Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 апреля 2020 09:21

"Қорқыныш бар" - Қытайдағы қазақстандық жігіт коронавирусқа байланысты бар жағдайды айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джахангир Мамажанов © Жеке архивінен Джахангир Мамажанов © Жеке архивінен

Дүниежүзі бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 2,5 миллионға жуықтады. Алғаш COVID-19 анықталған ел Қытайда вирусты жұқтырған 82 мыңнан аса адамның 77 мыңы жазылып шыққан. Джахангир Мамажановтың Гуанчжоу қаласында тұрып жатқанына бес жылдай болған. Оның айтуынша, жалпы қытайлықтарда аса дүрбелең жоқ. Tengrinews.kz тілшісі Қытайда тұрып жатқан қазақстандықпен сөйлесті.


Дүниежүзі бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 2,5 миллионға жуықтады. Алғаш COVID-19 анықталған ел Қытайда вирусты жұқтырған 82 мыңнан аса адамның 77 мыңы жазылып шыққан. Джахангир Мамажановтың Гуанчжоу қаласында тұрып жатқанына бес жылдай болған. Оның айтуынша, жалпы қытайлықтарда аса дүрбелең жоқ. Tengrinews.kz тілшісі Қытайда тұрып жатқан қазақстандықпен сөйлесті.

"Адамдар тек көңілді жүруге тырысады"

Джахангир Мамажанов Павлодарда туған. Бүгінде ол Қытайдың Гуанчжоу қаласында тұрып жатыр. Ол 2014 жылы аспанасты еліне оқуға байланысты көшіп, артынша сол елде қалып қойған.

"Қытайға оқу барысы бойынша көштім. Кейіннен осы елді ұнатып, мәдениеті, салт-дәстүрін ұнатып қалып қойдым. Мен Most Consult компаниясында аудармашы болып жұмыс істеймін. Сонымен қатар, тауар сапасының инспекциясымен айналысамын. Жалпы Қытайда тұрып жатқаныма бес жыл болды", - дейді Джахангир.

Джахангирдің айтуынша, жалпы елде коронавирусқа байланысты үрей жоқ. Адамдар тек көңілді жүруге тырысады екен.

"Ешкім жаман нәрсе ойламайды, керісінше мұның бәрі уақытша екеніне сенеді. Жергілікті халық, керісінше, бұрынғысынша өмір сүріп жатыр. Тек медициналық масканы тағу міндеттелді. Барлық жұмыс орны, Most Consult компаниясы да, зауыттар мен мемлекеттік мекемелер бұрынғы режим бойынша жұмысқа кірісті. Оқушылар мектепке, жоғары оқу орнының студенттері де университетке орала бастады", - дейді Гуанчжоу тұрғыны.

Дегенмен, коронавирусқа байланысты жағдайды жергілікті билік әлі де бақылауда ұстап отыр екен.

"Жергілікті билік коронавирусқа қатысты жағдайда бақылап отыр. Барлық жерде: метроға, кез келген қоғамдық көлікке, тіпті тұрғын үйге кірерде дене қызуын тексереді. Қазақстанға оралу әзірше ойда жоқ. ҚХР билігі жағдайды бақылауда ұстап отыр. Бұл жерде тек қытайлықтардың емес, сонымен қатар, шетелдіктердің де денсаулығын мониторинг жасайды. Біздің денсаулығымыз қалай екенін сұрап, вирустан қорғанудың жолдарын түсіндіріп, тегін маска береді", - дейді кейіпкеріміз.

"Басты шарт - маска тағып жүру"

Одан бөлек, қоғамдық орындардың да жұмысы тоқтап тұрған көрінеді.

"Кинотеатрлар әзірше қазіргі жағдайда баруға ұсынылмайтын жер болғандықтан жабық. Ойын-сауық орталықтары бұрынғы режим бойынша жұмыс істей бастады. Бірақ ол жерге бұрынғыдай адам көп жүрмейді. Себебі тұрғындар адамдар көп жиналған жерге баруға тырыспайды", - дейді Джахангир.  

Кейіпкеріміздің айтуынша, вирус енді анықтала бастаған кезде көптеген адам қашықтан жұмыс істеуге көшкен екен.

"Көптеген жұмысшы вирус тараған уақытта үйінен жұмыс істеуге көше бастады. Артынша қашықтан жұмыс істей алатындар да үйде отыруы керек деді. Бірақ қызметі мемлекет үшін маңызды қызметкерлер жұмысқа шықты. Ең алдымен зауыт жұмысшылары оралды", - дейді Джахангир.

Қытайда өзге елдердегідей маска тапшылығы жоқ екен.

"Басты шарт - маска тағып жүру. Көп адам өзімен антисептик алып жүреді. Адамдар арақашықтықты сақтап жүруге тырысады. Үйге келе салысымен міндетті түрде сырт киімді шешіп, бөлек бөлмеге ілінуі керек. Содан кейін қол жуады. Қытайда маска тапшылығы жоқ. Қазір бұл жерде масканы тіпті супермаркетте сатып алуға болады", - дейді кейіпкеріміз.

Джахангир Мамажанов © Жеке архивінен

"Азық-түлік тапшылығы жоқ"

Көптеген елде тұрғындар сағаттап кезекке тұрып, азық-түлік алып жатады. Әлеуметтік желіде кей елдерде азық-түлік жетіспей, сөрелер қаңырап қалған видеолар тарап кетті. Джахангирдің айтуынша, Қытайда азық-түлік жағынан мәселе жоқ.

"Жалпы Қытайда азық-түлік жағынан мәселе жоқ. Тауарлар қаңтарда да тапшы болмаған. Тек вирустың тарауы Қытайдың Жаңа жылына сәйкес келіп қалғандықтан сөрелер босап қалған болуы керек. Бірақ оның коронавирусқа еш қатысы жоқ", - дейді Джахангир.

Кейіпкеріміз коронавирусқа байланысты қорқыныш барын жасырмады.

"Қорқыныш, әрине, бар. Бірақ өмір мұнымен бітіп қалмайды ғой. Ол туралы ойламауға тырысамыз. Керісінше, жақын арада мұның бәрі бітіп, адамдар қалыпты, бұрынғыдай өмір сүре бастайтынына сенеміз", - дейді ол.

"Биліктің әрекеті таңғаларлық!". Лондонда тұрып жатқан қазақстандық елдегі жағдай туралы

Джахангир Мамажанов коронавирусқа байланысты Қазақстанның қабылдап жатқан шаралары дұрыс екенін айтты.

"Бізде Қазақстанда қабылданып жатқан шаралардың нәтижесі бар деп есептеймін. Қытайдың тәжірибесіне сүйеніп, карантин секілді шаралар қазіргі уақытта өте қажет. Себебі ол вирустың тарауын аз да болсын тоқтатады. Қытайда бола тұра Қазақстандағы жағдайды бақылап отырамыз. Әрине жақындарымыз үшін алаңдаймыз. Біздің отандастарымызға карантин режимін сақтап, үйден шықпауға шақырамыз. Себебі бұл вирус әрбір адамның денсаулығына зиян", - деді Джахангир.  

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети