Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 октября 2021 16:14

"Телефон қуаты 20 пайыздан аз болса, қымбаттайды". Таксимен арзан қатынаудың 6 жолы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Қазір Қазақстанда такси сервистерінің қатары көбейді. Yandex Go, InDriver, Uber, Region және жақында ғана нарыққа қосылған Didi бар, сәйкесінше такси шақыратын мобильді қосымшалар да кең қолданысқа енді. Tengrinews.kz тілшісі адам тасымалдау қызметінің қулықтарын теріп, таксиден қалай үнемдеуге болатынын анықтады.     


Қазір Қазақстанда такси сервистерінің қатары көбейді. Yandex Go, InDriver, Uber, Region және жақында ғана нарыққа қосылған Didi бар, сәйкесінше такси шақыратын мобильді қосымшалар да кең қолданысқа енді. Tengrinews.kz тілшісі адам тасымалдау қызметінің қулықтарын теріп, таксиден қалай үнемдеуге болатынын анықтады.     

Телефондағы қуаттың аздығы бағаға әсер етеді

Егер де телефоныңыздың қуаты 20 пайыздан төмен болса, такси сервистері жолақыны 50 пайызға дейін көтереді. Неге? Өйткені қызмет көрсету сервистері мыңнан астам алгоритмді алдын ала қарастырып қойған. Кез келген такси шақыру қызметінің ұялы қосымшасы телефоныңыздағы қуаттың азын байқап, бұл жағдайды өз пайдасына шешеді.

Фото:Tengrinews.kz 

Вокзал, мейрамхана, сауда үйлерінен тапсырыс жасамаңыз

Такси жүргізушілеріне әр тапсырыстың орны бөлек. Көлікті дәл үйіңіздің алдына шақырсаңыз, белгіленген баға әдеттегіден қымбатырақ болады. Сол себепті көлікті жолдың бойына немесе аялдамаға шақырған ұтымдырақ. Сонымен қатар, такси сервистері вокзал, мейрамхана, сауда үйлерінен тапсырыс жасамауға шақырады.

Такси шақыру үшін қолайлы уақыт

Такси сервисін түске дейін және кешке қарай қолдансаңыз, біраз ақша үнемдейсіз. Дәл осы уақыт аралықтарында сұраныс азаяды және қалада кептеліс аз, сондай-ақ, сапар уақытының коэффицениттері бірқалыпты болады. Әдетте коэффициентті тапсырыс көп болғанда әдейі көбейтеді. 

Промо-код арқылы көп үнемдей аласыз

Адам тасымалдау қызметтері бәсеке туғанда түрлі науқан жариялай бастайды. Көп жағдайда олар өз промо-кодтарын әлеуметтік желіде хабарлайды және промо-код 3 күннен 7 күнге дейін жарамды болады. Дәл осы мүмкіндікті жіберіп алмай, біраз ақша үнемдеуге болады, тіпті кейде тегін жетіп алуға мүмкіндік бар. 

Фото: Tengrinews.kz

Басқа қызметтер ұсынған бағамен салыстырып көріңіз

Кез келген агрегатордың өз тарифі мен қызмет көрсету талаптары болады. Кейбірімен алыс аралыққа шыққан ыңғайлы болса, басқасымен, керісінше, жақын маңға тапсырыс жасаған тиімді. Таксиден ақша үнемдеу үшін әр сервис ұсынған баға мен жеткізу уақытын салыстырған абзал. Ұялы телефоныңызға бірнеше такси қызметінің қосымшасын жазып алсаңыз, баға айырмашылығын бірден байқайсыз.

Көлікті алдын ала шақыруға болады

Алдын ала берілген тапсырыс арқылы діттеген жеріңізге уақытылы жетіп қана қоймай, ақшаңызды да үнемдей аласыз. Егер қашан және қайда баратыныңыз белгілі болса, оператор арқылы алдын ала тапсырыс жасағаныңыз жөн. Мәселен, 18.00-де жұмыстан шығатын болсаңыз, тапсырысты 1 сағат бұрын жасайсыз, нәтижесінде жоғары коэффициентті баға болмайды, өйткені сіз тапсырыс берген уақыттағы сомманы ғана төлейсіз. Одан бөлек, таксидің тегін күту уақытын да ұмытпаған дұрыс. Қарбалас уақытта 10 минут бұрын шақырған көлігіңіз сіз үшін 100 теңгеден 700 теңгеге дейін үнемдейсіз.

Автор: Мұхтар Жәмішжанов

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети