Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
03 декабря 2021 16:15

Желіде танылған әнші Дана оқуын Қазақ ұлттық өнер академиясында жалғастырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Үй жөндеу жұмыстары кезінде ән айтып танылған қызылордалық Гүлмайдан Серікбай (лақапаты - Дана) оқуын жалғастыратын болды. Бұл туралы блогер Дәулет Мұқаев жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Үй жөндеу жұмыстары кезінде ән айтып танылған қызылордалық Гүлмайдан Серікбай (лақапаты - Дана) оқуын жалғастыратын болды. Бұл туралы блогер Дәулет Мұқаев жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бұдан былай Дана Сәкен Майғазиевтің қолдауымен Қазақ ұлттық өнер академиясында музыкалық білімін жалғастырады", - деп жазды Дәулет Мұқаев. 

Сәкен Майғазиев бұл ақпаратты растады. 

"Қарындасымызға көмектесіп жіберейік деп блогерлермен ақылдастым. Сосын қазіргі ректорымыз Шәріпбек Ағабайұлы Әмірбек (Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры - авт. еск.) хабарласып, деректерін сұрады. "Даусы керемет, Алла Тағаладан берілген, табиғи дарын, одан бөлек өте саналы, ақылды қыз екен, өмірдің қиындығын көрген" дедім. Ректормен бүгін тағы сөйлестім, құжаттарын алып келсін деді", - деді Сәкен Майғазиев AIBAT жаңалықтар қызметіне.  

Сонымен қатар, Дәулет Мұқаевтың айтуынша, Дана ән жаздыртқан. Блогердің өзі отандық дизайнерлермен сахналық киім мәселесін шешіп жатыр.

Одан бөлек, Данаға Аsia's Got Talent жобасынан хабарласып, кастингтен өткенін хабарлапты. Енді Дана алдағы уақытта халықаралық додада бақ сынамақ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Әнші | Певица (@anwi_dana)

Еске салайық, бұған дейін үй жөндеу жұмыстары кезінде ән айтып желіде жұлдыз болған Гүлмайдан Серікбай (лақапаты - Дана) туралы жазған едік. Ол Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, Қорқыт Ата университетінде "жоғары музыкалық білім" мамандығына түскенін, отбасылық жағдайына байланысты 3-курста оқудан шығып кеткенін айтқан болатын. 

Сондай-ақ, әнші желіде көп таралған видео қашан және қандай жағдайда түсірілгенін айтып берген еді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 451.08   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети