10 ноября 2020 | 10:11

"Белгісіздік сақталып отыр" - Дәленов әлемдік экономика туралы

Даурен Ерболат Журналист
Фото Турар Казангапов ©/TENGRINEWS

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов биылғы 10 айда жылдық инфляция 7,1 пайыз болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов биылғы 10 айда жылдық инфляция 7,1 пайыз болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы әлемдік экономикаға әлі әсерін тигізіп жатыр.

Реклама
Реклама

"Әлемдік экономика мен саудада белгісіздік сақталып отыр. Халықаралық қаржы ұйымдарының 2020 жылға арналған жаңартылған болжамдары бойынша әлемдік экономиканың өсу қарқынының төмендеуі минус 4,4 пайыздан минус 7,6 пайыз, әлемдік сауда минус 7 пайыздан минус 10,6 пайыз аралығында бағаланады. Жаһандық инвестициялар осы жылдың бірінші жартыжылдығында 2 есе төмендеді. Жекелеген елдерде қайта шектеу шаралары енгізіліп жатыр", - дейді министр Үкімет отырысында.

Руслан Дәленов биылғы 10 айда Қазақтан экономикасындағы өзгерістерге тоқталды.

"Өндіруші емес секторларға салынған инвестициялар ұлғайды, нақты секторда өсу сақталып отыр, қызметтер саласы тұрақтанды және экономиканы кредиттеу ұлғайып жатыр.

Қазанда құркүйекпен салыстырғанда қызметтер саласы өсіп жатыр. Алайда шектеулік салалары әлі де теріс әсер етіп отыр.

10 айдың қорытындысы бойынша тауарлар өндірісі 1,9 пайызға өсті. Бұл ретте қызметтер көлемі 6,1 пайызға қысқарды. Осылайша, жалпы ішкі өнім 2,9 пайызға төмендеді. Жылдық инфляция 7,1 пайыз болды", - дейді ол.

Министр нақты сектор салаларының басым бөлігі және жекелеген қызмет түрлері жақсы өсу қарқынын көрсеткенін атап өтті.

"Олар құрылыс (10,7 пайызға өсу), ақпарат және байланыс (8,2 пайыз), ауыл шаруашылығы (5,2 пайыз), өңдеу өнеркәсібі (3,2 пайыз). Сонымен қатар, төмендеу көлік (17,3 пайыз), сауда (9,4 пайыз), ғылыми және техникалық қызмет (5,2 пайыз), жылжымайтын мүлікпен операциялар (4,6 пайыз), әкімшілік қызмет көрсету (4,4 пайыз) салаларында байқалды", - дейді Дәленов.

Ведомство басшысы 10 айда кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, инвестиция көлемі 14,7 пайызға өскенін айтты.

"Инвестицияның елеулі көлемі тұрғын үй құрылысына 30 пайызға өсумен 1,5 триллион теңге, көлікке - 8 пайызға өсумен 959 миллиард теңге, өңдеу өнеркәсібіне - 11 пайызға өсумен 661 миллиард теңге, оның ішінде азық-түлік өнімдеріне - 20 пайыз өсумен 75 миллиард теңге, ауыл шаруашылығына - 8 пайыз өсумен 413 миллиард теңге тартылды", - дейді ол.

Оның айтуынша, экономиканы кредиттеу жыл басымен салыстырғанда 3,5 пайызға ұлғайған.

"Кредиттердің ең көп өсуі (15,8 пайызға), ауыл шаруашылығында (12,5 пайыз), өнеркәсіпте (6,6 пайыз) және құрылыста (5,1 пайыз) салаларында байқалады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 5,9 пайызға ұлғайды, бұл тұтынушылық кредиттердің және жалпы экономиканы кредиттеудің өсуінен жоғары.

Өңдеу өнеркәсібі салаларында өсу жеделдеді. Фармацевтика 40 пайызға дейін, жеңіл өнеркәсіп - 16 пайызға дейін, машина жасау - 17 пайызға дейін, автомобиль жасау - 54 пайызға дейін жеделдеді", - дейді министр.

Дәленов 9 айда сыртқы сауда айналымы 62,8 миллиард доллар болғанын айтты.

"Экспорт 35,3 миллиард долларды, импорт - 27,5 миллиард доллар болды. Осылайша, сауда теңгерімінің оң сальдосы 7,8 миллиард доллар деңгейінде қамтамасыз етілді. Өңдеу өнеркәсібінде өсу 3,2 пайыз деңгейінде сақталып отыр. Бұл ретте кен өндіру өнеркәсібі 3,1 пайызға төмендеді. Осылайша, өнеркәсіптің нақты көлем индексі 99,4 пайыз болды", - дейді ол.

Министр өңірлердің көбінде өнеркәсіптің өсу көрсеткіші байқалғанын жеткізді.

"Ең жоғары өсуді Қостанай (6,9 пайыз), Ақмола (6,3 пайыз), Солтүстік Қазақстан (5,5 пайыз), Батыс Қазақстан (5,2 пайыз) облыстары көрсетті.

6 өңірде төмендеу тіркелді. Олар Қызылорда (-12,3 пайыз), Маңғыстау (-7,5 пайыз), Атырау (-3,6 пайыз), Шығыс Қазақстан (-2,7 пайыз), Түркістан (-0,3 пайыз) облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы (-3 пайыз).

Өңдеу өнеркәсібі 3,2 пайызға өскен. Өңірлер бойынша жоғары өсу Қостанай (19,3 пайыз), Түркістан (10,1 пайыз), Ақмола (8,7 пайыз), Солтүстік Қазақстан (7,8 пайыз) облыстарында байқалады. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Олар Батыс Қазақстан (-4,3 пайыз), Шығыс Қазақстан (-3,5 пайыз), Ақтөбе (-0,4 пайыз) облыстары және Шымкент қаласы (-3 пайыз)", - дейді Дәленов.

Ведомство басшысы 10 айда негізгі капиталға 9,4 триллион теңге сомасында инвестиция тартылғанын атап өтті.

"13 өңір өсу көрсетті. Оның ішінде ең жоғары көрсеткіштер Түркістан (70,6 пайыз) облысында және Шымкент қаласында (54,3 пайыз) байқалып отыр.
4 өңірде төмендеу тіркелді. Олар Батыс Қазақстан (-28,8 пайыз), Атырау (-25,3 пайыз), Қызылорда (-24,7 пайыз) және Қарағанды (-14,9 пайыз) облыстары", - дейді министр.

Руслан Дәленов құрылыс секторы серпінді өсуді көрсетіп отырғанын жеткізді.

Орындалған жұмыстардың көлемі 10,7 пайызға өсті. Белсенді құрылыс жұмыстары Түркістан облысында (78,3 пайыз) және Шымкент қаласында (64,2 пайыз) байқалады.

10,7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,7 пайызға көп", - дейді ол.

Оның айтуынша, өңірлерде 7 экономикалық көрсеткіш бойынша жалпы жағдай келесідей.

"5 көрсеткіш бойынша 9 өңірде өсу байқалады. Олар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы. Сондай-ақ 6 өңірде 3-4 көрсеткіш бойынша өсу тіркелді. Бұл орташа деңгей. 2 өңірде 2 көрсеткіш бойынша ғана өсу байқалады. Олар Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары", - деп түйіндед сөзін Дәленов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная