ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
25 августа 2020 | 15:24

"Қалыпты өмірге оралғанға не жетсін?" Карантин қазақстандықтардың өміріне қалай әсер етті?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

15 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай жариялады. Бүгінге дейін бірқатар мекеме қызметкері қашықтан жұмыс істеп жатыр. Карантин режиміне байланысты жұмыстан шығып, табысынан айырылып қалғандар да жоқ емес. Карантин режимі әртүрлі жастағы азаматтардың өміріне қалай әсер етті? Tengrinews.kz тілшісі 15 жастан 65 жасқа дейінгі қазақстандықтармен сөйлесті. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

15 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай жариялады. Бүгінге дейін бірқатар мекеме қызметкері қашықтан жұмыс істеп жатыр. Карантин режиміне байланысты жұмыстан шығып, табысынан айырылып қалғандар да жоқ емес. Карантин режимі әртүрлі жастағы азаматтардың өміріне қалай әсер етті? Tengrinews.kz тілшісі 15 жастан 65 жасқа дейінгі қазақстандықтармен сөйлесті. 

Ұлпан Нұрмұханбетова, 15 жаста

Ұлпан - мектеп оқушысы, биыл 10-сыныпқа көшкен. Үйден оқу деген мәселемен алғаш кезігіп тұрғандықтан, "бастапқыда қашықтан оқуға үйренісе алмадым" дейді ол.

"Төртінші тоқсанда бәріміз үйден оқыдық. Басында қиын болды. Себебі бұған дейін үйден оқу дегенді естімедік. Алғаш рет. Біздің үйде интернет қосылған. Бірақ үйден оқитынын естіп, ауылдарына кетіп қалған балалар қаншама, оларға оқуға қажет арнайы платформаларды қолдану қиынырақ болды. Ағылшын тілінен қосымша сабаққа баратынмын. Енді оны да үйден, арнайы бағдарламалар арқылы апайыммен өтемін.

Үйден оқудан түсінгенім - мұғалімнің сыныпта бетпе бет отырып түсіндіргеніне жетпейді екен. Сыныпта оқудың жөні бөлек. Әрине, қазіргі жағдайға да үйреніп келе жатырмыз. Жаңа оқу жылына дайынбыз. Бірақ достарыңды, олармен асыр салып ойнағаныңды, құрбыларыңмен сыр шертіскен кездеріңді сағынады екенсің", - дейді ол.

Нигара Мамедова, 23 жаста

Нигара Мамедова - жас педагог. Бүгінде ол химия пәнінің мұғалімі. Әдетте жаздың самал кештерінде Алматының көрікті жерлерінде серуендейтін ол биыл ол әдетінен тайған.

"Себебі, қанша дегенмен сақтық шарасы маңызды. Карантин әлсірегенімен ауру әлі кеткен жоқ. Сондықтан адам көп жүретін жерлерде жиналуға тырыспаймыз. Пандемияға дейін достарымызбен жиі жиналып тұратынбыз. Кешке Алматының көрікті жерлерін аралап, серуендеп қайтатынбыз", - дейді Нигара.

Нигараның айтуынша, ол биылғы туған күнін де ерекше атап өткен.

"Жалпы атап өттім деп айта алмаймын. Негізі туған күнім 7 шілде. Жылда достарымның басын қосып, караокеде, мейрамханада көңіл көтеріп қайтатынбыз. Биыл біраз досым жұмыста да қашықтан істегендіктен, көбі үйлеріне, басқа қалаларға, ауыл-аймаққа кетіп қалды. Үш-төрт құрбыммен ғана бас қостық. Одан бөлек, айтып өткенімдей, сақтық шарасы бірінші орында тұруы керек. Достарымызбен кейінірек бас қосармыз деп шештік. Карантин кезінде сәйкесінше уақыт көп болды. Оны құры кетірмей, мамандығыма қатысты қосымша тренинг, семинарларға қатысып, білімімді одан әрі жетілдірдім десем болады. Карантин режиміндегі әр уақытымды тиімді пайдалануға тырыстым", - дейді ол.

Жансая Мақсатқызы, 25 жаста

Жансая - жас ана. Ол карантин кезінде қазақстандықтар жалпы үйде көп отыра алмайтын халық екенін түсінген.

"Қазақстандықтар әбден еркіндікке үйреніп қалған. Үйде отыра алмайды. Одан бөлек, біздің үйде ұсақ-түйекке бола ұрсысу көбейіп кетті. Шыны керек, бір-бірімізге шыдамайтын кездер болды. Қайным бойдақ, үйде көп отырғысы келмейді. Анам "үйде отыр, көшеге шықпа, айыппұл салады" деп ескертіп отырды. Сондай жағдайлар орын алып тұрды. Тағы бір түсінгенім - біз заңға бағынбайтын ел екенбіз. Себебі "қонақ шақырмаңыздар, адам көп жиналмасын" деп ескертсе де, қаншама рет қонақ шақырып, бесік той жасап, бас қосулар жасадық.

Негізі карантиннің артықшылығы көп болған секілді. Себебі бұған дейін жолдасым үнемі жұмыстан қолы тимейтін. Осы жолы бірге уақыт өткізіп, кино көріп, Көлсай, Қайыңды көлі деген секілді еліміздің көрікті жерлерін аралап қайттық. Енем екеуіміз де біраздан бері қолға ала алмай жүрген ісімізді тындырып алдық", - дейді Шынар.

Раушан Қонаева, 43 жаста

Раушан Қонаева жоғары оқу орнында оқытушы. Оның айтуынша, карантинге байланысты онлайн жұмыс істеуге қарағанда қалыпты, оффлайн түрде жұмыс істеген әлдеқайда дұрыс. Себебі үйде көп отырған адам жалқаулана бастауы мүмкін. 

"Жалпы төтенше жағдай мен карантин жарияланған кезде бұрынғы өмір сүру режимімізді өзгерттік, жаңа жағдай біраз қолайсыз болды. Негізі оффлайн жұмыс істеу адамды ынталандырады, организм үшін де пайдасы орасан. Карантин кезінде үйде отырғандықтан балаларға көбірек көңіл бөлуге уақыт табылады дейді, әрине, ол жағы рас шығар. Бірақ, менің ойымша, дәстүрлі түрде, қалыпты өмір сүргенге жетпейді. Үйде көп отыру, біріншіден, организмге зиян, екіншіден, жұмыс істеу режимің бұзылады. Уақыт өте келе адамдардың жұмыс істеу қабілеті төмендеп, еріншектік қасиеттері пайда болуы мүмкін. Әрине, әр адам әртүрлі ғой. Мұндай режим біреуіне ұнаса, енді біріне ұнамауы мүмкін. 

Карантин режимі біздің елімізде ғана емес, сондай-ақ барлық елде енгізіліп жатқандықтан, әр адам жоспармен жұмыс істеуі керек деп есептеймін. Балаларға да, кітап оқуға да, үй шаруасына да уақыт бөлу керек. Себебі оффлайн, дәстүрлі түрде оқып жүрген кезде қолымызға газет-журнал, кітап алуға уақыт жетпей жататын. Енді қазіргі уақытта ізденіс жасап, қосымша әдебиеттер оқуға уақыт жеткілікті. Карантиннің жақсы жағы да, жаман тұсы да бар. Таяқтың екі ұшы бар дейді ғой, елу де елу болып тұрған секілді. Сондықтан қалыпты өмірге оралғанға не жетсін?", - дейді Райхан Қонаева. 

© Tengrinews.kz

Азайған жалақы, жасырын той, фриланс. Пандемия қазақстандықтардың өмірін қалай өзгертті?

Азамат Қасым, 52 жаста

Азамат Қасым азық-түлік сатумен айналысады, өзінің дүкені бар. Айтуынша, биыл сауда жылдағыдан қызу жүрген. 

"Жылда сауда биылғыдай қызу жүрмейтін. Ол, әрине, біз үшін жақсы ғой. Әсіресе карантиннің алғашқы кездері адамдар азық-түлікті көптеп сатып алғанда тіпті үлгере алмай кеткен кездер болды. Карантин кезінде елдер көбіне үйде отырса, біз керісінше күні-түні жұмыста болдық. Басқа кәсіп иелері айтарлықтай зардап шеккені сөзсіз, бірақ өз басымыз қатты қиналған жоқпыз. Пайдасы болмаса, зияны тиген жоқ", - дейді кәсіпкер.  

Кәсіпкер енді шағын дүкенін үлкейтсем деген ойда екенін айтты.

Марат Баешев, 65 жаста

Марат Баешев - зейнеткер. Бұған дейін түрлі қызмет атқарған. Соңғы 5 жылда мектеп күзетшісі болған. Әзілдеп "түнгі директор болғанмын" дейді. Зейнеткер үш ұлынан 12 немере сүйген.

"Бұған дейінгі өмірім де карантин деп аталған сияқты. Еш өзгеріс болған жоқ. Күнделікті тірлік, бау-бақша деген секілді. Бала-шағамның, немерелерімнің қасында. Айтпақшы, карантиннің бір пайдасы - бұған дейін немерелерімді телефонның ар жағынан ғана көрсем, биыл олар жаз бойы менің қасымда болды. Балаларым да үйден жұмыс істеп жатты. Үйдің іші у-шу. "Балалы үй базар" дейді ғой. Сонысымен қызық болды. Бұған дейін уақыт өткізе алмай, көршілеріммен сөйлесіп қайтатынмын. Карантин кезінде немерелерім үйде жүргендіктен жаздың қалай өтіп кеткенін түсінбей де қалдым", - дейді зейнеткер.

Еске салайық, Қазақстанда 17 тамыздан бастап карантин режимі жеңілдетіле бастады. 25 тамыздағы мәлімет бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 104 мыңнан асты.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer