Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 марта 2020 12:17

"Өлім жазасы, депортация". Шетелде карантин режимін бұзғандарға қандай жаза қарастырылған?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Бүгінде коронавирус 200-ден аса елге тарап үлгерген. Әлем бойынша барлығы 720 мыңнан аса адам вирусты жұқтырып, 33 мыңға жуық адам қауіпті індеттен қайтыс болған. Көптеген мемлекет COVID-19-дың алдын алу үшін түрлі шара қабылдап жатыр. Алайда қабылданған ережелерге бағынбай жүргендердің де саны көп көрінеді. Коронавирус індетінің тарауына байланысты шетелде карантин режимін бұзғандарға қандай жаза қарастырылған? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалына. 


Бүгінде коронавирус 200-ден аса елге тарап үлгерген. Әлем бойынша барлығы 720 мыңнан аса адам вирусты жұқтырып, 33 мыңға жуық адам қауіпті індеттен қайтыс болған. Көптеген мемлекет COVID-19-дың алдын алу үшін түрлі шара қабылдап жатыр. Алайда қабылданған ережелерге бағынбай жүргендердің де саны көп көрінеді. Коронавирус індетінің тарауына байланысты шетелде карантин режимін бұзғандарға қандай жаза қарастырылған? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалына. 

Франция - 3750 еуро айыппұл

Франциядағы коронавирус эпидемиясы үшінші деңгейге жеткен. Француз билігінің шешімі бойынша, елде дәмхана, мейрамхана, кинотеатрлар мен азық-түлік сатпайтын дүкендер жабылған. 17 наурыздан бастап тұрғындардың жүріп тұруына да тыйым салынған. Жұма, 27 наурызда француз премьер-министрі Эдуард Филипп елді оқшаулау 15 сәуірге дейін созылатынын мәлімдеген. 

Францияда сыртқа қажет жағдайда ғана шығуға рұқсат берілгендіктен. Тәртіпке бағынбағандар үшін айыппұл қарастырылған. Күні кеше француз билігі айыппұлды 135 еуродан 200 еуроға көтеруге шешім қабылдаған. 

Сонымен қатар, Францияның Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елде карантинді бұзғаны үшін ең жоғары санкция 3750 еуро айыппұл және 6 ай бас бостандығынан айыру қарастырылған. 

"Егер сіз коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету бойынша шектеу шараларын құрметтемесеңіз, сізге санкциялар қолданылады. Бірінші заң бұзушылық үшін 135 еуро, бұл жағдай 15 күн ішінде қайталанса 1500 еуро көлемінде айыппұл салынады. Егер 30 күн ішінде үш хаттама жасалса - 3750 еуро айыппұл мен 6 айға дейін бас бостандығынан айырылады. Өзіңізді және басқаларды қорғаңыз", - делінген хабарламада.

Үндістан 

Үндістанда коронавирус пандемиясына байланысты 25 наурыздан бастап 21 күнге жалпы ұлттық оқшаулану режимі енгізілген. Алайда 26 наурыздың өзінде үй карантинін бұзған 3 мыңға жуық адам тұтқындалған. Ел билігі тұрғындардан сыртқа себепсіз шықпауын сұрап, қоғамдық көлік пен метро жұмысын тоқтатқан. 

Үндістан ІІМ премьердің үндеуінен кейін карантин режимін бұзған кез келген адам заң бойынша бір жылға дейін түрмеге қамалып айыппұл салынатынын ескерткен. Тіпті сыртта себепсіз жүргендерді тәртіп сақшылары таяқпен сабаған екен.


© REUTERS 

Сингапур - бір адам азаматтығынан айырылды

Бүгінде Сингапурға келген адамдар 24 күн үй карантинінде болуы керек. 23 наурыздан бастап ел билігі тұрғылықты жері жоқ шетелдіктердің кіруіне тыйым салды. 

Кеше Сингапурда ел билігі карантин режимін бұзған адамды азаматтығынан айырды. Шетелден келген ер адам үй карантинінде жатуы керек болған. 

Елдің Көші-қон және бақылау-өткізу бекеті басқармасы 53 жастағы сингапурлық Го Илья Виктор үй карантині талаптарын бұзғаны үшін төлқұжатының күшін жойды. Ол 3 наурызда Сингапурдан Индонезияға барған. 19 наурызда паром терминалы арқылы елге оралған. 

Одан бөлек, Vesti.ru мәліметінше, Сингапур үкіметі үй карантинінде отырудан бас тартқан адамдарға 10 мың сингапур доллары (шамамен 3,1 миллион теңге) мөлшерінде айыппұл немесе 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Ал шетелдіктер Сингапурде карантинге жатқызылғаннан кейін елден жер аударылады. 

© REUTERS

Италия - 3 мың еуро

Бүгінде Италияда 97 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырып, 10 мыңнан аса адам қайтыс болған. Ел бойынша коронавирус індеті тез тарағандықтан министрлер кабинеті алғашында сыртта себепсіз жүрген адамдарға 206 еуро көлемінде айыппұл салуға шешім қабылдаған. Алайда наурыздың соңына қарай Италияда 60 мыңнан аса адам карантин режимін бұзғандықтан 24 наурызда премьер Джузеппе Конте айыппұл көлемін 3 мың еуроға (шамамен 147 мың теңге) көтерген.

Ал Испанияда барлығы 80 мыңдай адам вирус жұқтырып, 7 мыңға жуық адам қайтыс болған. РИА Новости мәліметінше, карантин режимін бұзған 900 адам ұсталып, жалпы 100 мыңға жуық ескерту жасалған. Елде құқық қорғау органдарына бағынбаған 1 адам сотталған. Санта-Крус-де-Тенерифе соты заңға бағынбаған 1 адамды төрт айға қамаған. 

© REUTERS

Біріккен Араб Әмірліктері - 50 мың дирхам

28 наурызда БАӘ Бас прокуратурасы карантин режимін бұзған жағдайда салынатын айыппұл тізімін шығарған. Бір қызығы, елде маска тақпаған адамдарға айыппұл салынып, бір көлікте бірнеше адамды тасуға тыйым салынған екен. Мәселен, маска тақпаған адамдарға және көлікте үш адамнан көп адамды тасымалдаған жағдайда 1000 дирхам (шамамен 120 мың теңге), үй карантині режимін бұзған жағдайда 50 мың дирхам (шамамен 6 миллион теңгеден аса) айыппұл салынады. Жаңа заң 26 наурыздан күшіне енген. Тәртіп бұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл екі еселенеді, ал үшінші рет қайталанса іс прокуратураға жіберіледі екен. 

Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктерінде 570 адам коронавирус жұқтырып, 3 адам қайтыс болған.

Швейцария 

"Красная весна" ақпараттық агенттігінің мәліметінше, Швейцарияда 24 наурыздан бастап тұрғындарға тіпті азық-түлік дүкені мен дәріханаға баруға тыйым салынған. Ережеге бағынбағандарға 135 еуро, ал тәртіпсіздік қайталанған жағдайда 1,5 мың еуро айыппұл салынатын көрінеді. Сонымен қатар, карантин режимін елемей, бірнеше рет тәртіпсіздік жасаған адам жарты жылғы түрмеге қамалуы мүмкін. 

Қытай - өлім жазасы

РИА Новости мәліметінше, коронавирустың тараған ел болып саналатын Қытайда коронавирус жұқтырып, алайда карантиннен немесе емделуден бас тартқан адамдарға өлім жазасы тағайындалады екен. Сонымен қатар, жазаның бұл түрі эпидемия кезінде дәрігерлерге шабуыл жасап, оларға ауыр соққы жасап, қорғаныш киімін зақымдаған науқастарға қарастырылған. Одан бөлек, коронавирус жұқтырған адам дәрігерге түкірген жағдайда өлім жазасына кесіледі. 

Айта кетейік, Қытай коронавирус жұқтыру дерегі бойынша үшінші орында. Коронавирус тараған елде барлығы 81 мыңнан аса адам вирус жұқтырып, 3,3 мыңдай адам қайтыс болған. 

© REUTERS

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети