Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 февраля 2020 13:47

"Қазақстан мен Канада жер мен көктей". Монреальда тұратын қазақ отбасы өмірі жайлы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канадада тұратын қазақ отбасы Канадада тұратын қазақ отбасы

Ерлі-зайыпты Әлжан мен Мадина Канаданың Монреаль қаласында тұрып жатыр. Әлжан техникалық инженер болып жұмыс істесе, Мадина қазіргі уақытта декретте, ал негізі сақтандыру саласында қызмет еткен. Олар Канада дамыған әрі балаларға қауіпсіз, білім беру жүйесі мықты мемлекет деп, осындай шешім қабылдаған екен. Қазақ отбасы Tengrinews.kz тілшісіне Канададағы өмірі жайлы, ондағы мүмкіндіктер мен жергілікті тұрғындар туралы айтып берді.


Ерлі-зайыпты Әлжан мен Мадина Канаданың Монреаль қаласында тұрып жатыр. Әлжан техникалық инженер болып жұмыс істесе, Мадина қазіргі уақытта декретте, ал негізі сақтандыру саласында қызмет еткен. Олар Канада дамыған әрі балаларға қауіпсіз, білім беру жүйесі мықты мемлекет деп, осындай шешім қабылдаған екен. Қазақ отбасы Tengrinews.kz тілшісіне Канададағы өмірі жайлы, ондағы мүмкіндіктер мен жергілікті тұрғындар туралы айтып берді.

Әлжан Алматы тумасы, 39 жаста, ал Мадина Түркістан облысы тумасы екен, 35 жаста. Отбасында екі бала бар - Әбіш пен Димаш.

Қазақ отбасы ойламаған жерден Канадаға көшу туралы шешім қабылдағанын айтады.

"Басқа елге көшу туралы шешімді ойламаған жерден қабылдадық, бізге ұсыныс айтылды. Содан осындай шешімге келдік. Канада дамыған мемлекеттердің бірі, ең бастысы ол қауіпсіз елдердің және білім беру жүйесі мықты елдердің ондығына кіреді. Бұл біз үшін зор тәжірибе. Расында Канада - иммигранттардың елі. Мұнда барлығының құқығы бірдей. Канаданың байырғы тұрғындары туралы қандай да бір мәлімет айту мүмкін болмай тұр, себебі мұнда тіпті бұрыннан бері тұратындардың өзі иммигранттардың балалары. Қызығы, мұнда түрлі ұлт өкілдері тұрады - афроамерикалықтар, үндістер, қытайлықтар, сириялықтар, ирандықтар, украиналықтар, орыстар, қазақтар, француздар, арабтар, молдавандар. Сондықтан Канаданы мультимәдени ел деуге болады", - дейді Мадина.

Мадина Қазақстан мен Канаданы салыстыра отырып, екі елдің арасы жер мен көктей дейді.

"Екі елдегі өмір сүру деңгейі, дамуға деген көзқарасы да екі түрлі. Мысалы, Канадада автобусқа отыратын кезде жолаушылар ұзын-сонар кезекке тұрады да автобустан барлығы шыққан сон бір-бірден, итеріспей, жанжал-шусыз автобусқа кіреді. Бұл бірінші кезекте өзара құрмет пен төзімділікті, халықтың қаншалықты тәрбиелі екенін көрсетеді. Мені тағы бір таңғалдырғаны - мұнда жүргізуші куәлігін сатып алу мүмкін емес. Біреуді сатып алу немесе көндіру деген жоқ. Барлығы шынайы әрі әділ. Жүргізуші куәлігін алатын кезде оның қаншалықты қиын екенін өз көзімізбен көрдік. Бұл куәлік Канадада өте маңызды құжаттардың бірі болып саналады", - дейді Мадина.

Ол канадалық жүргізушілердің өте сабырлы екенін және бір-біріне құрмет көрсететінін айтады. Мұнда жүргізушілер жол ережелеріне өте абай, себебі кез келген ережебұзушылық қымбатқа түседі дейді Мадина. 

Канада қазағының айтуынша, мұнда қанша көп ақша тапсаң да, байып кету мүмкін емес.

Статистикаға сүйенсек, былтыр Канададағы орташа жалақы 4 139 доллар болған. Бұл теңгеге шаққанда 1 566 401 теңге. Ал елде жоғары жалақы алатындардың тізімінде заңгерлер (10 050 доллар), тіс дәрігерлері (13 000 доллар), сәулетшілер (5 740 доллар) және оқытушылар (5 565 доллар) бар.


Суреттер отбасының жеке мұрағатынан

Дегенмен жалақы көп болған сайын, Мадинаның айтуынша, салыққа көп ақша кетеді.

"Отбасында екі адам да жұмыс істесе, ол өте жақсы. Себебі мұнда жалақының барлығы - жалдамалы пәтер мен жалдамалы көлікке, сақтандыруға және түрлі салық түрлеріне кетеді. Менің айтқым келетіні - Канадада бай адам болу қиын. Ақшаң көбейген сайын, көп салық төлейсің. Өте қымбат қала", - дейді Канадада тұратын қазақ.

Яғни, Канадада табыс салығы барлығына міндеттелген. Отбасының табысы жылына 40 000 доллар болса, табыстың 20 пайызын төлейді. Ал табыс одан көп болса, табыстың 25-28 пайызын береді. Табыс өскен сайын, салық та көбейеді. Ал жалдамалы пәтерге шамамен 1500-2000 доллар ақша керек екен. Оған коммуналдық төлемдер қосылады.

Канада қымбат қала болғанымен мұнда мүмкіндіктер көп деген Мадина әлі үш жыл уақыттай жұмыс визасымен Канадада болатынын айтады. Уақыт өте Қазақстанға ораламыз ба, жоқ па - оны көрерміз дейді Канададағы қазақ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети