма солдаты писали родителям, супругам, братьям и сестрам, друзьям. Ответные письма бойцы ждали с нетерпением - эти сложенные в треугольники листки бумаги давали им силы, укрепляли веру в Победу.
Среди документов Центрального государственного архива была найдена газета "Сталин туы", изданная в 1943 году. Там была опубликована статья под названием "Письмо Родине. Ответ сестренке".
В статье приводятся стихи Ракыша и Ратай Скаковых - родных брата и сестры. Это трогательная переписка, полная заботы друг о друге, выраженная в стихотворной форме.
Как отмечает автор находки, начальник отдела научно-информационной работы и научно-справочного аппарата Центрального госархива Гульнар Каратаева, эти простые строки наполнены необычайной искренностью.
Фото предоставлены Центральным Государственным архивом Республики Казахстан.
Брату
Брат мой, пишу тебе, потому что сильно скучаю,
И в то же время горжусь, что ты защищаешь Родину.
Я хожу на учебу, работаю,
Чтобы оправдать твои надежды.
Брат, ты уехал из страны защищать Родину,
Ты уехал воевать.
Как уничтожишь этих злодеев,
Уйдет и все твое горе.
Нам есть что надеть и поесть,
Мы радуемся и гордимся,
Когда садимся за стол,
Помним твое место, которое сейчас пустует.
Нашему аулу Теренозек
Помогает правительство
Брат мой, возвращайся с орденом, как герой,
Защищавший страну в борьбе за свободу.
Твоя Ратай
Моей Ратай
Сестренка моя, с тобой вместе я родился и рос,
Вот и пишет ответ твой брат.
Во снах вижу, как ты угощаешь меня.
Зачем так много думаешь обо мне и беспокоишься?
Твой брат родился защищать страну,
Он прогнал фашистов с юга.
И сражался с яростью.
Учись дорогая, будь отличницей,
Даже если ты будешь отставать от своих,
Ты останешься умницей.
Я приеду с войны героем.
Мои глаза нацелены на врагов.
Со здоровьем у меня все хорошо.
Весь народ этой великой войны
И твой брат с победой вернется в Алатау.
Скаков Ракыш
Стоит отметить, что в этом году исполнится 74 года с тех пор, как было написано это письмо. Сегодня, в век технологий, автор хочет узнать, какова была дальнейшая судьба Ракыша и Ратай Скаковых, остались ли у них потомки. Гульнар Каратаева надеется, что получит ответы на эти вопросы.
Фото предоставлены Центральным Государственным архивом Республики Казахстан.
А на этом снимке, к сожалению, не указаны имена солдат. Скорее всего, они сверстники Ракыша Скакова. Возможно, кто-то из читателей узнает в них своих родных.
"Бауырыма... Ратайыма...". Ағасы мен қарындасының өлеңмен жазған майдан хаттары
Архивтегі кезекті бір жоба бойынша қажетті деректерді іздестіру барысында, "Сталин туы" атты майдан газетінің 1943 жылғы сандар жиынтығын қарап отырып, "Туған елге қат. Қарындастың қатына жауап" атты мақалаға көзім түсті.
Оқи бастадым. Майдан газетінде жарияланып отырған "Бауырыма... Ратайыма" деген қарындасы мен ағасының бір-біріне өлең түрінде жазған хаттары екен.
Дәлірек айтатын болсақ, майданда жүрген ағасына сағынышын өлең жолдарымен білдірген Сқақова Ратайдың хаты және соғысқа Қызылорда облысы Тереңөзек ауданынан аттанған ер жауынгер Сқақов Рақыштың қарындасы Ратайға ағалық қамқорлығына толы, өлең жолдарымен өрілген жауап хаты екен.
Ағымнан жарыла айтатын болсам, өлең жолдарын оқи отырып, көзіме еріксіз жас келді. Еріксіз көз алдыма бала кезімнен теледидардан көріп келе жатқан соғыс туралы сан алуан көркем фильмдер көрінісі келе қалды.
Алайда...алайда ол фильмдерден жас өмірін қиып, ерлікпен шайқасып жүрген қазақ жауынгерлерін көрмейсің, не болмаса тылда, күн демей, түн демей, жеңіс үшін еңбек майданында ерлік көрсетіп жүрген қазақ жұртын да көрмейсің. Бірақ та "асықпайтын" халық емеспіз бе, бүгінгі күні өнер академияларында білім алып жатқан жастарымыз сол арман болған көркем фильм туындыларын дүниеге әкелер деген үмітпен, оқырмандарымызды архив қорларында жинақталған майдан хаттары және майдан газеттерінің ішінде сан жылдар бойы сақталып келген осы хаттармен таныстырмақ ниетіміз бар.
Ұлы Отан соғысы жылдары тылдан майданға, майданнан тылға қаншама хат жазылды десеңізші.
Назарларыңызға ұсынылып отырған ағалы-қарындас хаттарының өзге майдандық хаттардан екі ерекшелігі бар. Біріншісі, олардың өлең жолдарымен жазылуы, екіншісі, осы екі хаттың газет бетіне жариялануы.
"Сталин туы" майдандық газетінің редакциялық алқасы өз бөлімшесінде ерлік істерімен, тәртіптілігімен ерекше көзге түсіп, күнделікті жауға қарсы шайқастан дамылдаған кейбір бос уақытында домбыра тартып, ән салып, аз да болса жолдастарының көңілін бағуға даяр тұратын Сқақов Рақыштың қарындасы Ратайдан келген өлеңмен жазылған хатына өлеңмен жауап қайырған, ағалы-қарындас бауырлардың хаттарын майдандык газеттің 1943 жылдың 7 мамырында шыққан санына жариялауды жөн көріпті.
Кім біледі, осы өлең жолдарын оқи отырып, көптеген қаракөз жауынгерлеріміз елде, туған ауылдарында қалған, бұғанақтары қатаймай, тылдағы бүкіл ел болып атқарып жатқан келелі істерге өз үлестерін қосып жүрген жасөспірім іні-қарындастарын, бауырларын еске алған шығар.
Ағасы мен қарындасының бір-біріне өлеңмен жазған хаттарының көркемдік деңгейін саралаудан аулақпыз. Біз, бірінші кезекте, өлеңмен жазылған хат жолдарының сөз астарынан халықтың сол кезеңдегі тыныс-тіршілігінен, майданда күнделікті кескілескен шайқаста, қыл үстінде жүрген жауынгерлердің аңсаған армандары мен ойларынан дерек аламыз.
Өлең арқылы хабарласып отырған ағайындылар хаттарының әрбір жолынан сабырлылық, қарапайымдылық, бүгінгі күнгі баршылығына шүкіршілік жасап, ертеңгі күнінен үміт күтетін қазаққа тән шынайы сыпайлылыққа толы қасиеттерін танимыз.
Мысалы, Ратайдың "Тамақ тоқ, киім бүтін, шаттанамыз, еселеп еңбек алып, мақтанамыз" деген сөзінің астарына қарайтын болсақ, майданда жүрген ағасының көңілін аулап, ауылда қалған отбасының амандығын білдіре отырып, ішерге тамақ, киерге киіміміз бар, алаңдама деп, көріп жүрген қиыншылықтарының барлығын жасырып отырғандығын аңғарамыз. Себебі, соғыс жылдарында тылда, "Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!" деп, күндіз-түні тынбай еңбектенген, Ұлы Жеңіске өз үлестерін қосқан қарапайым ауыл тұрғындарының (олардың көпшілігі балалар, әйелдер мен қарт кісілер болатын), қаншама киын да, азапқа толы күндерді бастарынан өткізгендігі белгілі. Ол тарихи жағдайдың растығын айтып, бұл жерде дәлелдеп жатқанымыздың өзі артық болар. Қарындасының ағасына жолдаған "жайратып сол жауызды қайтқан күні, бойдағы бәрі тарқар касіреттің" деген бір ауыз өлең сөзінің өзі осыған дәлел бола алады.
Ратайдың "Мен жүрмін оқу оқып, еңбек істеп, болсын деп, тапсырмаңды ақтағаным" деген өлең жолдары оның жасөспірім оқушы қыз бала екендігін, оқумен қатар еңбекке де белсене араласып жүргендігін білдіреді.
Ауылда туып, өскен Рақыш Сқақовтың, әрине, бетке ұстар ерлерін, жас жігіттерін майданға аттандырған ауылдастарының соғыстың ауыртпалығын бүкіл қауым болып көтеріп жатқан жағдайынан хабардар болғандығы анық. Алайда, сонда да, "Түс көрсем, өз қолыңнан дәм татамын, көп ойлап уайымдап, неғыласың" деп, қарындасының көңілін жұбатады, сонымен қатар "Отличник атанып оқы қалқам, қатарыңнан жақсы емес кейін қалсаң" деп, тағы да ағалық ақыл-кеңесін береді.
Әрине, өлең жолдарын оқып шыққан әр қайсымыздың көкейімізде "Рақыш майданнан аман-есен туған ауылына жеңіспен қайтты ма екен, әке-шешесімен және бауырларымен, Ратайымен аманшылықта табысты ма екен?" деген сұрақтардың туындауы заңдылық болар деп ойлаймын.
Ағалы-қарындастың хаттарының жазылғанына, биыл жетпіс төрт жыл толады екен. Біз өмір сүріп жатқан XXI ғасыр - ғылыми-техникалық прогресстің шарықтап, дамыған кезі, жоғарғы технологиялар ғасыры дейміз. Жоғарғы технологиялары негізінде құрылған Tengri News порталының беріп отырған мүмкіншілігін пайдалана отырып, осы портал арқылы Сқақов Рақыш пен Сқақова Ратайдың соғыстан кейінгі тағдыры қалай болды екен, олардан қалған ұрпақтары, не болмаса туған туыстары бар ма екен деген сауалды жұртшылыққа қоя отырып, осы сауалға бір жауап келетін шығар деген үміт білдіреміз.
Осы екі өлең жолдарын оқи отырып, маған бір ой келді. Жалпы Ұлы Отан соғысы тақырыбында, соғыс жылдары кезінде жазылған қазақша әндер кемде-кем сияқты. Соғыс жылдары қазақ тілінде туындаған, қазіргі уақытта халыққа кең танымал, айтылып жүрген әндердің қатарынан Рамазан Елебаевтың Төлеген Тоқтаровқа арнап жазған "Жас қазақ" әнін және Мұқан Төлебаевтың "Кестелі орамал" әнін біледі екенмін. Мүмкін мен қателесетін шығармын. Десек те, назарларыңызға ұсынылып отырған ағасы мен қарындасының өлеңдеріне бір әдемі, қазақи сазды, қара домбыраны шерте отырып, қоңыр дауыспен айтылатын әсем әуен жазылса деген мақсатпен еліміздің белгілі сазгерлеріне қолқа салсам, артықшылық болмас па екен? Егер де осы тілегім қабыл алынып, дуэтпен айтылатын әсем де, әуезді ән шығып жатса, ол сұрапыл соғыс қиыншылықтарын тыл мен майданда бірдей өткерген аталарымыз бен апаларамыздың ерліктеріне арналған бір ескерткіш, өшпес із болмас па еді? Бір жағынан, жастарымыз осындай әнді айта жүріп өсетін болса, онда оның патриоттық тәрбие берудің бір оңтайлы көзіне айналмасына кім кепіл? Қалай ойлайсыздар, құрметті оқырмандар?
Бауырыма
Аға-жан, сағынғын соң қат жазамын,
Жүргенге Отан қорғап мақтанамын.
Мен жүрмін оқу оқып, еңбек істеп,
Болсын деп тапсырмаңды ақтағаным.
Аға-жан, Отан үшін елден кеттің,
Жау алам деп жармасқан жерге кеттің.
Жайратып сол жауызды қайтқан күні,
Бойдағы бәрі тарқар қасіреттің.
Тамақ тоқ, киім бүтін,шаттанамыз,
Еселеп еңбек алып мақтанамыз.
Әр қашан ас ішуге отырғанда
Бос тұрған орыныңнан еске аламыз.
Ауылым Терең-өзек саласында,
Үкімет кем-кетікке қарасуда.
Аға-жан орден тағып, герой боп қайт,
Ел қорғап, азаттықтың таласында.
Ратайың
Ратайыма
Бірге туып, бірге өскен қарындасым,
Қайтарып жауап жазды бауырласың.
Түс көрсем, өз қолыңнан дәм татамын
Көп ойлап, уайымдап, неғыласың.
Ол баста ел қорғауға туған ағаң,
Фашисті оңтүстіктен құған ағаң.
Жоқ етпей жаудың көзін бұрылмауға,
Қаһармен мықтап белін буған ағаң.
Отличник атанып, оқы қалқам,
Қатарыңнан жақсы емес, кейін қалсаң
Мақтаныш, сен білімді кісі болып,
Майданнан герой атпен мен де барсам.
Ағаңның екі көзі жатқан жауда,
Бәрі той өткен өмір, денім сауда.
Бірлескен ұлы Отанның барлық ұлты,
Жеңіспен қайтады ағаң Алатауға.
Сқақов Рақыш
Мына суретке ресми берілген атауында "Ленинград майданында, бір топ қазақ жауынгерлерінің әскери іс-қимылдар арасында орнаған тыныштықта газет оқу сәті" делінген. Өкінішке қарай, жауынгерлердің аты-жөні көрсетілмеген. Жас шамаларына қарағанда мақаламыздың кейіпкері Ратаев Рақыштың құрдастары болып келер. Сонымен қатар, олар газетпен бірге туған жерден келген хаттарды оқып, қуаныштарымен бөлісіп отырғандай сезім береді. Осы суреттен аталарын, бауырларын танып жатқан оқырмандарымыз болса, ол кісілердің хабарласуын өтінеміз.
Қаратаева Гүлнәр Миронқызы - Қазақстан Республикасы
Орталық мемлекеттік архивінің ғылыми-ақпарат
және ғылыми-анықтамалық аппараты бөлімінің бастығы