Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 февраля 2021 16:38

Суретке түсемін деп басы дауға қалған шенеуніктер мен басшылар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz коллажы Tengrinews.kz коллажы

Соңғы кездері әлеуметтік желілердің ықпалы артып келеді. Шенеуніктерге не басшыларға қатысты қоғамның наразылығын тудыратын сурет не видео пайда болса, ол лезде тарап, бірден тексеріс жүргізіліп, заң бойынша жаза тағайындалып жатады. Олардың ішінде жұмыстан шығарылғандар да болды. Суретке түсемін деп басы дауға қалған шенеуніктер мен басшылардың оқиғасына Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 


Соңғы кездері әлеуметтік желілердің ықпалы артып келеді. Шенеуніктерге не басшыларға қатысты қоғамның наразылығын тудыратын сурет не видео пайда болса, ол лезде тарап, бірден тексеріс жүргізіліп, заң бойынша жаза тағайындалып жатады. Олардың ішінде жұмыстан шығарылғандар да болды. Суретке түсемін деп басы дауға қалған шенеуніктер мен басшылардың оқиғасына Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 

Семейде моншаға барған полицейлер қызметінен босатылды

Кеше, 16 ақпанда әлеуметтік желілерде моншада демалып жүрген Семей полицейлерінің суреті тарады. ШҚО полиция департаменті қызметтік тексеру бастағанын хабарлады.

Семейдегі монша кешендерінің бірінде түсірілген суреттерді алдымен қоғам белсендісі Руслан Лазута жариялаған. Кейін кадрлар Facebook, Instagram және WhatsApp-та тарала бастады. Жазба авторының айтуынша, суретте қаланың жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары бар. Олар Семей ЖПҚ басшысы лауазымына тағайындауды атап өткені жазылды. 

Артынша қызметтік тергеу жүргізілгеннен кейін моншаға барған полицейлер қызметінен босатылғаны белгілі болды.

Тексеру нәтижелеріне сәйкес, қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін Орталық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің басшысы Рашит Сұңғатов қызметінен босатылды. Учаскелік полиция инспекторлары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, өз міндеттерін адал атқармағаны және жеке құрамның бақылаусыздығы үшін Семей полиция басқармасы мен Семей полициясының орталық бөлімінің бірқатар лауазымды тұлғасы қызметінен босатылды.

Моншада болған полицейлерге қатысты уәкілетті органға (ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті) санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін қажет материалдар жолданды.

Саунада жүрген "судьялар мен прокурорлар"

Былтыр 6 мамырда Желіде судьялар мен прокурорлардың карантин кезінде бірге саунаға барғаны туралы видео тарап, қызу талқыға түсті.

"Жігіттер, бүгін маған Жаркенттен ағам Саян келді, демалып жатырмыз. Барып іштік, енді оны баняға әкелдім. Міне, менің баням, мынау, сот төрағасы. Ұйымдасқан қылмыстық топтың жігіттері, Алматы мен Астанадағы ғана демалып жатыр деп ойламаңыздар, біз де демаламыз. (...) Колхозда тұрсақ та, демала аламыз", - дейді видео авторы.

Ролик желіде тарағаннан кейін Бас прокуратура "судьялар мен прокурорлардың" видеосына қатысты бірден пікір білдірді. Бас прокуратураның Ішкі тергеп тексеру департаменті тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлады.

Видео кадры

Кейіннен маусым айында Жоғарғы сот баспасөз қызметінің өкілдері тексерістің мән-жайын айтып берді. Жоғарғы сот өкілдері комиссия судьяның әрекеттерінде Судья әдебі кодексін бұзу дерегінің болуы туралы қорытынды шығарып, тексеру жүргізетінін хабарлады.

Ал Алматы облысы, Кербұлақ аудандық төрағасының саунада жүруіне қатысты Алматы облыстық сотының судья әдебі жөніндегі комиссиясы тексеру жүргізіп, оны комиссия қарастырған болатын. Комиссия заңбұзушылық дерегін тіркеді.

Артынша, былтыр 20 қарашада Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Дінмұхамед Сейітов Президенттің үкімімен қызметінен босатылды.
 
Қар барысының терісімен суретке түскен басшы

Биыл 20 қаңтарда кабинетіндегі қар барыстарының терілерімен суретке түскен спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновтың басы дауға қалған болатын. Закирьяновпен бірге түсірілген суретті спортшы Жанкош Тұраров Instagram желісінде жариялады. Суреттерде арыстанның, сілеусіннің, барыстың және құстардың терілерімен толтырылған жануарлар көрсетілген. 

"Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат ағаммен", - делінген еді сурет сипаттамасында.

Бірақ артынша спортшы бұл суретті өшіріп тастады.

Спорт және туризм академиясы президентінің бұл суреті қазақстандықтардың ашуына тиді. Табиғат қорғаушы Сәкен Ділдахмет Facebook желісіндегі парақшасында осы суреттерді жариялап, Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен Қайрат Закирьновта Қызыл кітапқа енген жануарлардың терісі қайдан пайда болды деген сұраққа жауап беруін сұрады.

Бұл жағдайға қатысты экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілі Самал Ибраева пікір білдірген болатын. Оның айтуынша, Қазақстанда арыстандар жоқ. Сондықтан фотосуреттердің біздің елде не шетелде түсірілгенін анықтау керегін айтты.

Артынша полиция өкілдері бұл іске қатысты тексеріс жүргізіп, материалдар 2021 жылғы 20 қаңтардағы хатпен Алматы полиция департаментіне Қылмыстық кодекстің 339-бабында бойынша жолданды.  

Көп ұзамай Туризм академиясы өкілдері Желіде тараған суретке қатысты пікір білдірді. ҚазСТА өкілдері қазақстандықтардың ашуын тудырған суреттегі барлық экспонат академия есебінен сатып алынғанын, сыйға тартылғанын және олар музей құндылығы болып саналатынын айтты. Олар 2014 жылы мекеменің 70 жылдығына орай сыйға тартылған екен.

"Академия президенті аң аулауға емес, іскерлік кездесулерге баратынын қайталап айтамыз. Академияда туризм факультеті бар. Ол факультеттің студенттері оқу жоспарына сәйкес әртүрлі елдің флорасы мен фаунасын білуі тиіс. Сонымен қатар, жеке мұражайдың болуы талапкерлер үшін тартымдылықты арттырады", - деп жауап берді академиядағылар.

"СҚ-Фармация" басшысының Ксения Собчакпен түскен суреті

Былтыр 7 тамызда Ерхат Есқалиев "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Артынша журналист басқарма төрағасының Instagram желісінде жарияланған суретке қатысты пікір білдіруін сұраған болатын.

"Былтыр сіздің Instagram желісіндегі парақшаңызда әйеліңіз бен Ксения Собчакпен суретіңіз жарияланды. Сосын жазба өшірілді. Бүкіл халық төтенше жағдай режимінде отырған кезде, банкет кезіндегі суретті жариялағаныңызды қалай түсіндіресіз?", - деп сұрады журналист.

Ерхат Есқалиев бұл жеті жыл бұрынғы сурет екенін айтты.

"Ол кезде салмағым 135 келі болатын, қазір 105 келі. Былтыр өкпеме ауыр ота жасалған болатын. Сурет карантин кезінде, бәріміз үйде отырған кезде жарияланды. Бір шарада түскенбіз. Жай танымал адаммен суретке түскім келді, басқа ешқандай ой болған жоқ", - деген еді Есқалиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети