ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА КАНАЛ TENGRI LIVE

"Карантин жақсы өтіп жатыр". #КвартирникTengri эфирінде Дана Кентай

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Alash Media Group медиахолдингі мен Pantograph продюсерлік орталығы #КвартирникTengri онлайн-концерттер сериясын жалғастырады. Бүгін, 28 сәуірде, сағат 20:00-де әнші Дана Кентаймен Insta-Live өтеді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Alash Media Group медиахолдингі мен Pantograph продюсерлік орталығы #КвартирникTengri онлайн-концерттер сериясын жалғастырады. Бүгін, 28 сәуірде, сағат 20:00-де әнші Дана Кентаймен Insta-Live өтеді. 

Әншінің айтуынша, карантин жақсы өтіп жатыр. Ол көбіне кітап оқып жүр екен. 

"Карантин жақсы өтіп жатыр жалпы. Кітап оқумен, ескі әндерді еске алумен өтіп жатыр. Домбырамды қолыма алмағалы біраз болған еді. Сол домбырамен әндерді қайталап, үйде жаттығулар жасап, дұрыс тамақтануға өтіп деген секілді. Жалпы сол", - дейді әнші. 


Видео: Gakku TV

Дана Кентай оқырмандарға карантин уақытын ұтымды пайдалану жолдарын айтып берді. 

"Қазір YouTube желісінде көптеген психологиялық тренинг бар. Жалпы ғаламтор қазір жақсы дамыған. Денсаулыққа байланысты болсын, дұрыс тамақтануға, жаттығуларға байланысты болсын, кез келген сұрақтың жауабын ғаламтордан табуға болады. Тіл үйрену, ағылшын тілін қолға аламын деген жандар болса, онлайн курстар бар. Сондықтан өзіңе керек істі таңдап алса, ғаламтор арқылы көп нәрсені жасауға болады. Көптен бері оқи алмай жүрген кітаптарыңыз болсағ дәл қазіргі кез күшті мүмкіндік. Одан бөлек, пайдалы сериалдар мен кинолар бар. Соларды көруге болады", - дейді әнші.  


Видео: Gakku TV

Әншіден #КвартирникTengri сияқты жобалар туралы ойын сұрадық. 

"Менің ойымша, өте жақсы. Карантин кезінде халықтың көңілін көтеру үшін, әншілер мен халықтың ортасындағы көпір іспеттес. Бір-бірімізді жоғалтып алмай, қауышып, әнімізді арнап деген секілді. Соған керемет мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан #КвартирникTengri жобасына үлкен алғысымды білдіргім келеді", - дейді Дана. 

Әнші Insta-Live эфирінде репертуарындағы және халық әндерін орындап бермек. 

Айта кетейік, #КвартирникTengri жобасы COVID-19 вирусымен күрес кезінде үйде қалып, қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызына мән береді. Бұған дейін жоба аясында Urker тобы, Motor-Roller рок-тобының әншісі Ілияс Аутов, әнші Son Pascal, BluesMotel Indie-rock-тобы, Luina, Ayree, Argymak этнорок-тобының фронтмені Ринат Рамазанов, әнші Алиса Вокс және "Конец фильма" тобының әншісі Евгений ФеклистовМеруерт ТүсіпбаеваҰшқын ЖамалбекМирас Жүгінісов, Қарақат Әбілдина және тағы басқа әншілер өнер көрсетті . 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 496.04  course down  517.04  course down  5.48  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer