ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
30 января 2019 | 11:15

Қазақ тілін бір жылдың ішінде меңгеріп алдым - Владислав Тен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде көші-қон мәселесі көп қозғалып жатыр. Біреулер елімізден кетіп соңынан оралып жатса, біреулер басқа мемлекеттерден біздің елге қоныс аударып жатыр. Tengrinews.kz "Елге жол" атты жобасын қолға алып, елімізге оралғандардың хал-күйін, жағдайы мен өмірі жайлы сұхбаттар легін жалғастырады. Бұл жолғы кейіпкеріміз Қазақстанға Өзбекстаннан 2010 жылы көшіп келген. 


Иконка комментария блок соц сети

Елімізде көші-қон мәселесі көп қозғалып жатыр. Біреулер елімізден кетіп соңынан оралып жатса, біреулер басқа мемлекеттерден біздің елге қоныс аударып жатыр. Tengrinews.kz "Елге жол" атты жобасын қолға алып, елімізге оралғандардың хал-күйін, жағдайы мен өмірі жайлы сұхбаттар легін жалғастырады. Бұл жолғы кейіпкеріміз Қазақстанға Өзбекстаннан 2010 жылы көшіп келген. 

Владислав Тен 37-де. Ташкент қаласында туып-өскен. Мамандығы - дәрігер. Қазіргі уақытта Астанада тұрады. Айта кететін жайт, Владислав қазақ тілін меңгерген және ол қазақ тілін үйретудің ең жақсы әдісін білетінін айтады. Осы мәліметтер жайлы және Қазақстанға не үшін біржола қоныс аударғанын кейіпкеріміз баяндап берсін.    

Мен Ташкент қаласында тудым. Сол жақта мектепті бітіріп, Ташкент медициналық университетіне гастроэнтеролог мамандығына түстім. Оқып жүріп мен оңтүстік Корей еліне де барып, білім алдым. Айта кетейін, мен бала кезімнен тілдерді үйренуге жақын болдым. Мектепте және жоғары оқу орындарында орыс тілінде оқығанмын. Өзбек тіліне келетін болсақ, оны тек есейген соң үйрене бастадым, бірақ аз уақытта тілді жақсы меңгеріп алдым. Қазіргі уақытта мен 30-ға жуық тілді оқып, сол тілдердерде сөйлеуге тырысамын. Оның ішінде маған ұнайтыны еуропалық тілдер. Осынша тілді қалайша үйреніп жүрсің деген сұраққа, тілдерді әдістеме арқылы үйрендім деп жауап беремін.  Осылайша, қазіргі уақытта тілді жеңіл игеру үшін өзіме жеке әдістемелер жасап алдым.

Қазір менің Астанада тіл үйрететін оқу орталығым бар, ол жерде бірнеше тілден бөлек, басты назар қазақ тілінде. Себебі менің орталығыма қазақ тілін үйренуге жастар көп келеді. Өз тілінде сөйлей алмай жүрген адамдардың басты кедергісі - тілді үйретудің әдістемелері қиын немесе мүлде жоқ. Мен өзім корей ұлтынан болсам да, қазақ тілін бір жылдың ішінде меңгеріп алдым.

Ал енді мен Қазақстанға қалай қоныс аударғанымды айтайын. Біріншіден ата-анам Астанаға 2003 жылы көшіп келді, сосын олар мені осы жерге шақырған болатын. Ташкентке үйреніп қалғандығым үшін шығар, мен Астанаға тек 2010 жылы келе алдым. Екінші себеп - қаржылық мәселесі. Өзбекстанда сол жылдары қаржылық жағдай нашарлап кеткен болатын. Енді мен Астана қаласында тұрақты қалуды ойлап отырмын. Арманым осы жердің азаматтығын алу, өзімнің қолымнан келгенінше іс-әрекеттерді жасадым, қарастырылып жатыр, енді тек осы елдің азаматы екенімді растаса болды. Өзбекстанда мен 5 жыл дәрігер болып жұмыс істедім.

Астанаға көшіп келгенде алғашқы орталық ауруханалардың бірінде жұмыс істедім. Одан кейінгі жұмысым - аудармашы. Мен төрт жылдай синхрон және басқа аударма түрлерімен айналыстым. Осыған байланысты маған таныстарым "Сен лингвиссің бе, әлде дәрігерсің бе?" деп сұрақ қояды. Мен оларға былай жауап қатамын - "Мен нағыз дәрігер маманымын, бірақ тіл меңгеруге қатты қызығамын".


Абайтанушы, тарихшы Омар Жәлелмен

Осындай салаларда жұмыс істегенімнің арқасында мен қазақтардың ортасына тез сіңісіп кеттім.

Орта Азия халықтарының бір ерекшелігі - қонақжайлығы. Әсіресе қазақтар - қонақжай халық. Менің ойымша, қазақтар корей халқын сылайды. Оны мен байқап жүремін. Өзбекстанда жүргенде мен ондай сыйластықты көргенім жоқ.

Мен өзімді бір жағы кәсіпкермін деп санаймын. Осыған орай табыс тауып, жақсы өмір сүру үшін Астанада тіл үйрететін курс аштым. Өзім ол жерде сабақ беремін. Қазақ тілінің ерекшілігін жеткізу үшін мен оны басқа тілдермен салыстыру арқылы үйретемін, көбіне орыс тілімен. Себебі қазақ тілін үйренгісі келетіндердің дені орыс тілді азаматтар. Мен тілдің тек бастапқы кезеңдерін үйретемін, ары қарай олармен мамандар жұмыс істейді.

Тәжірибеме сүйене отырып, мен кез келген адамға қазақ тілін шетелдік әдістемемен үйреткеннің пайдасы көбірек деп санаймын. Өзім де дәл солай үйрендім. Егер де кәдімгі, мектептегідей әдісті қолданатын болсам, олардың тілге деген қызығушылығы бірден сөніп қалады деп ойлаймын.

Маған "Сен неліктен қазақша сөйлейсің?", "Қалайша сен тілді аз уақытта үйреніп алдың?" деген сияқты сұрақтар қойылады. Оларға былай жауап беремін: біріншіден мен осы мемлекетте тұрамын, екіншіден олар маған қонақжайлығын көрсеткені үшін мен де оларға сәйкесінше ілтипатымды көрсетемін. Осыдан кейін олардың ана тілінде сөйлей алмауым мен үшін ұят деп санаймын. Тағы бір ескеретін дүние, мен балалық шағымнан әртүрлі тілдерді біле бастадым, қазақ тілін үйрену мен үшін аса бір қиын болған жоқ.

Айта кетейін, бастапқыда тіл үйрену үшін мен ешқандай оқу құралын қолданғаным жоқ, себебі мен сияқты адамға қазақ тілі - шет тілі. Ал оларға тіл меңгеру үшін арнайы жасалған әдістемені кездестірмедім. Алғашқы кездері мен қазақ тілін тез меңгеріп алу үшін тілдік ортаны іздедім, бірақ таба алмадым, амал жоқ, мен интернеттен бейнежазбаларды көре бастадым. Қазақша бағдарламалар, аудиожазбаларды да тыңдадым. Осының өзі маған тілді тез үйренуге септігін тигізді.


Суреттер кейіпкеріміздің жеке мұрағатынан

Қазіргі уақытта мен Астанада ата-анаммен және жұбайыммен тұрып жатырмын. Екі балам бар. Астана сияқты ірі қалалар маған ұнайды. Қазақстанның бас қаласының Ташкенттен айырмашылығы көп. Бұл жерде ғимараттардың көптігі мен олардың биік орналасуы маған ұнайды. Осы қаланың сәулетіне сүйсінемін. Астанада мен үшін жеке кәсіпкер ретінде және тұлға ретінде қалыптасуға көптеген мүмкіндік бар. Мен осы елдің азаматтығын алып, алға қойған мақсаттарымды жүзеге асырмақшымын. Мен қазақ тілін тиімді және тез үйрету әдістемесін одан әрі дамытып, тіл үйренгісі келіп жүрген өз азаматтарымыз бен өзге ұлт өкілдеріне дайын өнім жасап бергім келеді.

Тағы бір арманым - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу. Президентке әдістемелерді және жасап жатқан жұмыстарымды таныстырғым келеді.

Оқи отырыңыз: 

"Шағын ғана шабаданымды алып, жалғыз жолға шықтым"

"90-жылдар өмірімнің ең қиын кезеңі болды" - Нигериядан шыққан алматылық Боб Усоро

"Қазақ елін аңсайтынбыз, кітаптарын оқып, концерттерін көретінбіз"

"Қазақтың жанын Шоқан Уәлиханов пен Олжас Сүлейменов арқылы түсіндім"

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети