ПОДЕЛИТЬСЯ
03 октября 2019 | 11:04
Елімізде зейнеткердің салымын қандай заң қорғайды?
Зейнет жасына келген және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар азаматтарды зейнетақы төлемінің қалай сақталатыны алаңдататыны сөзсіз. Осы орайда зейнетақы қорында салымы бар азаматтарда "Зейнетақы қорындағы қаражат қалай қорғалған?" деген сұрақ туындайды. Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрағына "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының" мамандары жауап берді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Зейнет жасына келген және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар азаматтарды зейнетақы төлемінің қалай сақталатыны алаңдататыны сөзсіз. Осы орайда зейнетақы қорында салымы бар азаматтарда "Зейнетақы қорындағы қаражат қалай қорғалған?" деген сұрақ туындайды. Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрағына "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының" мамандары жауап берді.
Көршілес Ресей елінде зейнетақы төлемдерін азайтуға айыппұлдар мен қарыздар негіз болуы мүмкін. Сондай-ақ зейнетақының бір бөлігі төленбеген алимент үшін сот шешімімен және басқа қалаға көшіп кеткен жағдайда өндірілуі мүмкін екен.
Ал БЖЗҚ мамандарының айтуынша, Қазақстанда Қор тарапынан салымшыдан қандай жағдай болса да, қаржы өндіріп алуға жол берілмейді.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР Заңы және "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" ҚР Заңының 98-бабына сәйкес салымшының (алушының) қандай да бір қарызы бойынша Қордағы міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына, өсімпұлдарға, зейнетақы активтеріне және зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе олардан өндіріп алуға жол берілмейді. Өйткені зейнетақы жинақтарының тағайындалу мақсаты - құрметті демалысқа шыққан зейнеткердің лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету", - дейді БЖЗҚ мамандары.
Қор төлемдеріне тосқауыл қойылмайдыБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мамандары Қор төлемдеріне ешқашан тосқауыл қойылмайтынын атап өтті.
"Егер зейнетақы шотының иесі несие алатын болса, банк клиентінің төлем қабілеттілігін растайды. Шотқа аударылатын тұрақты зейнетақы жарналары несие алушының тұрақты табысының бар екендігін білдіреді. Алайда зейнетақы жинақтары кепілзат болып танылмайды", - делінген ресми хабарламада.
Елімізде зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. Соған сәйкес болашақ зейнеткерлерді зейнетақымен қамту жауапкершілігі мемлекет, жұмыс беруші және салымшы арасында оңтайлы үлестірілген.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейін ескереді. Алушының атына Қорға аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары мен мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi", - дейді Қор мамандары.
Зейнетақы қорындағы қаражат қалай тексеріледі?Зейнеткерлер зейнетақы алу құқығына ие болған кезде оның шотындағы жинақ ақша шотқа енгізілген жарналардың сомасымен салыстырылып тексеріледі. Бұл ретте оның зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейі ескеріледі.
"Егер алушының Қордағы жинақтарының инвестициялық табысты қоса есептегендегі жалпы сомасы инфляцияға тең және одан жоғары болса, мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасы төленбейді. Ал егер инфляциядан төмен болса, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін есептейді. Бұл сома біржолғы төлем ретінде республикалық бюджет есебінен алушының банк шотына 10 жұмыс күні ішінде аударылады", - дейді БЖЗҚ мамандары.
Тағайындалған зейнетақыңыздың көлеміне көңіліңіз толмаса"Егер салымшының тағайындалған зейнетақы көлеміне көңілі толмаса "мемлекеттік корпорация - кеңсесімен" байланысып немесе eGov.kz электрондық үкімет порталына кіріп, "Зейнетақы төлемдерінің базалық мөлшері" қызметін теріп ақпараттар ала аласыз", - дейді заңгер Думан Көпбаев.
Сондай-ақ заңгер тағайындалған зейнетақыны уақытында алмаған болсаңыз немесе кем алсаңыз не істеу керектігін түсіндірді.
"Егер сіз зейнетақыны уақытында алмаған болсаңыз немесе кем алсаңыз, онда нақтылау үшін "Халық банк" пен Қазақстанның Зейнетақы қорының ең жақын бөлімшелеріне хабарласа аласыз. Онда сізге төлемнің толық түспегені және неге кешіктірілгенін, аударымды қанша күту керектігін түсіндіруі керек", - дейді заңгер.
Орташа статистикалық қазақстандықтың болашақ зейнетақысы қандай болады?
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также