19 мая 2020 | 13:08

"2+2 ережесі қабылданды" - Эстониядағы қазақ елде коронавирустың тарауы қалай тоқтағанын айтты

Ботагөз Тыныбаева © instagram.com/sabo.travel

15 мамырда Эстонияның қоғамдық істер министрі Танел Кийк ел бойынша коронавирус инфекциясының тарауы тоқтағанын мәлімдеді. Министрдің айтуынша, қазір Эстония тек екінші толқынмен және инфекцияның ошақтары бойынша жұмыс істеп жатыр. Worldometers мәліметінше, қазір Эстонияда коронавирус жұқтырған 1784 адамның 938-і аурудан айығып шыққан. Жалпы 64 адам қайтыс болған. Tengrinews.kz тілшісі Эстонияда тұрып жатқан Ботагөз Тыныбаевамен сөйлесіп, елдегі қазіргі ахуал туралы сұрады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

15 мамырда Эстонияның қоғамдық істер министрі Танел Кийк ел бойынша коронавирус инфекциясының тарауы тоқтағанын мәлімдеді. Министрдің айтуынша, қазір Эстония тек екінші толқынмен және инфекцияның ошақтары бойынша жұмыс істеп жатыр. Worldometers мәліметінше, қазір Эстонияда коронавирус жұқтырған 1784 адамның 938-і аурудан айығып шыққан. Жалпы 64 адам қайтыс болған. Tengrinews.kz тілшісі Эстонияда тұрып жатқан Ботагөз Тыныбаевамен сөйлесіп, елдегі қазіргі ахуал туралы сұрады.

Коронавирус кезіндегі Эстония

Реклама
Реклама

Ботагөздің айтуынша, Эстония төтенше жағдай режимі 13 наурызда енгізілген. Ал 18 мамырда жергілікті билік ТЖ режимін алып тастаған. Коменданттық сағат та болмаған. Блокбекеттер де болмаған. Эстониядағы көптеген компания COVID-19 жұқтырған алғашқы науқастар анықталған сәттен бастап қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге жіберген. Ал пандемия кезінде жұмыссыз қалғандарға мемлекет тарапынан әлеуметтік төлем берілген.

"Коронавирусқа байланысты жұмыссыз қалғандарға мемлекет ай сайын 300 еуро (135 мың теңгедей) төлейді. Адамдарға көмек еңбек биржасынан берілді. Мектептерде бұған дейін оқушыларға ыстық тамақ берілетін. Енді мектептер онлайн оқуға көшкендіктен мемлекет ыстық тамақтың орнына азық-түлік жеткізу туралы шешім қабылдаған. Бірақ оны тек жағдайы нашар отбасыларға емес, жалпы үйінде мектеп жасындағы балалары барлардың бәріне жеткізді. Ал жағдайы нашар отбасыларға жалпы салмағы 20 келі болатын азық-түлік пен қосымша заттар берді", - дейді Ботагөз.

Мектеп оқушыларына берілген азық-түлік пакеті

Эстониялық биліктен бөлек кейбір компаниялар өздерінің қызметкерлеріне қашықтан жұмыс істеуге көшкен кезінде ыңғайсыздық тумауы үшін, қажет тауарларды алуы үшін арнайы ақша бөлген екен. Мәселен, орындық, үстел, электроника - яғни, үйде жұмыс істеуде қажет заттар. Оны компания атынан алып, артынша сол сомманы өндіру үшін чекті сақтап қою керек.

Одан бөлек, Эстонияда коронавирус пандемиясы кезінде барлық қызмет онлайн көрсетілген.

"Бұл жерде ІТ-технологиялар өте жақсы дамыған. Қағазбастылық жоқ. Мәселен, мен 16 наурызда Еңбек биржасына кеңес алуға жазылған болатынмын. Артынша маған электрон поштаға келудің қажеті жоқ екені, менімен онлайн байланысатындарын хабарлады", - дейді кейіпкеріміз.

Коронавирус пандемиясы кезінде кинотеатрлар бірден жабылған. Әлі де жабық екен. Қашан ашылатыны әзірге белгісіз.

"Сауда орталықтары жабылмады. Бірақ пандемия кезінде ол жерде тек қажет дүкендер, яғни, дәріханалар мен супермаркеттер. Одан бөлек, тек сырттан кіретін тамақтану орындары да ашық болды. Егер ол сауда орталықтарындағы фуд-корттар болса, ол жерден тамақты тек жеткізу қызметі не өзің барып алып кету керексің. Сән салондары да төтенше жағдай кезінде жабылған жоқ. Өз басым карантин кезінде үйдің жанындағы салонға барып келдім", - дейді Ботагөз. 

ТЖ кезінде сән салондары ашық болғанымен олар бұрынғыдай жұмыс істемеген. Яғни, олар арнайы ереже бойынша жұмыс істеген.

"Бұрын салонда барлық бағыт бойынша мастерлер отырған болса, пандемия кезінде тек бір мастер отырады. Мысалы, мен дүйсенбі маникюрға жазылайын деп хабарласқанда мені сәрсенбіге жазды. Сөйтсем олар дүйсенбі тек шаштараздар, сейсенбі комсетологтар, сәрсенбі тек маникюр мастерлері жұмысқа шыққан. Ол күні басқа процедура, басқа мастерлер сән салонында жүрмейді", - дейді кейіпкеріміз.

Эстониядағы кафелер © instagram.com/sabo.travel

Эстониядағы қоғамдық көліктер де жұмысын тоқтатпаған. Алайда бұл бойынша да арнайы ережелер қабылданған.

"Адамдар автобустан тек орта және артқы есіктен шығады. Жүргізушіге дейін 2 метр жер лентамен қоршалған. Негізі Таллинде қоғамдық көлік тегін. Ал пандемия кезінде елде қалып қойған шетелдіктерге де автобуста қатынау тегін болды", - дейді Ботагөз. 

2+2 ережесі

Ботагөздің сөзінше, коронавирус пандемиясы кезінде Эстонияның көшелерінде жүретін адам саны көп болмаған.

"Әрине, адамдар қыдыруға, азық-түлік алуға шығып тұрды. Бірақ 1-2 адамнан көп жиналмады. Жалпы қала бойынша да екі адамнан жинауға болмайтын. Егер ол ережеге бағынбаса бірінші рет ескерту, екінші рет 200 еуро (90 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды. Эстонияда 2+2 деген ереже қалыптасты. Яғни, екі адамның арақашықтығы екі метр болуы керек", - дейді кейіпкеріміз.

Коронавирус пандемиясы тарауы тоқтағаннан кейінгі Эстония

Эстонияда коронавирус инфекциясының тарауы бәсеңдегенімен жергілікті қызметкеркерлердің кеңсеге шығатыны әлі белгісіз екен. 11 мамырдан бастап ойын-сауық орталықтары ашылған. Бірақ ол жерде де 2+2 ережесі қолданылады екен.

"Ал 14 мамырдан бастап Финляндия мен Швецияға бағытталған жолаушылар рейсі қайта қосылды. Бірақ оны тек жұмыс бойынша не арнайы себеп бойынша қолдану керек. Сондай-ақ Данияға бағытталған рейстерді ашу жоспарда бар. 18 мамырдан бастап орталық кітапхананың бөлімшелері мен ашық аспан астындағы музейлер ашылды. 19 мамырдан бастап зоопарктар ашылады. Бірақ оған кіруге тек 1 маусымнан бастап рұқсат беріледі", - дейді Ботагөз.


Ботагөз Тыныбаева © instagram.com/sabo.travel

Елдегі коронавирус пандемиясы бәсеңдегеннен кейін қоғамдық тамақтану орындары да ашылған.

"Бірақ іштегі орындардың саны екі есе азайған. Тамақтану орындарында да 2+2 ережесі жүреді. Бір үстелде екі адамнан артық отырмауы керек. Жалпы тамақтану орындары таңертең және кешке дезинфекцияланады. Ал адамдар отыратын жерлер әр 15 минут сайын тазаланады. Ал кейбір кафелерде іштегі орындар саны үш есе азайған. Қызметкерлер де арақашықтықты сақтайды. Күн сайын олар тексеруден өтеді. Мысалы, жұмысшының дене қызуы 37,3 градустан жоғары болса, ол сол күні жұмыс істемейді", - дейді кейіпкеріміз.

Мектеп оқушылары оқу жылы аяқталғанға дейін әлі де онлайн оқиды. 9 сынып оқушылары мемлекеттік емтиханнан босатылған.

Ботагөз жалпы Эстония коронавирусты толығымен жеңде деп есептемейтінін айтты.

"Халық Эстония COVID-19-ды жеңгені туралы хабарды қалай қабылдағанын нақты айта алмаймын. Себебі мемлекет коронавирусты толығымен жеңді деп айта алмаймын. Бірақ Эстония Еуроодақта коронавирус туралы хабарға жедел әрекет еткен елдердің бірі. Сондықтан науқастардың саны қатты өскен жоқ. Адамдардың өзі де бұл жайтқа бей-жай қараған жоқ. Негізі жергілікті халық арақашықтықты бұған дейін де сақтап келген. Мысалы, кезекте тұрсаңыз ешкім сіздің ту сыртыңыздан қарап тұрмайды", - дейді Ботагөз.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная