22 декабря 2020 | 16:47

"Мен де салдырамын". Ел президенттерінің коронавирусқа қарсы вакцинаға қатысты ойы қандай?

Желтоқсан айындағы жағдай бойынша, дүние жүзінде 200-ге жуық үміткер вакцина болса, оның 52-сі клиникалық сынақтан өтіп жатыр. Бүгінде коронавирусқа қарсы үш вакцина клиникалық сынақтың ІІІ кезеңінен өтіп жатыр, оның төртеуі қытайлық екпе. Мемлекет басшылары COVID-19-ға қарсы вакцинаға қатысты түрлі ой білдірген. Бірі вакцинаны салдырса, енді бірі жаппай вакцинация басталған кезде салуды жоспарлап отыр. Tengrinews.kz тілшісі ел президенттерінің вакцинаға қатысты ойын жинады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желтоқсан айындағы жағдай бойынша, дүние жүзінде 200-ге жуық үміткер вакцина болса, оның 52-сі клиникалық сынақтан өтіп жатыр. Бүгінде коронавирусқа қарсы үш вакцина клиникалық сынақтың ІІІ кезеңінен өтіп жатыр, оның төртеуі қытайлық екпе. Мемлекет басшылары COVID-19-ға қарсы вакцинаға қатысты түрлі ой білдірген. Бірі вакцинаны салдырса, енді бірі жаппай вакцинация басталған кезде салуды жоспарлап отыр. Tengrinews.kz тілшісі ел президенттерінің вакцинаға қатысты ойын жинады.

АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байденге тікелей эфирде Pfizer және BioNTech компаниялары жасаған коронавирусқа қарсы екпе салынды. Вакцина дүйсенбіде Ньюарк қаласындағы (Делавэр штаты) ChristianaCare ауруханасында жасалған. Байденнің сөзінше, вакцина қауіпсіз. Вакцинаны президенттің әйелі Джилл де салдырған.

Реклама
Реклама

"Америкалықтарға үндеу жасай отырып, уайымдайтын ештеңе жоғын айтқым келеді. Мүмкіндік бар кезде екпе салдырып алыңыздар", - деді ол Twitter желісіндегі парақшасында.  

Байденге вакцинаның алғашқы дозасы салынған. Екінші доза қашан салынатыны әлі белгісіз.

Ал украиналықтар ресейлік вакцинаға сенім артатын болып шыққан. Мұны естіген ел президенті Владимир Зеленский таңданысын жасырмаған. Себебі ол америкалық вакцинаны алдыруды жоспарлаған екен. Алайда ол АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың вакцина экспорттауға тыйым салғандықтан ол мүмкін болмаған.

"Әрине, украиналық қоғамға Америка мен Еуропа елдері вакцина бермей отырған кезде ресейлік вакцинаны неліктен алуға болмайтынын түсіндіру қиын", - деді Зеленский.

Айта кетейік, бұған дейін Трамп америкалықтар толығымен вакцина алмайынша, оны өзге елдерге тасымалдауға тыйым салатын жарлыққа қол қойған болатын. Қаулы америкалықтарға вакцинаны бірінші болып алуға мүмкіндік береді.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы партиясы қай елдерге жеткізілді?

Ал Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер елде коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталғанын құптады. Оның айтуынша, бұл коронавируспен күрестегі маңызды күндердің бірі. Штайнмайер Германия Еуропалық дәрі-дәрмектер агенттігінің мақұлдауын күтіп отырғанын айтады. Артынша ол шешімді Еуропа одағы қарастырғаннан кейін Еуропа елдерінде вакцинациялау басталады.

"Мен вакцинация басталғанына қуаныштымын. Әр вакцина біздің қалыпты өмірге оралуымызға мүмкіндік береді. Әрине онымен пандемия аяқталады деген сөз емес. Бірақ бұл аурудың төмендеуіне әсер етеді", - дейді Штайнмайер.

© Reuters

Ресей президенті Владимир Путин коронавирусқа қарсы вакцинаны әлі салдырмады. Себебі, оның айтуынша, Путиннің жасындағы адамдар үшін вакцина әлі дайын емес екен (Путин 68 жаста). Ол мүмкіндік болған жағдайда бірден салдыратынын айтты. Қазір елде 18-60 жас аралығындағы адамдар вакцина салдыра алады.

"Мамандар вакцина белгілі бір жас мөлшеріндегі адамдарға салуға болатынын айтады. Мен сияқтылар үшін вакцина әлі жетпеді", - деді ол.

Путин жаппай вакцинациялауды қолдап отыр. Президенттің сөзінше, ресейлік вакцина тиімді.

"Жаппай вакцинация халықтың иммунитетін қалыптастырады", - деді Путин 17 желтоқсандағы баспасөз мәслихатында.

Ал Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған вакцина салдыруға дайын екенін айтады.

"Вакцинацияны бастаған кезде мен де салдырамын", - деді түрік басшысы.

Түркия коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны егер ол Анкараның талаптарына сай болса сатып алады. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлімдеген болатын.

Еске салайық, дүние жүзінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 77 миллионнан асты. Оның ішінде, 1,7 миллион адам қайтыс болса, 54,6 миллионы аурудан айыққан. Бүгінде науқас саны бойынша үштікте: АҚШ, Үндістан және Бразилия. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная