Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
06 августа 2021 16:47

"Чемпиондар үшін!". Ақмолалық спортшы ауыл балаларына бокс залын салуға көмек сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры. YouTube/Dauletten Видео кадры. YouTube/Dauletten

Мирас Масабаев - бокспен айналысқан тәжірибелі жаттықтырушы, спорт шебері. Ақмола облысы, Талапкер ауылының тұрғыны балаларға бокс залын ашып, оларды жаттықтырумен айналысуды қолға алмақ. Бірақ бокс залын салуға арналған жер болғанымен, оны салуға қаражат жоқ. Балаларға арналған спорттық нысанды салуға 20 миллиондай қажет болуы мүмкін екен. 


Мирас Масабаев - бокспен айналысқан тәжірибелі жаттықтырушы, спорт шебері. Ақмола облысы, Талапкер ауылының тұрғыны балаларға бокс залын ашып, оларды жаттықтырумен айналысуды қолға алмақ. Бірақ бокс залын салуға арналған жер болғанымен, оны салуға қаражат жоқ. Балаларға арналған спорттық нысанды салуға 20 миллиондай қажет болуы мүмкін екен. 

Мирастың бұл бастамасын алғаш болып қолдаған - баспана тақырыбында жазатын танымал блогер Дәулет Төлеутайұлы. Ол 1,5 миллион оқырманы бар парақшасында бокс залын салуға қаражат жинап беруге шақырған.

Блогердің сөзінше, Мирас Масабаев ауыл балаларына арнап спорт залын ашуды бұрыннан бері ойлап жүрген екен.

"Мирастың өзі Талапкер ауылында тұрады. Ауыл балаларына арнап спорт залын ашуды бұрыннан бері ойлап жүрген екен. Жері бар, бірақ ақша жоқ. Қанша меценат, кәсіпкерге барғанымен, олар ақша қалай қайтатынын сұраған екен. Мирас балаларды тегін дайындайды. Жалпы Мираспен қалада кездейсоқ жолығып қалдық. Ол маған өзінің ынтасын, идеясын айтып, жоспарын бөлісті. Мен бірден қолдадым. Мирас менен тікелей көмек сұраған жоқ. Тек сөзден сөз шығып, әңгімелесіп отырып білгенім", - дейді блогер. 

Блогер спортшының бұл бастамасы туралы 5 тамызда Instagram-парақшасында хабарлаған. Содан бері халықтан 1 миллионнан аса қаржы жиналыпты. Ал блогер өз қалтасынан тағы бір миллион теңге аударған. 

"Әзірге халықтан көп қаржы түсе қойған жоқ. Өз басым көмек ретінде 1 миллион теңге бердім. Қателеспесем бүгін жиналған ақша 1 миллионнан асты. Сонымен әзірге 2 миллионнан аса қаржы бар. Бірақ бокс залын салу үшін кемінде 20 миллиондай қажет шығар деп есептеп отырмыз. Себебі ішкі жұмысы, жиһазы бар, балаларға жуынатын бөлме қажет. Бастысы құрылыс салатын жер бар, ниет бар. Ақырындап бастай береміз", - дейді Дәулет Төлеутайұлы.

Дәулет Төлеутайұлының сөзінше, бокс залының құрылысын биыл бастау жоспарланып отыр.  

"Ақша жинауға менің емес, Мирас мырзаның реквизиттерін қойдық. Әкімдік тарапынан ешқандай көмек жоқ. Құрылысты биыл бастай береміз. Келесі жылы бокс залын ашу жоспарда бар. Сондықтан көмек көрсетіп, асарлатқысы келетін қайырымды жандар Мирас мырзаның шотына ақша салса екен дейміз", - дейді блогер.


Мирас Масабаевтың шоты видеода

Бокс залының эскиз жоспары: 

Блогер егер бокс залы салынатын болса кем дегенде 100 балаға дайындалуға мүмкіндік ашылатынын атап өтті.  

"Мен ауылдағы балаларды өзім көріп қайттым. Бәрі 11, 12, 13 жас шамасындағы балалар. Әрқайсының дарыны, спортқа деген қабілеті бар. Бокс залын салып, жаттықтыруды бастасақ балалар алдағы Олимпиада ойындарына дайындала алады. Осы балаларды дайындасақ чемпион шығару мүмкіндігі бар", - деді блогер. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети