15 июня 2018 | 19:53

Аяғынан айырылған футболшы жігіттің әңгімесі жұртты жылатты

Бүгін 7 арнада "Өз ойым" бағдарламасында "Рухы мықтылар" тақырыбы қозғалды. Бағдарламаға Бахтияр Мұхаметқали есімді 18 жастағы жігіт келді. Ол кішкентай кезінен ешқашан ауырмаған, бірақ 2016 жылы тамыз айынан бастап аяғы қатты ауыра бастайды. Футболды қатты жақсы көретін жігітке дәрігер аяғында ісік бар екенін айтқан. Осыдан кейін инфекция қатты тарап кетіп, дәрігерлер 4 рет ота жасаған. Амал не, дәрігерлер оған екі апта ғана өмірің қалғанын айтқан.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Рухы мықты жігіт онымен тоқтап қалмай Германиядағы дәрігерлерге қаралған олар өмір сүргісі келсе тек аяғын кесу керек екенін айтқан. 18 жастағы Бахтияр ешкімнен көмек, ақыл сұрамай өз келісімімді бердім дейді.

Реклама
Реклама

Бір аяғынан айырылған Бахтияр маған ұлым Дінмұхамед мотивация береді дейді.

Бахтияр 18 жасқа дейін біраз белестерді бағындырған Астана қаласында өткен колледжер арасындағы футбол  жарысынан 3 дүркін чемпионы. Жастар арасында өтетін баскетбол лигасының 2 дүркін чемпионы. Қазақстан чемпионатының мини-футболдан күміс жүлдегері.

Қазіргі таңда Астана футбол командасында жұмыс атқарады.

Бір аяғым жоқ деп жата алмайды екенмін деген жігіт келесі аптада Алматы қаласына барып протез аяқ салатын да айта кетті.

Одан бөлек бағдарламаға Skype арқылы байланысқа Алматы қаласының тұрғыны Жанар Сағидоллақызы хабарласты. 3 баланың 36 жастағы анасы 2009 жылы жол апатынан соң бір аяғы жамбастан, бір аяғы тізесінен жоғары кесіп тастаған. Қазіргі таңда ол мемлекет тарапынан тегін қоларбаға қолы жете алмай отырғанын айтып, ренішін білдірді.

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.

Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная