Нұрғиса Тілендиевтің "Куә бол" әні қалай шыққан?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұрғиса Тілендиев жары Дариғамен Нұрғиса Тілендиев жары Дариғамен

Бүгін атақты күйші, композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің туған күні. Ол 1925 жылы 1 сәуірде Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер (қазіргі Нұрғиса Тілендиев аулы) аулында дүниеге келген. Tengrinews.kz тілшісі композитордың өмірі мен шығармашылығын баяндайды. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін атақты күйші, композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің туған күні. Ол 1925 жылы 1 сәуірде Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер (қазіргі Нұрғиса Тілендиев аулы) аулында дүниеге келген. Tengrinews.kz тілшісі композитордың өмірі мен шығармашылығын баяндайды. 

Ахмет Жұбановпен кездейсоқ танысқан

Нұрғиса Тілендиев қазақ музыка мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған. Ол - 500-ден аса туындының авторы. Композитордың әкесі Тіленді Жетісу өңірінде аты шыққан күйші болған. Өнердегі де, өмірдегі де алғашқы ұстазы әкесі Тіленді болған екен. Анасы Салиха әйгілі ақын, жырау Кенен Әзірбаевтың қарындасы, жезтаңдай әнші болған екен. 

"Күй негізін мен әкемнен үйрендім. Мен соны қолымнан келгенше дамыттым. Әкемнің тартқан күйлері әлі күнге дейін құлағымда тұрады", - деген екен күйші. 

Алғашында жас күйшінің өнерін атақты композитор Ахмет Жұбанов Алматыда байқаған. Бала Нұрғиса мен Ахмет аулада кездесіп қалған. 

"Ахмет Жұбанов аға Ленинградта оқиды екен. Содан келе жатқан кезінде бір уақытта екінші вокзалдың қасында пойыздан түсіп үйді жағалап, домбыраның үнін естиді", - дейді Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендікеліні "Өмір жолы" бағдарламасында. 

Сөйтіп танымал композитор мен Нұрғиса Тілендиев танысып, Жұбанов жас күйшінің анасынан оны музыка мектебіне беруді сұраған. Тілендиевтің бойындағы дарынды көрген Ахмет Жұбанов оны Қазақ ұлт аспаптары оркестрінің домбырашылар тобына қосады. 

17 жасында соғысқа аттанған

Нұрғиса Тілендиев өнерге енді ғана келген шағында Ұлы Отан соғысы басталып кетеді. Күйшінің әріптестері майданға кетіп, артынша 17 жастағы Нұрғиса Тілендиевтің өзі де соғысқа аттанып кеткен екен. 

"Өз мінезі тік болғанымен, түрі қатыгез болғанымен, бір айтып адамды именетіндей қылып тастағанымен бұл кісінің жүрегі жып-жылы, кәдімгі бала сияқты. Соғысқа барғанда жанындағы немісті көздеп жатыр дейді. Сонда жанындағы адамдарға "мына иттің баласы атсам өліп қалар ма екен?" деп айтты дейді. Сонды ана немісті аяп тұр", - дейді журналист, өнертанушы Жарқын Шәкәрім. 

Жамбылдың көзін көрген

Нұрғиса Тілендиев бала күнінде жыр алыбы Жамбылды көрген. Себебі домбыра ұстаған ұлы күйшілердің жанынан жас балалар кетпейтін көрінеді. Сол ауыл балаларының арасында Нұрғиса Тілендиев те болған екен. Журналист, жазушы Уәлихан Қалижанның айтуынша, Нұрғиса Тілендиевтің "Жәкеңнің алдында отырдым, әңгімесін тыңдадым" деуінде ешқандай жаңсақтық жоқ.  

"Жамбылдың тізесіне отырған, Жамбыл "қалқаңқұлақ" деп оның құлағын шерткен. Содан құдырет дарыған", - дейді белгілі театр режиссері, актер Есмұқан Обаев. 

"Куә бол" әні қалай туған?

Дариға мен Нұрғиса алғаш Қазақфильмде танысқан екен. Сазгердің жары осы ұжымда жұмыс істеген. Дариға Тілендікеліні Нұрғиса Тілендиевтің музасы болған. 

"Медеудің бер жағындағы аққайыңдар жаққа алып бардым. Дариға ары жүр, бері жүр. Мен қарап, сүйсініп, не аққайың ба, не махаббатым ба деймін", - деген екен композитор. 

Бұл сәт "Куә бол" әнінің шығуына себеп болған екен. 

Сазгер Нұрғиса ән жазғанда белгілі бір уақытты таңдамайтын. Көбіне үйде жұмыс істейтін. Әуен ойына оралған кезде дереу рояльге отырып, жаңа әнді дүниеге әкелетін. Одан кейін Тұманбай Молдағалиев не Қадыр Мырза Әліге хабарласып, әнді естіртіп, өлең жазып беруін сұрайды. 

Сазгер отбасымен © el.kz

Нұрғиса Тілендиев жұбайы Дариғамен Алматы өзенінің жағасымен қыдырып келе жатады. Бір кезде сазгер өзен жағасындағы тастың үстіне шығып, біресе айға, біресе жұлдыздарға қарап: "Куә бол, жұлдыз, Куә бол, айым, Куә бол, Алатауым!" деп әндете жөнеледі. Кейін сөзін ақын інісіне жаздыртып алады.

Бірде сазгердің шаңырағына қонаққа ақиық ақын Мұқағали Мақатаев келеді. Сазгер мен ақын екеуі әңгіме-дүкен құрып отырады. Бір кезде композитор: "Даха, домбырамды берші маған" деп жары Дариғаға домбырасын алғызып, "Аққу", "Арман" күйлерін тартып береді. Осы кезде ақын інісі "Дариға, домбырамды берші маған" атты өлең жазып береді. Кейін сазы жазылады. Бұл кездесуден кейін ақын бір ай сазгредің үйінде жатып, екеуі 32 әнді, оның ішінде: "Саржайлау", "Кел, еркем, Алатауыңа", "Мен сендерді іздеймін", "Сөнбейді, әже, шырағың" тағы солсияқты әндерді дүниеге әкеледі. Тілендиев пен Мақатаевтың бірлесе отырып жазған соңғы әні - "Есіңе мені алғайсың".

Танымал композитор 1998 жылы 15 қазанда көз жұмған. 

Айта кетейік, бүгін композитордың 95 жылдығына орай Болат Мажағұлов, Ержан Әлімбет, Бекайдар Калиев, Ержан Жәменкеев, Айбек Бекбосынов, Ержан Тоқсабанов, Таңат Сәденов, Дарын Құдайберген және Әмірхан Мұқағалилер және тағы да басқа күйшілер мен халық музыка жанашырлары "Аққу" челленджін бастады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 522.13  course up  593.24  course up  6.42  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 15
Астана 21
Актау 22
Актобе 24
Атырау 24
Б
Балхаш 21
Ж
Жезказган 18
К
Караганда 25
Кокшетау 26
Костанай 24
Кызылорда 20
П
Павлодар 24
Петропавловск 14
С
Семей 15
Т
Талдыкорган 20
Тараз 23
Туркестан 26
У
Уральск 11
Усть-Каменогорск 19
Ш
Шымкент 9

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer