Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
14 января 2021 11:00

"Неткен жағымды қоңыр дауыс!". Қазақ әнін орындаған орыс жігіті Қазнетті тәнті етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Қазақ тілін еркін меңгеріп, қазақша әндерді орындап отырған орыс жігітінің видеосы Қазнетте кең тарады. Tengrinews.kz тілшісі әнші баламен сұхбаттасты. 


Қазақ тілін еркін меңгеріп, қазақша әндерді орындап отырған орыс жігітінің видеосы Қазнетте кең тарады. Tengrinews.kz тілшісі әнші баламен сұхбаттасты. 

Видеоның басты кейіпкері - Виталий Сергеев. Ол 1996 жылы туған. Алматы облысы, Жаркент қаласындағы жетімдер үйінде өскен. 16 жасынан бастап Кербұлақ ауданы, Байғазы ауылында тұрып келе жатыр. 

"Туған әке-шешемді білмеймін. Қазіргі таңда мені бағып алған ата-анаммен тұрамын. Байғазы ауылында жекеменшік мал шаруашылығымен айналысамыз. Көбіне жылқы ұстаймыз", - дейді Виталий. 

@vitya.b

#тау#казакша#ән#жалгасы

♬ оригинальный звук - Бауыржанулы Виталик

Виталий қазақ ортасында өскен. Сондықтан да қазақ тілін тез меңгеріп кеткен екен. Бүгінде ол ауылда, әкесіне мал шаруашылығында көмектеседі. 

"Әзірше ешқандай байқауларға қатысқаным жоқ. Қатысу ойда бар. Қазақ тілін қалай үйреніп кеткенімді білмеймін. Бала кезден бері қазақша сөйлеп жүрмін", - дейді ол. 

@vitya.b

##сіз##сиға##тартқан##орамал##бақыт

♬ оригинальный звук - Бауыржанулы Виталик

Виталийдің TikTok желісіндегі парақшасында 11 мыңнан аса көрермені бар. Оның видеоларына 140 мыңнан аса лайк басылған. 

"TikTok-ты бір жыл бұрын аштым. Ешқандай ой болмады. Бастапқыда тек ішіндегі видеоларды қарап қана отыратынмын", - дейді Виталий. 

Виталий болашаққа жоспары барын, алайда ол туралы кейінірек бөлісетінін айтты. 

@vitya.b

Сіз сиға тартқан орамал Амандос Елтай

♬ оригинальный звук - Бауыржанулы Виталик

Виталийдің қазақ тілін еркін меңгеріп, халық әндерін орындап жүргеніне Желі қолданушылары таңғалған. 

"Жарайсың, бауырым. Бір акцент жоқ. Көз тимесін", "Маған осы орындаудағы ән керек, ән жазып жатсаңыз айтыңызшы, жазып алайын. Дауыс керемет", "Қазақтың сары домалақ баласы", "Не деген жағымды қоңыр дауыс! Ауылға, балалық шаққа не жетсін! Жарайсың!", - дейді Желі қолданушылары.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети