Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
23 апреля 2020 11:08

#КвартирникTengri. Бүгін Insta-Live эфирінде Қарақат Әбілдина

ПОДЕЛИТЬСЯ

Alash Media Group медиахолдингі және Pantograph продюсерлік орталығы #КвартирникTengri онлайн-концерттер сериясын жалғастырады. Бүгін, 23 сәуір, сағат 20:00-де әнші Қарақат Әбілдинамен Insta-Live өтеді. 


Alash Media Group медиахолдингі және Pantograph продюсерлік орталығы #КвартирникTengri онлайн-концерттер сериясын жалғастырады. Бүгін, 23 сәуір, сағат 20:00-де әнші Қарақат Әбілдинамен Insta-Live өтеді. 

Әншінің айтуынша, ол карантинді үйінде отбасымен өткізіп жатыр. 

"Аллаға шүкір, отбасымызбен, бала-шағамызбен төрт көзіміз түгел үйде, 24 сағат балаларымның қас-қабағына қарап, жағдайын жасап отырмыз. Оқуды бірге оқып, не істесек те бірге істеп, ешқайда асықпай, бұрынғыдай жанталаспай, жүгірмей, тыныштықта өтіп жатыр", - дейді әнші. 


Видео: Той Думан арнасы

Әншіден #КвартирникTengri сияқты жобалар туралы ойын сұрадық. 

"Жалпы халықтың көңіл-күйін көтеру мақсатында ұйымдастырасыздар ғой. Өте құптарлық жағдай. Сондықтан да қатысайық деп келісім беріп отырмыз. Себебі мақсатымыз біреу-ақ - қолымыздан келгенше, кішкене болса да іші пысқан, еңсесі түскен халықтың көңіл-күйін көтеріп, жақсы сөзімізді айтып, әнімізді айтып әсер ету", - деді Қарақат Әбілдина. 


Видео: Agugai

Айта кетейік, Қарақат Әбілдина - қазақ дәстүрлі әнін насихаттаушы, халық және эстрада әндерін орындаушы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Бүгінде шәкірт тәрбиелеп отырған ұстаз. Еліміздің бірнеше өңірінде "Қарақат" мектеп студиясы бар.  

#КвартирникTengri жобасы COVID-19 вирусымен күрес кезінде үйде қалып, қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызына мән береді. Бұған дейін жоба аясында Urker тобы, Motor-Roller рок-тобының әншісі Ілияс Аутов, әнші Son Pascal, BluesMotel Indie-rock-тобы, Luina, Ayree, Argymak этнорок-тобының фронтмені Ринат Рамазанов, әнші Алиса Вокс және "Конец фильма" тобының әншісі Евгений Феклистов, Меруерт Түсіпбаева, Ұшқын Жамалбек, Мирас Жүгінісов өнер көрсетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети