Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 ноября 2023 14:15

Қазақ қызы әлемге танымал америкалық фильмге түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Диана Рүстемованың жеке архивінен  Фото: Диана Рүстемованың жеке архивінен 

Желіде әлемге танымал "Голодные игры: Баллада о змеях и певчих птицах" фильміне түскен астаналық арудың видеосы тарады. Massaget.kz тілшісі америкалық туындыға түскен қызбен кастинг, түсірілім алаңындағы қызықтар мен өзін үлкен экраннан көрген кездегі әсері туралы сұхбаттасты.


Желіде әлемге танымал "Голодные игры: Баллада о змеях и певчих птицах" фильміне түскен астаналық арудың видеосы тарады. Massaget.kz тілшісі америкалық туындыға түскен қызбен кастинг, түсірілім алаңындағы қызықтар мен өзін үлкен экраннан көрген кездегі әсері туралы сұхбаттасты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Қазақстандық Диана Рүстемова бұдан 3 жыл бұрын Берлинге көшкен. Ол қазір Германияда режиссура факультетінде оқиды. Осы семестрден кейін оқуын аяқтайды деп үміттенеді. Оның айтуынша, бұл елде фильмдерге массовка ретінде түсу үшін түрлі сайттар бар.

"Германияда қосымша жұмыс ретінде массовка болып жазылатын платформа көп. Сол жерге сурет жүктеу керек, сонда кез келген уақытта түрлі фильмге шақыра алады. Түсірілім көбіне 10-12 сағат аралығында өтеді, ал сағатына 10 еуро төленеді (5020 теңге - еск.). Жалпы фильмдерге массовка ретінде кез келген адам қатыса алады. Массовкаға кастинг керек емес, тек суреттерге қарап таңдалады", - дейді Диана.

Фото: жеке архив

Қазақстандық арудың айтуынша, массовкада одан басқа 300 адам болған. Фильм жарыққа шықпайынша түсірілім алаңындағы суреттер мен видеоларды желіге жүктеуге рұқсат етілмеген.

"Менімен бірге массовкада 300 "капитолий студенті" болды, көбі 2000-2004 жылғылар. Процесс өте керемет өтті, бірақ түсірілім таңғы 06:00-ден басталып, кешкі 22:00-ге дейін жалғасты, жұмыстан кейін қатты шаршайтын едік. Бірақ нағыз америкалық түсірілім алаңында жүргенде шаршағаныңды бірден ұмытасың. Түсірілім 2 аптаға созылды, күніне 10-12 сағаттан жұмыс істедік", - дейді Диана.

Диананың айтуынша, ол қазақстандық киноларда түсіп көрмеген, алайда мұндай мүмкіндікті жіберіп алмасын айтады.

"Актерлермен бірге ойнағанда күшті сезімде, эйфорияда боласың. Өкінішке қарай, Қазақстанда фильмдерге түсіп көрген жоқпын, бірақ ондай мүмкіндік болса, жақсы болар еді", - дейді ол.

@collateralbeauty18 Instagram: @dilvna Привет, друзья! Хочу выразить благодарность за невероятный опыт съемок в новом приквеле "Голодные игры". Было удивительно быть частью этой кинематографической вселенной! 🎬 #ГолодныеИгры #голодныеигры2023 #голодныеигрыивспыхнетпламя ♬ original sound - dilun

Диана фильм жарыққа шыққаннан кейін өзін экранда көремін деп мүлде ойламаған.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети