Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 июля 2020 10:02

"Қош бол, COVID-19". Қазақ жігіті чехтердің "ақылды карантині" туралы баяндады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәулет Түймебай © Жеке архивінен Дәулет Түймебай © Жеке архивінен

Чехия - коронавирусты жеңгенін мәлімдеген елдердің бірі. Ел дүние жүзінде коронавирус жұқтырған науқас саны бойынша 66-орында. Таяуда елде коронавирус пандемиясы аяқталғанына байланысты мерекелік шара өткен. Адамдар өзімен бірге тәттілерін алып келіп, фуршет жасаған. Елдегі қазіргі жағдай қалай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Чехиядағы "Аманат" қазақ жастарының қауымдастығының төрағасы, жеті жылдан бері Прагада тұрып жатқан астаналық Дәулет Түймебай айтып берді.


Чехия - коронавирусты жеңгенін мәлімдеген елдердің бірі. Ел дүние жүзінде коронавирус жұқтырған науқас саны бойынша 66-орында. Таяуда елде коронавирус пандемиясы аяқталғанына байланысты мерекелік шара өткен. Адамдар өзімен бірге тәттілерін алып келіп, фуршет жасаған. Елдегі қазіргі жағдай қалай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Чехиядағы "Аманат" қазақ жастарының қауымдастығының төрағасы, жеті жылдан бері Прагада тұрып жатқан астаналық Дәулет Түймебай айтып берді.

Дәулет Түймебай алдымен елде коронавирус пандемиясы қалай өткенін айтып берді. Оның айтуынша, елде карантин енгізілгеніне қарамастан саябақта қыдыруға, сыртта жаттығуға шектеу қойылмаған.

"Себебі мұндағы халық спортпен белсенді айналысады. Сондай-ақ республиканың басқа аймақтарына баруға тыйым салынған жоқ. Коронавирусқа байланысты Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі әртүрлі ойда болды. Себебі ІІМ карантинді елдің белгілі бір аймақтарында ғана енгізуді ойласа, ал ДСМ ауру көп тарайтын кезеңнен тезірек өту үшін толық карантин енгізуді ұсынды. Елде ауырғандар саны көп болатын кезең наурыздың соңында болды. Себебі күніне COVID-19 жұқтырған 800 адамнан анықталып отырды. Бұл кезең сәуірдің соңына қарай жағдай жақсара бастады", - дейді ол.

Айта кетейік, worldometers мәліметінше, елде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд 27 наурызда тіркелген: бір күнде COVID-19 жұқтырған 373 адам анықталған. Ал 7 шілдедегі мәлімет бойынша, бір тәулікте 119 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.   


Дәулет Түймебай

Чехия "ақылды карантинді" жариялаған елдердің бірі. Карантин режимін жеңілдетуге арналған бес сатылы жоспары болған. Ол "чех моделі" деп аталған екен.

"Мамырдың басынан бастап карантин режимі біртіндеп жеңілдей бастады. Бүгінде барлық мейрамхана ашық, әрине, арақашықтық сақталады. Спорт залдары мен кинотеатрлар жұмысын бастады. Көрші елдерден Австрия, Германия мен Словакияға шығуға болады", - дейді Дәулет.

Чехтер коронавирус пандемиясы кезінде жұмыс істеген түрлі құрылымдардың қызметіне сауалнама арқылы дауыс берген екен.  

"Зерттеу нәтижесі бойынша, жергілікті тұрғындар дәрігерлер қызметін 94 пайыз, өртсөндірушілердің қызметін 91 пайыз, полиция қызметін 87 пайызға жақсы орындап шыққан. Жалпы қабылданған карантин шараларына 85 пайыз жақсы пікірлер айтылған. Сондай-ақ мемлекеттің жұмысына 64 пайыз жақсы деген баға берген. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұмысына 50 пайыз адамның көңілі толмаған.

Чехия өзге де Еуропа елдеріндегі адамдар секілді коронавирус пандемиясына дейін де кафеде, мейрамханада, автобуста арақашықтықты сақтап жүретін. Автобустарды эпидемияға дейін де дезинфекциялайтын. Бұған дейін жабық нысандарда маска тағып жүру міндеттелген. Бірақ бұл ережені де 1 шілдеден бастап алып тастады. Тек метроға маска тағып кіру керек. Ал жалпы қазір көптеген адам маска тақпайды", - дейді Дәулет.

Чехиядағы қазақстандық елдегі медицина қызметі туралы баяндап берді. Оның айтуынша, Чехияның медицина қызметі біреуге үнаса, енді біреуге жақпауы мүмкін.

"Елдегі медицина жағдайын Чехияда біраз жыл тұрған адам да оның қыр-сырын анық түсінбеуі мүмкін. Кейде көңілің толады, кейде көңілің көншімейтін кездер болады. Себебі бұл жерде Қазақстандағыдай емес: егер дене қызуың жоғары болса, жедел жәрдем келіп, сені алып кетпейді. Дене қызуы, жүректің айнуы деген секілді белгілерге бола дәрігерлер келмейді. Тек инфаркт не ашық дене жарақаттары болса жедел жәрдем шақыра аласың", - дейді Дәулет.

"Қош бол, COVID-19"

Елде коронавирустың аяқталуына байланысты фуршет Праганың орталығындағы Карлов көпірінде болған. Дәулет Түймебай оның қалай өткенін баяндап берді.

"Жалпы 515 метр фуршет столы жайылды. Оған кез келген адам келіп қатысуға мүмкіндік алды. Тек бір шарт қойылды: әркім өзімен бірге дастарханға қоятын тәттілер мен тағам әкелуі керек болды. Сондай-ақ ол шараға алдын ала тіркелу керек болды. Көптеген адам "Қош бол, COVID", "Біраз уақыт бір-бірін көрмеген адамдар қуанатын болды" деп жазылған плакатпен шығып, ұрандатты. Оны Прага-1 ауданының мэрі мен "Пиано" мейрамхана қауымдастығы ұйымдастырды. Бұған дейін бұл шараны Louis Vuitton ұйымдастырғысы келді деген сөздер болды", - дейді ол.


© brestcity.com

Дәулет Түймебай Прага тұрғындары коронавирусқа байланысты үрейлі кезеңнен өткенін айтады.

"Чехия науқастардың саны көп болатын, паникалық шабуыл көп болатын, психологиялық қорқыныш кезеңнен өтті. Менің өзім ПТР тестін тапсырдым. Менде тек ангина анықталды. Мұндағы адамдар жоғарыда айтқанымдай үнемі әлеуметтік қашықтықты сақтап жүреді. Меніңше, жағдайдың қалай өрбитінін күту керек. Басқа нұсқа көріп тұрған жоқпын. Чехтер жағдай қалай болатынын күтті. 60 пайыз кеңсе қызметкері қашықтан жұмыс істеді. Көптеген адам коронавирусқа сенбейді. Ал чехтер жауапкершілікпен қарап, барлық сақтық шарасын сақтап, мемлекетпен бірлесіп, жұмыс істеді", - деп түйіндеді отандасымыз.

Айта кетейік, Чехияда коронавирус пандемиясы басталғалы 12 мыңнан аса адамнан COVID-19 анықталған. Оның ішінде, 7873 адам аурудан айығып шықса, жалпы 351 адам қайтыс болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети