1. Главная
  2. Узнай
  3. Жизнь
  4. Фрагменты

Бүгінгі Абай, Шәмші, Ахметтер. Ұлылардың суретін жаңғыртқан кім? 29 марта 2021, 13:55

Ернар Бексұлтан Талдықорған қаласының тумасы, жасы 26-да. Бүгінде ол сурет өнерімен айналысады. Әлеуметтік желіде бөлісетін өнері де ерекше:
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Tengrinews.kz коллажы Tengrinews.kz коллажы

Ернар Бексұлтан Талдықорған қаласының тумасы, жасы 26-да. Бүгінде ол сурет өнерімен айналысады. Әлеуметтік желіде бөлісетін өнері де ерекше: тарихта есімі қалғандар мен танымал қазақстандықтардың ескі суреттерін заманауи форматқа сай жаңғыртып жүр. Жас суретшіге мұндай ерекше идея қалай келді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.  

Ернар сурет әлемімен бала күнінен таныс. 

"Бастапқыда мектепте оқып жүрген кезімде 3-7-сынып аралығында көркемсурет мектебін бітіргенмін. Одан соң, оқу бітіргеннен кейін Алматыда Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясына түстім. Академияны сәулет мамандығы бойынша бітірдім. Сол сала бойынша жұмысқа орналасқаныммен көп істемедім. Сосын сурет өнерін қайта қолға алдым", - дейді ол. 


Ляззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова. Фото: instagram.com/godart01

Ернар тарихи тұлғалардың суреттегенге дейін фантастика жанрында суреттер көп салатын. Әлеуметтік желідегі парақшасын екі жылдан бері жүргізіп келе жатыр. 

"Бастапқыда саясатқа қатысты суреттер, сосын фантастикалық мағынасы бар суреттер салдым. Олардан жалыға бастағаннан кейін, ұлы тұлғаларды ерекшелендіріп заманауи етіп салайын деген идея келді. Бұл бағытты қолға алғаныма бір ай болған шығар", - дейді Ернар. 

Қажымұқан Мұңайтпасов. Фото: instagram.com/godart01

Ернар неліктен осы бағытты қолға алғанын түсіндірді.   

"Ұлы тұлғаларды сала бастауымдағы мақсат - бәріне белгілі, тарихта қалған адамдардың суреттері ескірген не ары кетсе бір-екі суреттен ғана сақталған. Кейбірінің суреті жалған, әртістердің суреті тарап кеткен. Мен де кей тұлғалардың суретінде әртістерді пайдаландым. 

Мысалы Абай мен Шоқан Уәлихановтың суретінде әртістерді қолдандым. Себебі ол актерлер маған ұнайды. Екінші жағынан көбі Абай Құнанбаевты сыйлайды, құрмет тұтады. Негізгі идея - ұлы, тарихи тұлғалардың, танымал қазақстандықтардың ескі суреттерін жаңартып, жаңғырту болды", - дейді ол. 

Әлия Молдағұлова. Фото: instagram.com/godart01

Ал кейіпкерлерді Ернардың оқырмандары ұсынады.

"Бәрі кезекпен салынып отырады. Суреттерді планшетпен саламын. Бір суретті салуға орта есеппен 4-5 сағат уақыт кетеді", - дейді суретші. 

Мұқағали Мақатаев. Фото: instagram.com/godart01

Әлеуметтік желіде суретшінің шығармашылығын ұнатып та, даттап та жататын қолданушылар бар.

Оқырмандар: "Көп рақмет сізге! Керемет туындылар!", "Мықты", "Қазақ деп соққан жүрек, саған мың да бір алғыс, өнерің өсе берсін", - десе, енді бірі "Ұлы тұлғаларды бұлай суреттеу мазақ екенін" айтқан. 

Суретші екі жақтың ойымен де келісетінін айтады. 

"Себебі кез келген адамның өз ойы бар. Жұмыстарымды түсінбей жатқан адамдарға ұлы тұлғаларды мұндай кейіпте көру үйреншікті нәрсе емес. Бірақ мен мұны мазақ деп санамаймын. Қазіргі заманда да аталарымыз костюм киіп, көзілдірік тағып жүреді. Ұлы адамдар да солай жүрсе, онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын", - дейді Ернар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram