Көз аурулары Қазақ ғылыми-зерттеу институтының мамандары елімізде аденовирустық конъюнктивит немесе халық арасында "көз тұмауы" деп аталатын аурудың өршіп жатқанын мәлімдеді. Бұл қандай ауру, оның алғашқы белгілері қандай, инфекция қалай таралады? Бұл сұрақтарға Massaget.kz тілшісіне Көз аурулары Қазақ ҒЗИ бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары, жоғары санатты офтальмолог-дәрігер Ботагөз Ысқаққызы жауап берді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Аденовирустық инфекция әдетте конъюнктивит, яғни көздің шырышты қабығының қабынуын тудырады.
Инфекция қалай таралады?
Маманның сөзінше, бұл вирус ауа тамшылары арқылы таралады деп айтылғанымен, ол нақты байланыс болғанда ғана, қол, үстелдің беті, заттар арқылы жұғады.
"Мысалын, көз тұмауымен ауырып жүрген адам қолымен көзін қасып, кейін белгілі бір есіктің тұтқасын ұстаса, тұтқада қалған вирус артынша сол есікті ашқан сау адамның қолына жұғады. Сау адам инфекция жұққан қолымен көзін ұстаған кезде ол да аденовирустық конъюнктивит ауруына шалдығады. Инфекция осылай таралады", - деді офтальмолог.
Алғашқы белгілері қандай?
Ауру өзін көздің қызаруы немесе айқын қызыл көздер, бұлыңғыр көру, таңертең қабақтың бір-біріне жабысып қалуы, яғни көзден ірің секілді шырыш бөлініп, кірпіктердің жабысып, ашылмауы секілді бастапқы белгілермен көрсетеді.
Аденовирустық конъюнктивит әдетте бір көзден ғана байқалады, кейінірек, 3-4 күннен кейін екінші көзге өтеді. Бір көздің ғана қызарып, шырыш бөлуі сирек кездесетін жағдай. Ботагөз Ысқаққызы аурудың жұптасып екі көзге бірдей әсер ететінін айтты.
Аденовирустық конъюнктивиттің қарапайым формалары бар, егер адамның иммунитеті жоғары болса, ауру бір апта ішінде өздігінен, ешқандай емсіз өтіп кетуі мүмкін.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Алайда ауру асқынып кетуі де мүмкін. Егер ауру асқынса, инфекция көздің терең бөліктерін зақымдайды. Бұл көру қабілетінен айырылуға әкеп соқтыруы ықтимал. Тіпті кейде мүйізді қабықтың жарасы дамып, көру қабілеті нашарлайды және тыртық қалады.