1. Главная
  2. Узнай
  3. Культура
  4. Музыка

"Сарыарқа" күйі жаңа форматта орындалады

  • 3
Фото: ia-centr.ru Фото: ia-centr.ru

"Хабар" телеарнасында "Сарыарқа" күйі жаңа форматта орындалады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Елге танымал күйшілер Айгүл Үлкенбаева, Арман Жүдебаев, Асылбек Еңсепов, Айбек Бекбосынов, Нұркен Әшіров, Олжас Сүлейменов, Батыржан Мықтыбаев, Дулат Темір, Ернат Наурыз, Темірлан Олжабай қазақтың біртуар күйшісі Құрманғазының "Сарыарқа" күйін жаңа форматта орындайды. Бұл күй халықтың көңіліне демеу болып, рухын көтереді деп сенеміз", - делінген хабарламада.

Өнерпаздар видеода халықты сабырға шақырып, елге амандық тілейді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

"Елге танымал күйшілер Айгүл Үлкенбаева, Арман Жүдебаев, Асылбек Еңсепов, Айбек Бекбосынов, Нұркен Әшіров, Олжас Сүлейменов, Батыржан Мықтыбаев, Дулат Темір, Ернат Наурыз, Темірлан Олжабай қазақтың біртуар күйшісі Құрманғазының "Сарыарқа" күйін жаңа форматта орындайды. Бұл күй халықтың көңіліне демеу болып, рухын көтереді деп сенеміз", - делінген хабарламада. ⠀ Айта кетейік, осыған дейін "Хабар" агенттігі "Біз біргеміз", "Үйден шықпа" деген ұранмен 20 ролик, 2 бейнебаян түсірді. Ал Әнші Ибрагим Ескендірдің "Біргеміз" атты және Төреғали Төреәлі мен Әбдіжаппар Әлқожаның орындауындағы "Біз - қазақтың баласы" атты бейнебаяндар халықтың рухын асқақтатты.

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Айта кетейік, осыған дейін "Хабар" агенттігі "Біз біргеміз", "Үйден шықпа" деген ұранмен 20 ролик, 2 бейнебаян түсірді. Ал әнші Ибрагим Ескендірдің "Біргеміз" атты және Төреғали Төреәлі, Әбдіжаппар Әлқожаның орындауындағы "Біз - қазақтың баласы" атты бейнебаяндар халықтың рухын асқақтатты.