Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
24 декабря 2020 13:24

"Балаларға қауіпті болуы мүмкін". Ғалымдар коронавирустың штамы туралы не дейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штамы тез тарап жатыр. Вирустың бұл түрінің ерекшелігі - ол адамнан адамға 70 пайызға тез жұғады. БАҚ мәліметтерінше, COVID-19-дың жаңа штамы Ұлыбританиядан бөлек тағы бірнеше елде анықталған. Ғалымдар вирустың бұл түрі вакциналарға кері әсер етпейтінін айтады. Алайда жаңа "ұлыбританиялық" штамм балаларға қауіпті болуы мүмкін екен. Tengrinews.kz тілшісі ғалымдардың тез тарап жатқан жаңа вирусқа қатысты болжамдарына шолу жасады.  


Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штамы тез тарап жатыр. Вирустың бұл түрінің ерекшелігі - ол адамнан адамға 70 пайызға тез жұғады. БАҚ мәліметтерінше, COVID-19-дың жаңа штамы Ұлыбританиядан бөлек тағы бірнеше елде анықталған. Ғалымдар вирустың бұл түрі вакциналарға кері әсер етпейтінін айтады. Алайда жаңа "ұлыбританиялық" штамм балаларға қауіпті болуы мүмкін екен. Tengrinews.kz тілшісі ғалымдардың тез тарап жатқан жаңа вирусқа қатысты болжамдарына шолу жасады.  

Ұлыбританияда тез тарап жатқан вирус - коронавирустың мутацияланған түрі. Медицина профессоры Алмаз Шарманның сөзінше, коронавирус мутациялануға бейім. COVID-19 анықталғалы бері коронавирус 20 рет мутацияланған екен.

"Мутация кезінде вирус агрессив әсер етеді деген сөз емес. Тез жұғуы әбден мүмкін, бірақ өлім жағдайы көп болмайды. Негізі вирус - паразит, олар қожайынысыз, яғни адамсыз өздігінен өмір сүре алмайды. Вирус жұқтырған адам өліп кетсе, вирустың да көзі жойылады. Сондықтан вирус үшін "қожайынының" өлімі тиімсіз. Вирус тірі жүруі үшін мутацияланады. Яғни бұл қалыпты эволюциялық процесс", - дейді профессор.

Ал танымал дәрігер Евгений Комаровскийдың сөзінше, жаңа штамм туралы ақпаратты әлі де тексеру қажет. Оның айтуынша, вирустың тез тарауына ауа райынан бастап әр науқастың өзіндік денсаулығының ерекшелігі әсер етуі мүмкін.

"Көп мөлшерде вирус жұтып алмау үшін не істеу керек? Маска тағып, адамдардан алшақ болып, халық көп, оттегі аз жерде жүруден аулақ болу керек", - дейді Комаровский.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Доктор Комаровский (@doctor_komarovskiy)

Дәрігер "ұлыбританиялық" коронавирус қазіргі вакциналардың тиімділігіне әсер етпейтінін айтады.

"Ұлыбритания мутация орталығына айналды, себебі оларда вирусологиялық қызмет жақсы дамыған. Ұйым вирустарды анықтап қана қоймай, олардың құрылымын зерттейді. Сондықтан вирустың осы түрін анықтаған", - дейді дәрігер.

Грекиядағы эпидемиолог дәрігер, Афина университетінің Гикас Майоркинистің сөзінше, вирустың жаңа түріне қатысты гипотеза дәлелденген күннің өзінде ол коронавируспен күрес шараларына еш әсер етпейді. Маман Ұлыбританияда эпидемияның үшінші толқыны басталып жатқанын айтады.

"Ұлыбританияда эпидемия күшейе бастады, коронавирустың үшінші толқыны басталғанының белгісі болуы мүмкін. Себебі бүгінде елде күніне COVID-19 жұқтырған 30 мыңдай адам анықталып жатыр. Бір шеті өлім деңгейі тұрақтанған секілді: күніне 500 адам", - дейді ол.

"Жағдайды ушықтырған мутация". Ұлыбританияда тарап жатқан коронавирустың жаңа түрі туралы не белгілі?

Ал Лондондағы Imperial College профессоры Нил Фергюсон вирустың жаңа түрі балаларға қауіпті болуы мүмкін деген пікірді алға тартады.

"Бес-алты апта бойы бақылау жасап, 15 жасқа дейінгі балалар арасында жаңа штамм жұқтырғандар саны бұған дейін белгілі коронавирусқа қарағанда айтарлықтай көп екенін байқадық", - дейді Фергюсон.

Көбейіп, тез тарайтын кез келген биологиялық нысанның артықшылығы болады және ол қазіргі штамның орнын алмастырады. Бұл туралы Ресейдегі "Вектор" орталығындағы зертхананың бұрынғы басшысы Александр Чепурнов мәлімдеді.

"Бұл міндетті биологиялық қасиет және одан ешқайда қашып құтыла алмайсың. Енді оның нашар патогендік қасиеті жоқ деп үміттену ғана қалады", - дейді маман.

14 желтоқсанда Ұлыбританияда SARS-CoV-2 коронавирусының қазіргі формасына қарағанда тез тарайтын түрі шыққаны белгілі болды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок хабарлаған болатын. Оның сөзінше, коронавирустың жаңа штамы елдің оңтүстік-шығысында тез тарап жатыр. Алғашқы зерттеу жұмыстары кезінде инфекцияның жаңа түрі елде белгілі вирустан тез тарайтыны анықталған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети