Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 февраля 2021 13:23

"Карантин 2022 жылға дейін созылады". Билл Гейтстің пандемия туралы болжамдары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

"Құрбандар көп болады". Бұл Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің коронавирус туралы кезекті болжамы. Миллиардер бұған дейін де пандемия туралы болжам жасаған. Тіпті эпидемия басталмай жатып, алты жыл бұрын адамзат микробтар мен вирустан қайтыс болатынын болжаған. Tengrinews.kz тілшісі Гейтстің бес болжамын жинады.


"Құрбандар көп болады". Бұл Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің коронавирус туралы кезекті болжамы. Миллиардер бұған дейін де пандемия туралы болжам жасаған. Тіпті эпидемия басталмай жатып, алты жыл бұрын адамзат микробтар мен вирустан қайтыс болатынын болжаған. Tengrinews.kz тілшісі Гейтстің бес болжамын жинады.

Жаңа пандемия туралы болжам

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс былтыр 22 қарашада жаңа пандемия туралы болжам жасады. Бұл туралы ол COVID-19-дың салдары туралы подкастта айтты. Кәсіпкердің сөзінше, адамзат пандемияның жаңа түрінен қашып құтыла алмайды. Гейтстің болжамы бойынша, бұл үш жылдан кейін, жағдай жақсы болған жағдайда 20 жылдан кейін басталуы мүмкін.

Билл Гейтстің сөзінше, мұндай жағдайда адамзат қайткен күнде де пандемияға дайын болады. Себебі, кәсіпкердің ойынша, енді инфекцияны таратушыны анықтайтын тестілеу жүйесі әзірленіп, карантин жариялау механизмі дайын болады.

Гейтс адам өліміне әсер ететін вирус туралы болжам жасаған

Билл Гейтс 2015 жылы әлемдік экономикаға кері әсер етіп, адам шығыны көп болатын пандемия туралы да болжаған. Ол эпидемия туралы TED Talk лекциясында айтқан. Ал 2019 жылы ол Қытайдан тарайтын өлтіргіш вирус туралы айтқан.

"Егер алдағы онжылдықта 10 миллионнан аса адам қайтыс болса, олар соғыстан емес, инфекциялық вирустан қайтыс болады. Зымыран емес, микробтардан", - деді Гейтс.

Миллиардер мысал ретінде Эбола вирусын келтірді. Алайда, оның сөзінше, Эбола дүние жүзіне тарап үлгермегендіктен әлем тұрғындарының жолы болған. Себебі Эбола коронавирусқа қарағанда вирусты басқаларға таратуы үшін науқасты әлсіз етіп тастайды екен.

"Келесі жолы жолымыз болмауы мүмкін", - деді Гейтс.

"Құрбандар көп болады"

6 ақпанда миллиардер коронавирусты жеңгеннен кейін адамзатқа басқа қауіптер төнуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы мультимиллиардер Veritasium YouTube-каналына берген сұхбатында айтты. Гейтстің айтуынша, жылуға байланысты табиғи апаттардан қайтыс болғандар саны жыл сайын артып жатыр.

"Коронавирус пандемиясы кезіндегіге қарағанда қайтыс болғандар саны көп болады", - деді ол.

Сондай-ақ, Microsoft негізін қалаушы биотерроризмнің де зор қауіп екенін айтты.

"Адамзатқа елеулі зиян келтіргісі келетін, соңы өлімге әкелетін вирус әзірленуі мүмкін", - дейді кәсіпкер.

"Пандемия вакцинацияға қарамастан күшейеді"

Былтыр желтоқсанда миллиардер коронавирустың жаңа түрі біраз елде вакцинация жұмыстары басталғанына қарамастан күшейетінін айтты.

"Өкінішке қарай, біз барлық қиындықты жеңген жоқпыз", - деді кәсіпкер.

Гейтстің сөзінше, компьютерлік модельдер 2021 жылдың алғашқы айларында жаһандық проблемалардың нашарлауын болжаған. Сонымен қатар, миллиардер коронавирустың тез жұғатын жаңа мутациясын зерттеу керегін айтады. Ол коронавируспен күресудің тиімді жолы медициналық маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау екенін еске салды.

Ал 21 қаңтарда ДДҰ өкілі Мелита Вуйнович коронавирус пандемиясына байланысты жағдай қашан жақсаратынын болжап, биыл COVID-19 қалай өршитіні туралы нақты пікір жоғын айтты. Оның сөзінше, пандемия бітпейді, ал вирус кетпейді. Вуйновичтің сөзінше, вакцина пандемияны тоқтатуы мүмкін, алайда ол барлық мәселені шешеді деген сөз емес.

"Карантин 2022 жылға дейін созылады"

Былтыр 15 желтоқсанда миллиардер келесі үш-төрт ай "ең қиын кезең" болуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, вакцина барлық адамға қолжетімді болғанға дейін карантин 2022 жылға дейін созылады.

"Болжамдарға сәйкес, коронавирустан тағы 200 мың адам қайтыс болуы мүмкін. Егер ережеге бағынып, маска тағып, қашықтық сақтап жүрген болсақ, адам өлімінің алдын алар едік", - деді кәсіпкер.

Миллиардер вирусты жұқтырып алу қаупі ұзақ уақытқа сақталатынын атап өтті.

"Егер басқа елдерге бұл аурудан құтылып, өз елімізде вакцинация көптеп жасамасақ, вирус жұқтыру қаупі 2022 ылға дейін сақталады", - деді Гейтс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети