Қытай қазағы қардан киіз үй қалап, Желіні тәнті етті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Tengrinews.kz коллажы Tengrinews.kz коллажы

Желіде қардан жасалған киіз үйдің видеосы талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Желіде қардан жасалған киіз үйдің видеосы талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны Facebook желісінде Алмахан Мұқаметқалиқызы есімді қолданушы жариялаған. Роликті түсірген автор киіз үйлердің Алтай аймағы, Буыршын ауданы Шұңқыр ауылында орналасқанын айтады. Бұл - Қытайдағы Шыңжаң автономиясына кіретін елді мекен. Соған қарағанда қардан киіз үйді Қытайдағы қазақтар жасаған.

Роликтің басында автор киіз үйлердің қырау мерекесіне арнап жасалғанын айтады. Кадрдан бір-біріне жақындау орналасқан екі киіз үйді көруге болады. Біреуінің алдында қардан тышқанның бейнесі салынған. Автор бұл жайында "Тышқан жылындағы қардан жасалған" деп түсіндіреді.

Автор киіз үйдің ішін де көрсетеді. Оның ішінде қабырғаны жағалап орындық жасалған. Ортада қардан жасалған дастархан тұр. Киіз үйдің негізгі элементтері - шаңырақ, уық, кереге де бейнеленген.

"Керемет жақсы, қазақи жасалған. Қардан жасаған қазақ үйінің ішінде алма жеген күн болды бұл", - дейді киіз үйдің ішінде отырған қонақтардың бірі.

Видео авторы киіз үйді бір айға жуық жасағанын айтады.

Tengrinews.kz редакциясы видео авторынан +7 771 507 29 89 WhatsApp-нөміріне хабарласуды сұрайды.

Бұған дейін қар басқан үйінің терезесін ашып, қарды ойып, қойма жасап қойған ер адамның "өнертабысы" Желіде жұртты күлдірген еді. Тұрғын видеоның Ақмола облысы, Целиноград ауданы Қараөткел ауыл округінде түсірілгенін айтады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 509.57  course up  570.44  course up  6.32  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 23
Астана 13
Актау 23
Актобе 21
Атырау 26
Б
Балхаш 15
Ж
Жезказган 19
К
Караганда 14
Кокшетау 19
Костанай 23
Кызылорда 17
П
Павлодар 16
Петропавловск 27
С
Семей 21
Т
Талдыкорган 25
Тараз 24
Туркестан 24
У
Уральск 34
Усть-Каменогорск 24
Ш
Шымкент 23

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer