Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
16 ноября 2021 16:48

Елордалық студент шетелдік әндерді қазақшалап, TikTok-та танымал болды

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tiktok.com/@dos_nigg © tiktok.com/@dos_nigg

TikTok-та елордалық 20 жастағы Досымхан Норматтың ресейлік әнші Feduk-тің "Хлопья летят наверх" әнін қазақшалап орындаған видеосы көпшілікті тәнті етті. Жүктелген видео бір күнде 130 мыңға жуық қаралып үлгерген. Tengrinews.kz тілшісі жас орындаушымен сұхбаттасты. 


TikTok-та елордалық 20 жастағы Досымхан Норматтың ресейлік әнші Feduk-тің "Хлопья летят наверх" әнін қазақшалап орындаған видеосы көпшілікті тәнті етті. Жүктелген видео бір күнде 130 мыңға жуық қаралып үлгерген. Tengrinews.kz тілшісі жас орындаушымен сұхбаттасты. 

Досымхан астанадағы колледждердің бірінде туризм мамандығында білім алады. Бүгінде ол 4-курста оқиды. Өзі музыкалық дүкенде жұмыс істегеніне бір жылдай болыпты. Ал музыкамен айналысып жүргеніне - 3-4 жыл.

@dos_nigg Заслуживает рек? #хочуврек #врек #переводнаказахский ♬ оригинальный звук - Dossymkhan Normat

"Бала кезде әншілікке айтарлықтай талпыныс болған жоқ. Туыстар жиналғанда ғана ән айтатынмын. 15-16 жасымда қызығушылығым оянды, музыкалық аспапатарда ойнай бастадым. Қазір негізгі үш аспапта: укулеле, пианино мен гитарада ойнай аламын. Домбыраны да аздап білемін", - дейді жігіт. 

@dos_nigg А как вам такой формат?) #врек #хочуврек #сильнохочуврек #давнонебылвреках #рекомендации ♬ оригинальный звук - Dossymkhan Normat

Досымханның айтуынша, нағашыларының арасында нота білетін, өлең жаза алатын өнерлі адамдар бар. 

@dos_nigg Как вам переход?🗿 #рек #brunomars #дуэт #рекомендации #talkingtothemoonchallenge #vocal #казахподкумысом #недавновтикток ♬ оригинальный звук - Dossymkhan Normat

Ол TikTok-тағы парақшасын осыдан бірнеше ай бұрын шығармашылығын көрсету үшін ашқанын айтты. Онда түрлі кавер, өзі жазған әндерді орындайды. Жас әнші қазіргі уақытта альбом шығарғысы келіп жүргенін де бөлісті. 

"Негізі әндерім көп, бірақ толық нұсқасымен шыққан жоқ. Көбі кавер, Instagram, TikTok-қа арналған. Қазіргі мақсат - үлкен альбом жазу. Әндерім заманауи, жастарға арналған, Darkhan Juzz, Dudeontheguitar сынды әншілердің стилистикасына ұқсайды", - дейді ол.

Досымхан Нормат алдағы уақытта өзін лейблдарға ұсыну жоспарда бар екенін де жасырмады.  

@dos_nigg Кавер чтобы не скучали😌❤️ #хочурек #врек ♬ оригинальный звук - Dossymkhan Normat
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети