Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 июля 2020 12:50

Коронавирусты қытайлық ғалымдар ерте білгені рас па? Әлем басылымдарына шолу

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Бүгін Гонконгтен АҚШ-қа қашып кеткен Ли Мэн Янь есімді қытайлық ғалым Fox News телеарнасына эксклюзив сұхбат беріп, коронавирус туралы "бар шындықты" айтып бергені белгілі болды. Қытайлық ғалым ел билігі жаңа коронавирус жайлы әлемге жарияламастан бұрын ол туралы білгенін айтқан. Оның айтуынша, ғалымның бұл ақпаратты АҚШ-қа барып айтуына өмірінің қауіпсіздігі себеп болған. Осыған орай Tengrinews.kz тілшісі осыған дейін коронавирус туралы "шындықты" айтқан адамдарды жинады.  


Бүгін Гонконгтен АҚШ-қа қашып кеткен Ли Мэн Янь есімді қытайлық ғалым Fox News телеарнасына эксклюзив сұхбат беріп, коронавирус туралы "бар шындықты" айтып бергені белгілі болды. Қытайлық ғалым ел билігі жаңа коронавирус жайлы әлемге жарияламастан бұрын ол туралы білгенін айтқан. Оның айтуынша, ғалымның бұл ақпаратты АҚШ-қа барып айтуына өмірінің қауіпсіздігі себеп болған. Осыған орай Tengrinews.kz тілшісі осыған дейін коронавирус туралы "шындықты" айтқан адамдарды жинады.  

COVID-19 туралы алғаш ескерткен дәрігер

Коронавирус туралы ең алғаш ескерткен - ухандық офтальмолог дәрігер Ли Вэньлян. Ол қауіпті індет коронавирус туралы 2019 жылдың желтоқсанында ескерткен.

Дәрігер былтыр 30 желтоқсанда медицина академиясындағы әріптестеріне бірдей белгімен ауруханаға түскен жеті науқас туралы айтып берген. Алғашында ол бұл 2000 жылдары Қытай мен өзге елдерде эпидемия тудырған вирус (SARS) деп ойлаған. Оның бұл болжамын әріптестері талқыға салған.


Дәрігер Ли Вэньлян © CNN  

Түн уақытында Ухандағы денсаулық сақтау басқармасының шенеуніктері дәрігерді шақырып, неліктен қауесет таратып жүргенін түсіндіруді талап еткен. Артынша дәрігер полициядан ресми ескерту алып, оған қоғамдық толқу тудыруы мүмкін қауесетті таратқаны үшін айып тағылған. Алайда тек бір айдан кейін Қытайдың Жоғары соты бұл ақпаратты жасырып қалудың қажеті жоғын мойындаған.

Ал дәрігер бұл уақыт аралығында науқастарға көмек көрсетуін жалғастырған. 10 қаңтарда Ли Вэньлян өзін нашар сезінген, сонымен қатар, оның туыстары да ауырып қалған. Бірінші ақпанда дәрігер 2019-nCoV вирусын жұқтырғанын хабарлаған. Ал 6 ақпанда коронавирус туралы алғаш ескерткен дәрігердің көз жұмғаны белгілі болды.

Коронавирус туралы "бар шындықты" айтқан

Ли Мэн Янь есімді қытайлық ғалым Гонконгтен АҚШ-қа қашып кеткен. Бүгін оның Fox News телеарнасына эксклюзив сұхбат бергені белгілі болды. Оның айтуынша, ғалым Қытай билігі жаңа коронавирус жайлы әлемге жарияламастан бұрын ол туралы білген. АҚШ-қа келуінің басты себебі де сол: COVID-19 туралы "бар шындықты" айту.

Ал бұл оқиға туралы Қытайда емес, АҚШ-қа келіп айтуына өмірінің қауіпсіздігі себеп болған көрінеді. Ол бұл жайлы аспан асты елінде айтса "жоғалып кететінін немесе өлтірілетінін" айтады.

Ли Мэн Янь әлемде COVID-19-ды зерттеген алғашқы маманның бірі екенін жеткізді. Ол 2019 жылы ДДҰ референтті зертханасындағы жетекшісі доктор Лео Пуннан материктік Қытайда тіркелген SARS ауруынан дерттің үлгісін талдауға тапсырма алыпты.


Ли Мэн Янь © foxnews.com 

31 желтоқсанда Янның досы, ауруды бақылау және алдын-алу орталығының ғалымы оған вирустың адамнан адамға жұғуы мүмкін екенін айтқан. Бұл Бейжің мен ДДҰ COVID-19 вирусын ресми түрде мойындағаннан әлдеқайда ертерек болған.

Вирусологтың айтуынша, оның басшылары көптеген адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін зерттеулерді елемеген. Сондай-ақ, оған "қызыл сызықтан өтпеуге кеңес беріпті".

Сонымен қатар, Янь ДДҰ референт зертханасының тең құқылы директоры, профессор Малик Пейрис бұл оқиға туралы білгенін, бірақ ештеңе істемегенін атап өтті.

Ғалым өміріне қауіп төніп тұрғанын жеткізді. Оның пікірінше, ол ешқашан Отанына қайта алмайды және отбасымен және достарымен көрісу мүмкіндігінен айырылған. ДДҰ мен Қытай билігі Ли Мэн Янның сұхбатына түсініктеме бере отырып, коронавирустың таралуы туралы ақпаратты жасырды деген айыптауларды жоққа шығарды. Халықаралық ұйымдардың өкілдері Fox News телеарнасына Янь, Пун және Пейрис есімді мамандардың ДДҰ зертханасында жұмыс істемегенін мәлімдеді. Сондай-ақ, Аргументы и факты мәліметінше, Гонконг университеті (HKU) Ли Мэн Янь аталған оқу орнында постдокторант болғанын, алайда кейін ол жерден кетіп қалғанын мәлімдеген.

Вашингтонның Қытайдағы елшілігі телеарнаға Ли Мэн Янь туралы ештеңе білмейтінін айтты. Қытайлық дипломаттар коронавирустың өршуіне Қытай үкіметі тез әрі тиімді әрекет еткенін атап өтті.

"Жергілікті билік вирустың масштабы туралы негізгі ақпараттарды айтпаған"

Қытайдың белгілі эпидемиологы, қытайлық биліктің кеңесшісі Чжун Наньшань CNN-ге берген сұхбатында COVID-19 туралы жасырын қалған мәліметтерді атады. Профессордың сөзінше, коронавирус алғаш анықталған Уханда, жергілікті билік вирустың масштабы туралы негізгі ақпараттарды айтпаған. Одан бөлек, Ухан билігі үкіметтен вирустың табиғаты туралы ақпаратты жасырып қалмақ болған. Эпидемиологтың сөзінше, жергілікті шенеуніктер вирус адамнан адамға тарайтынын айтқысы келмеген.


Чжун Наньшань © Xinhua  

Сарапшы вирус нақты қайдан пайда болғаны туралы сұраққа "әзірше түпкілікті қорытынды жасау қиын екенін, бірақ ол жануарлардан тараған болуы мүмкін екенін" айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети