Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 июня 2019 14:25

Қазақ неге 25 жаста үйленуге болмайды деп сенген - Мүшел жасқа байланысты ырымдар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Неке қию рәсімі. © Дудин С.М. Қазақстан, Семей облысы. 1899 ж. Неке қию рәсімі. © Дудин С.М. Қазақстан, Семей облысы. 1899 ж.

Қазақ халқы мүшел жасты қатерлі кезең деп санаған. Сондықтан, мүшел жастағы қауіп-қатерден сақтану үшін түрлі ырымдары да болған. Этнограф Болат Бопайұлы Тengrinews.kz тілшісіне мүшел жастағы ырымдар жайлы айтып берді.


Қазақ халқы мүшел жасты қатерлі кезең деп санаған. Сондықтан, мүшел жастағы қауіп-қатерден сақтану үшін түрлі ырымдары да болған. Этнограф Болат Бопайұлы Тengrinews.kz тілшісіне мүшел жастағы ырымдар жайлы айтып берді.

Қазақ даналығы бойынша, мүшел 13 жастан басталады. Кейін адам әр 12 жыл сайын мүшел жасқа толып отырады.

Этнографтың айтуынша, қазақ халқы мүшел жастағы адамға түрлі қауіп-қатер төнуі мүмкін деп сенген.

"Қазақ халқы мүшел жасқа толғанда жалғыз өзі ұзақ сапарға шықпайды. Өйткені мүшел жаста адам әлсіз күйде болады, қауіп-қатердің арасында өмір сүреді деп ырымдаған. Одан қалды, қазақ мүшел жасында сәнді киініп, көрікті болып, көзге түспейді. Себебі ондай жағдайда тіл мен көз тез тиеді деп қорыққан. "Мүшел жастағы адамның бір аяғы көрде, бір аяғы жерде болады" дейтін сенім бар", - дейді Болат Бопайұлы.

Оның айтуынша, қазақ халқы мүшел жасқа толған жылы өз жасын жасырады. Не бір жас кемітіп, не арттырып айтады. Себебі мүшел жастағы адамға тіл-көздің сұғы тиеді деп ойлаған.

Сонымен қатар, этнограф мүшел жасқа келгенде мал сойып, қан шығару керек деген сенімнің дұрыс емес екенін айтады.  

"Адам өз мүшел жасында қай жануардың жылында туса, сол жануарды соймайды. Жәндіктерді де беталды өлтіре бермейді. Қан төгілген дұрыс емес деп сенген. Негізі мүшел жаста қан шығармайды", - дейді ол.

Бірақ садақа беру - орынды. Мүшел жаста садақаны өте жиі берген жөн деп саналған. Наным бойынша, садақа беру арқылы қатерден сақтанады. Садақадан бөлек, бұл кезде дуалы ауыз адамдардан көп бата алады. Батада "Бақытты сөзден бағың жанып, еш жамандық болмай, қатерлі мүшелден аман-есен өт" деп тілейді екен.


Түркістан альбомы: киіз үй сатушылары. Қазақстан, ХІХ ғасыр.

Сонымен қатар, мүшел жасқа келген адам өзінің жақсы көретін киімін, атын немесе бұйымын жақын досына не туысына сыйлайды. Сол кезде басындағы бәле-жала аулақ кетеді, жамандықтан алыс болады деп ырым еткен.

Мүшел жастағы тағы бір ырым тойға қатысты. Қазақ мүшел жасқа толған жылы той жасамаған. Яғни, 25, 37 және 49 жастарда үйленбеген. Бір жыл күтіп, сосын ғана отау құрған. Бұл жаста қыз да ұзатылмайды, енші бермейді және алмайды. Мүшелде той болса, оның қайыры болмай, мал дүниесі шашылып, берекет кетеді деп ойлаған.

Этнографтың айтуынша, одан бөлек, қазақ мүшел жасқа толғанда бөтен үйде қонбаған. Ол кезде басында бақ пен зор қатар таласып жүреді деп сенеді. Егер біреудің отбасына қонса, сол үйде "не сорым қалады, не басымдағы бағым кетеді" деп ойлаған.

Мүшел жастағы қауіпке қатысты түрлі аңыз әңгімелер бар. Болат Бопайұлы сондай аңыздардың бірін айтып берді:

"Бұрындары Әиюб пайғамбар мүшел жасында алысқа сапар шегіпті. Сол сапарынан үйіне қайтып келе жатады. Сапар барысында бір түс көріпті. Түсінде жолда қонса өзі өледі, үйге барса әйелі өледі екен. Түсін жори алмай, ақыры құмалақ салады. Құмалақта да үйге барса әйелі, жолда қонса өзі өлетінін көреді. Сонда ат үстіндегі бір ақсақал келіп, не болғанын сұрайды. Мән-жайды білген соң, "Өзің ашқан құмалақты жори алмай тұр екенсің. Пышағың мен қоржыныңды әкел" депті. Сол кезде қоржынды ашып қалса, ішінен ысылдап жылан шығыпты. "Мына жерге қонсаң, қоржыннан тамақ алып жеймін деп өзің өлесің. Үйге барсаң, қоржынға әйелің қолын салып, жыланның уынан өледі" деп, Әйюб пайғамбардың өмірін сақтап қалған екен. "Мүшел жастағы адамның бір аяғы көрде" деген осы".

Қазақта мүшел жас неге қатерлі саналады

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети