Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 января 2020 18:13

"Димаш соңғы орында". Instagram-да фолловері ең көп қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің ондығы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгінде Instagram - ең жиі қолданылатын әлеуметтік желілердің бірі. Осы желінің статистикасы бойынша, 2013 жылы желіні айына 90 миллион адам қолданса, бүгінде бұл көрсеткіш бір миллиардқа жеткен. Бүгін футболшы Криштиану Роналдудың Instagram парақшасындағы оқырман саны 200 миллионға жеткені белгілі болды. Осылайша Роналду Instagram тарихына кірді. Отандық жұлдыздар да желіні тиімді пайдалануға тырысады. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі Instagram желісіндегі танымал қазақстандықтардың парақшасына шолу жасады. 


Бүгінде Instagram - ең жиі қолданылатын әлеуметтік желілердің бірі. Осы желінің статистикасы бойынша, 2013 жылы желіні айына 90 миллион адам қолданса, бүгінде бұл көрсеткіш бір миллиардқа жеткен. Бүгін футболшы Криштиану Роналдудың Instagram парақшасындағы оқырман саны 200 миллионға жеткені белгілі болды. Осылайша Роналду Instagram тарихына кірді. Отандық жұлдыздар да желіні тиімді пайдалануға тырысады. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі Instagram желісіндегі танымал қазақстандықтардың парақшасына шолу жасады. 

Қайрат Нұртас - 4 599 141 

Отандық танымал адамдардың қатарында Instagram желісіндегі оқырман саны бойынша бірінші орында - әнші Қайрат Нұртас. Алайда әнші жақында парақшасындағы бұған дейінгі жазбаларын өшіріп тастаған. Парақшасындағы "алғашқы" жазбасы әншінің шығарған иіс суына қатысты болған. 

Одан бөлек, Нұртас кенже ұлы Ханға да парақша ашып қойған. Бүгінде оның 141 мың оқырманы бар. 

"Мальдив аралына бару керек пе?" - Қайрат Нұртас Желіде челлендж бастады

Біраз жыл бойы отбасы жайлы тіс жармаған әнші бүгінде парақшасында көбіне жанұясының суреттерін жариялайды. Парақшасында ең көп лайк жинаған жазбасы да отбасылық суреті. 


Қайрат Нұртастың парақшасындағы ең көп лайк жинаған суреті © instagram.com/kair_n

Ерке Есмахан - 4 457 133

Ерке Есмахан - саяхатқа жиі шығатын әншілердің бірі. Оны әншінің Instagram желісіндегі парақшасынан аңғаруға болады. Шетелдегі саяхат кезіндегі суреттерін жиі бөлісіп отыратын әнші осыған дейін барлығы 2375 жазба жариялаған.

Ал парақшасындағы ең алғашқы жазба 2012 жылы 11 тамызда жарияланған. 

 
Ерке Есмаханның алғашқы жазбасы © instagram.com/erke_esmahan

Ал биыл Ерке Есмахан алты жазба жариялап үлгерген. Оның ішінде ең көп лайк жинаған жазбасы - ұлы Муслиммен түскен суреті. 


© instagram.com/erke_esmahan

Баян Мақсатқызы - 3 926 142 

Танымал продюсер Баян Мақсатқызының парақшасына 3,9 миллион адам тіркелген. Продюсер алғаш 2015 жылы миллионер атанып, отандық танымал тұлғалардың арасында көш бастап тұрған еді. Баян Мақсатқызы парақшасында қоғамдағы өзекті мәселелер туралы өз ойын білдіріп отырады. Төрт миллионға жуық оқырманы бар продюсер бүгінге дейін 3 338 жазба жариялаған. 


© instagram.com/bayanmaxatkyzy

Аша Матай - 3 846 806 

Әнші, актриса әрі тележүргізуші Аша Матай бүгінде екі қыздың анасы. Парақшасында да отбасылық суреттерін, оның ішінде үлкен қызы Асылымның суретін жиі жариялайды. Бұған дейін оқырман бойынша төртінші орында болған Аша бесінші орынға жайғасқан. 

Өнер иесі жары Арман Қоңырбаевпен концертте түскен суреті 118 мың лайк жинаған. 

"Алла бұйыртса, бірнеше айдан кейін трио емес, квартет боламыз", - деп жазған екен Аша Матай. 


© instagram.com/asha_matai

Айта кетейік, Аша Матайдың жары Арман Қоңырбаев та "миллионерлер" қатарынан: әншінің парақшасына 1 395 195 адам тіркелген. 

Төреғали Төреәлі - 3 461 639, 

Төреғали Төреәлі мен Мадина Сәдуақасова оқырмандар жағынан шамамен бір орында. Араларын 50 мыңға жуық оқырман ғана алшақтатып тұр. Қос әнші өнердегі әріптестерімен, отбасымен суреттерін бөлісіп отырады. 

Төреғали Төреәлінің бұл жазбасы көп лайк жинаған суреттердің бірі. Суретті барлығы 86 мыңнан аса адам ұнатып, 1000-ға жуық пікір жазылған. 

Мадина Сәдуақасова - 3 414 052

Ал Мадина Сәдуақасова соңғы кездері арнайы фотосессиядағы суреттерін жиі бөлісетін болған. Бүгінге дейін барлығы 2584 жазба жариялаған. 


Әншінің ең көп лайк жинаған суретінің бірі - 74 258 © instagram.com/sadvakasovamadina

Қарақат Әбілдина - 3 375 697

Қарақат Әбілдина халық алдында тек әнші ретінде емес, сонымен қатар, үлгілі ана ретінде қалыптасып қалған. Сондықтан болар әнші парақшасында балаларының, отбасылық суретін жиі жариялап отырады. Парақшасында 2138 жазба жариялаған әншінің отбасылық суреттері орташа 60-70 мың лайк жинайды. 


Әншінің ең көп лайк жинаған суреттерінің бірі - 66 950

Сәкен Майғазиев - 3 366 699

Әріптесінен оқырмандар саны бойынша сәл ғана төмен тұрған әнші Сәкен Майғазиев парақшасын белсенді жүргізіп отырады. Ол бүгінге дейін барлығы 4860 жазба жариялаған. Әншінің жеке өмірі де жасырын емес. Бүгінде халықтың сүйікті әншісіне айналып үлгерген көпбалалы әке сахна саласынан бөлек Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының проректоры.


© instagram.com/saken_maigaziyev

Айдана Меденова - 3 223 484 

"КешYOU"  тобының экс-солисі Айдана Меденова бүгінде жеке орындаушы ретінде өнер көрсетіп жүрген әнші. Әнші топтан 2012 жылы кеткен. Оқырмандарымен көбіне бет күтімі, косметика жайлы ақпарат бөлісіп отырады. Әнші отбасымен саяхатқа да жиі шығып тұрады. 


© instagram.com/aidanamedenova_officialpage

Айдана Меденова бүгінгі рейтингте Instagram желісінде жазба жариялау бойынша рекорlшы - барлығы 5560 жазба. 

Димаш Құдайберген - 3 082 555

Жас әнші Димаш Құдайберген бүгінде тек қазақстандықтардың емес, сонымен қатар, бүкіл әлемнің сүйікті әншісіне айналды. Әлем әншіні 2017 жылы қатысқан I am a singer байқуынан кейін тани бастады. Димаш Құдайбергеннің Instagram желісінде шет елдің адамдары тіркелгенін жазбаларындағы әртүрлі тілде жазылған пікірлерден аңғаруға болады. 


Димаш Құдайберген © instagram.com/kudaibergenov.dimash

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети