ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
25 августа 2020 | 09:21

Желіде шетелдік танымал әндерді домбырамен құйқылжыта ойнаған ару кім?

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Сабира Бибатырдың жеке мұрағатынан Фото: Сабира Бибатырдың жеке мұрағатынан

Әлеуметтік желіде түрлі әннің саундтрегін домбырамен орындап жүрген қыздың видеосы тарады. Оқырмандар бірнеше рет бөлісіп, пікір жазды. Tengrinews.kz тілшісі көпшіліктің көзайымына айналған домбырашымен сұхбат құрды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде түрлі әннің саундтрегін домбырамен орындап жүрген қыздың видеосы тарады. Оқырмандар бірнеше рет бөлісіп, пікір жазды. Tengrinews.kz тілшісі көпшіліктің көзайымына айналған домбырашымен сұхбат құрды.

Бибатыр Сабира Егізбайқызы Атырау қаласы Балықшы ауданында дүниеге келген. 1999-2003 жылдар аралығында Атырау облысында Дина Нұрпейісова атындағы музыка колледжін домбырашы мамандығы бойынша үздік бітірген, ұстазы К.З. Жолдасова. 2003-2007 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын профессор Қ.А. Ахмедияровтың класынан үздік бітірген.


Фото: Сабира Бибатырдың жеке мұрағатынан

"Домбыраны 4 жасымда нағашы атам ұстатты"

Отбасы музыкант болғандықтан, туғаннан музыкаға әуес болған, ал 4 жасынан домбыра шерткен.

"Себебі нағашы атам Бейсенғали Мырзағалиев деген кісі - республикаға танымал. Аспап жасаған адам болған. Соның ішінде домбыра аспабын жасаған. Анам Мырзағалиева Сәлиха Бейсенғалиқызы - Дина Нұрпейісова атындағы Атырау музыка колледжінде қылқобыз класының негізін қалаушы. Қылқобыз класын ашып, сол жақта мұғалім болған. Маған домбыраны 4 жасымда нағашы атам ұстатты, содан бастап үйрендім. Көптеген конкурстың лауреатымын. Атап айтсам, республикалық Махамбет атындағы, Қали Жантілеуов атындағы Дина Нұрпейісова атындағы, Дәулеткерей атындағы, Мұрат Өскенбаев атындағы және тағы басқа сайыстардың бас жүлдегері болдым. Қалған конкурстарда бірінші, екінші орын лауреаты атандым", - дейді ол.

"Маған карантиннің пайдасы тиді"

Ол "желідегі шығармашылыққа" карантинде ғана қолы тигенін айтып, ағынан жарылды.

"Кез келген әуенді, болмаса әндерді домбыраға түсіріп ойнау, бұрыннан ойымда болды. Бірақ соның сәті түспей жүрді. Құнттай алмай жүрдім. Карантин кезі әркімге әрқалай әсер етті ғой. Маған пайдасы тиді. Карантин кезінде "Будулай" киносын қарадым. Бала күнімде қарап өскен кино ғой. Балалығым есіме түсіп, қатты әсерленіп, "Будулайдың" әнін домбыраға салдым, жақсы түсе кетті", - дейді өнерпаз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Будулай келе жатыр - деп бала күнімде осы әуенді естіп қалсам жүгіріп келіп телевизордың алдына отыра қалып анам екеуміз осы киноны көретінбіз. ⠀ 1941-1945 жылдардағы соғыстан кейінгі уақиғаны сомдаған бұл фильмде Будулайдың өмірге, адамдарға, қоршаған ортаға деген көзқарасы, махаббатқа беріктігі, оның даналығы, тұлғалық келбеті керемет суреттелген. Фильм 8 сериядан тұрады. Көріп шығыңыздар. ⠀ Бұл әуеннің мен үшін орны бөлек. ⠀ АЛ СІЗДЕРГЕ ҚАНДАЙ ӘН БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫ ЕСКЕ ТҮСІРЕДІ?? ⠀ #балалыкшаккасаяхат #dombyra_trainer #dombyra_cover #домбыра

Публикация от Сабира Бибатыр (@sabira_bibatyr)

 "Будулай" фильміндегі әннің минусовкасын Ресейдің аулынан сатып алдым"

Сабира алғаш интернетке шығарған видеосына әнді қайдан тапқанын да айтып берді.

"Сосын минусовкасын іздеп, әрең таптым. Ресейдің бір аулында бір кісіде бар екен. Хабарласып, сатып алдым. Солай "Будулайды" жазып қойдым. Интернетке шығарамын деген ойым болған жоқ. Досыма тыңдатып едім, ол "мә, керемет, неге интернетке шығармайсың" деді. Сөйтіп видео түсіріп, желіге жүктедім. Оқырмандарға ұнаған сияқты. Instagram-да жекеме түрлі хат келеді. Олар түрлі әнді ұсынып, орындауды  сұрайды. Бірақ оның бәрін құлшынысым болғанда орындаймын", - дейді ол.

"Домбыраны авторлық әдістемемен үйретемін"

Былтыр Сабира "Әр бала - дара бала" домбыра мектебін ашыпты. Балаларды ол өзінің авторлық әдістемесі бойынша оқытады екен.

"100-ден аса бала оқиды. Қалада 4 мектеп бар. Халықтың сұрауы бойынша осылай көп аштық. Карантиннің алдында 8 наурызда бір жылдық концертімізді бердік. Вокал, басқа да аспаптардан курс ашуды сұрайды. Бірақ өзім домбырашы болғандықтан тек осымен шектеліп отырмын. Баланы домбыраға неше жастан бастап беру керек дегенге келсем, 5 жастан бастау керек. Бірақ 5 жастан берген баланың мұғалімі мықты болу керек. Себебі басында бағыт-бағдар қою мұғалімге байланысты. Одан кейін 5 жастағы баланың нәтижесі болу үшін ата-анасы үйде көмектесу керек. Себебі ол бала оқу-сызуды білмейді. Жалпы кез келген аспапқа баланы 5 жастан беру керек деп есептеймін. Тағы бір нәрсе айтқым келеді. Қандай да бір аспапта ойнап үйрену үшін жастың айырмашылығы жоқ, бастысы талант пен құлшыныс, еңбек болса болды", - дейді маман. 


Фото: Сабира Бибатырдың жеке мұрағатынан

"Қазір домбыраны әлемге Димаш танытып жатыр"

Сабира бала күнінен виолончель, саксофон секілді аспаптарды ұнатыпты.

"Мүмкін сондай аспаптардың шебері болар ма едім. Мүмкін композитор. Бәрібір музыканы таңдар едім. Домбыра қазақтың маңдайына біткен байлығы деуге болады. Басқа халықта болғанмен, домбыраның қоңыр үніндей үн жоқ, екі ішектен шығатын күй деген шығарма қазақтың қанына біткен. Екі ішек болса да, мүмкіндігі шексіз. Оны неше түрлі қырымен көрсетуге болады. Қазір домбыраны әлемге Димаш танытып жатыр. Бұған дейін де көрсеткендер болды, бірақ үлкен масштабта Димаш танытып жатыр. Оны мойындау керек", - дейді Сабира. 

"Танымал болу деген жоспарым жоқ"

Сабира алдағы шығармашылық жоспарын да айтты. 

"Қазір бірдеңе істеймін деп айта алмаймын. Жан қалауымен жүретін адаммын. Жаным қаламаса, үнсіз қала беремін. Шабытыма қарай шығарамын. Сондықтан алдағы уақыттағы домбыраға байланысты жоспарымды айта алмаймын... Танымал болу деген жоспарым жоқ. Әйтпесе, ресурсым да көп, қаржым да жетеді. Мүмкін кейін танымал болғым келіп, шығып кетермін. Қазір менің мақсатым - шәкірттерімді әлемдік аренаға шығарғым келеді. Өзім де шығып қалармын", - дейді домбырашы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 522.58  course up  549.54  course up  5.08  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer