ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
07 сентября 2020 | 16:30

80 миллион теңге айыппұл. Шетелде жануарды қорлағандардың жазасы қандай?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Pixabay.com © Pixabay.com

Әр елде жануарларға зорлық-зомбылық жасаған адамдарға қатысты жаза әртүрлі. Бір елде аз ғана айыппұл салынса, кей елде бас бостандығынан айырылуы да мүмкін. Tengrinews.kz тілшісі кей елдердегі жазалар туралы баяндайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Әр елде жануарларға зорлық-зомбылық жасаған адамдарға қатысты жаза әртүрлі. Бір елде аз ғана айыппұл салынса, кей елде бас бостандығынан айырылуы да мүмкін. Tengrinews.kz тілшісі кей елдердегі жазалар туралы баяндайды.

Италия

Желіде Италияда жануарды көшеге тастағаны үшін оның қожайынына бір жыл түрме не 10 мың еуро (5 миллион теңгеге жуық) айыппұл салынады деген ақпарат тараған. Бұл ақпарат - рас. Сонымен қатар, бұл елде сау жануарлардың эвтаназиясына толық тыйым салынған.

Жануарларға қатыгездік жасағандар жергілікті заңға сәйкес үш айдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырырады. Сонымен қатар, кем дегенде 3 мыңнан (1,5 миллион теңге) 160 мың еуроға (80 миллион теңге) дейінгі айыппұлмен жазаланады.


Фото: elements.envato.com

Туринде иттерін серуендеуге күніне үш рет шығару керек, әйтпесе, қожайыны 500 еуроға (250 мың теңге) дейін айыппұл төлейді.

Үй жануарларының жүнін әртүрлі түстерге бояуға да тыйым салынады. Туринде жануарлардың құқығын қорғауға қатысты ережелер 20 беттен тұрады, атап айтқанда, қалада алтын балықты пластикалық пакеттерде сатуға болмайды.

Италияның Реджио Эмилия қаласының билігі мысықтарын, иттері мен құстарын еркелетуге, бағып-қағуға міндеттейтін заң шығарды. Жануарларға мейірімділік жетіспесе, қожайынына 500 еуроға дейін айыппұл салынады.

Үндістан

Үндістанда жыл өткен сайын жануарларды қорлауға қатысты заңнама қатал болып келеді. Мысалы, соңғы өзгертулер 2011 жылы болды, сол кезден бастап жануарларға қатыгездік жасағандар қылмыстық жауапқа тартылатын болды. Кем дегенде 10 мың рупий (57 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады, ол 25 мың рупийге (143 мың теңге) дейін ұзаруы мүмкін. Не болмаса, жануарларды қорлаған адам екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Егер мұндай қылмыс қайталанса, кем дегенде 50 мың рупий (287 мың теңге) айыппұл салынады Ал бас бостандығынан айыру мерзімі кем дегенде бір жыл болады. Үндістанда жануарларға қатысты қатыгездік жағдайларын анықтауға және оларды жауапқа тартуға көмектесетін ұйымдар белсенді жұмыс істейді.


Фото: elements.envato.com

Жапония

1973 жылы Жапонияда жануарларды азаптап-қорлайтындарды, барлық сүтқоректіге, құстарға және бауырымен жорғалаушыларға қатысты қатыгездікті жазалау туралы заң шықты.

Жануарларды өлтірген немесе себепсіз жарақаттағандар бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Одан бөлек, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе миллион иенге дейін айыппұл салу қарастырылған. Жануарды қатты жарақаттаған зорлық-зомбылық үшін 500 мың иенге (1,98 миллион теңге) дейін айыппұл салынады.

Егер қожайыны үй жануарын тамақтандырмаса және бұл оның денсаулығына әсер етсе, билік мұндай қожайындарға 400 мың иенге (1,5 миллион теңге) дейін айыппұл салады. Мұнда жануарды далаға лақытырып тастау да қатыгездікке жатады және бұл әрекеті үшін мысық пен иттің қожайыны қыруар қаражатын жоғалтады.

Нидерланд

Нидерландта да жануарлар құқығы туралы заңнама бар. 2015 жылдан бастап жабайы жануарларды циркте пайдалануға тыйым салынады.

Бұл елде дүние жүзінде алғаш болып қаңғыбас жануар мүлдем жоқ. Бұған жету үшін олар жануарларды жойған жоқ. Бұған төрт негізгі өзгеріс ықпал етті.


Фото: elements.envato.com

Алдымен Нидерланд билігі жануарлар құқығын енгізді. Үй жануарларына жоғары салықтар салынады, сондықтан қожайыны оларды баптап ұстауға ерекше ниетпен кіріседі.

Одан бөлек, жануарларға қатал қарағаны үшін адамды ауыр жазалар күтіп тұр. Яғни, мұндай қылмыс жасағандарды үш жылға бас бостандығынан айыру және 17 мың еуро (8,4 миллион теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Сондай-ақ, елде жануарларды жаппай зарарсыздандыру міндетті саналады.

Грекия

Грекияда жануарлар құқығын қорғау туралы заң 2012 жылы шығарылған. Грекияда дені сау жануарларға қатысты эвтаназия толығымен тыйым салынған. Сондай-ақ, жануарларды ойын-сауық мақсатында қолдануға болмайды.

Бұл елде барлық жануарларға чип салынады. Микрочиптер базасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің еншісінде. Микрочипсіз жануарларды сатуға тайым салынған. Ал микрочип салынған жануар жоғалып кетсе, қожайыны 5 күн ішінде хабарлауы қажет.


Фото: elements.envato.com

Үй жануарының қожайыныодан бас тартса немесе асырауға мүмкіндігі болмаса муниципалитетке тапсыруға тиіс.

Нидерландта жануарларға деген қатыгездікке бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар, жануардың қожайынына 15 мың еуроға (7,4 миллион теңге) дейін айыппұл салынады.

Ал жануарды ұрлаған 6 айға дейін сотталып, 3 мың еуро (1,4 миллион теңге) көлемінде айыппұл арқалайды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 522.58  course up  549.54  course up  5.08  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer