Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
23 апреля 2020 10:23

"Парламенттегі сегіз депутаттан анықталған". Коронавирус жұқтырған шенеуніктер

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. Фото: Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет. Фото: Тұрар Қазанғапов

Дүниежүзінде COVID-19 жұқтырғандар саны 2,5 миллион адамнан асты. Олардың қатарында қарапайым халық пен дәрігерлерден бөлек, танымал актер, әнші, спортшы, шенеуніктер бар. Коронавирус жұқтырған шенеуніктер туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.


Дүниежүзінде COVID-19 жұқтырғандар саны 2,5 миллион адамнан асты. Олардың қатарында қарапайым халық пен дәрігерлерден бөлек, танымал актер, әнші, спортшы, шенеуніктер бар. Коронавирус жұқтырған шенеуніктер туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

2020 жылғы 12 наурызда Канада премьер-министрі Джастин Трюдоның әйелі Софи Грегуар-Трюдоның коронавирусты анықтауға тапсырған тест нәтижесі оң болып шықты. Ерлі-зайыпты Лондоннан келгеннен кейін Софиден тұмау белгілері пайда болған.

Ертеңіне, 13 наурызда Аустралия ішкі істер министрі Питер Даттон әлеуметтік желіде COVID-19 жұқтырғанын жазды. 49 жастағы шенеунік таңертең тұрғанда дене қызуы көтерілгенін және тамағы ауырғанын айтты. Содан соң тест тапсырған және коронавирус жұқтырған болып шыққан.

El Pais басылымының хабарлауынша, Испания королі мен жұбайы Фелипе VI және Летисия коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдік болды. Летисия тең мүмкіндіктер министрі Ирен Монтеромен қайырылымдық шарасына бірге барған. Алайда король отбасының коронавирусқа тапсырған тесті теріс болды.

15 наурызда Испания үкіметінің баспасөз қызметі премьер-министрдің жұбайы Бегонья Гомес SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтырғанын хабарлады. Вирус анықталғаннан бір апта бұрын Бегонья Гомес Мадридте әйелдердің құқығы жөніндегі шеруге қатысқан. Шеруден кейін үкіметтің екі мүшесі - тең мүмкіндіктер министрі Ирен Монтеро және аймақтық саясат министрі Каролина Дариастың коронавирус жұқтырғаны белгілі болған.

Бразилиялық Estadão басылымы президент әкімшілігінің қызметкері Фабио Вайнгартен коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Ол АҚШ-қа ресми сапармен барған президент делегациясының құрамында болған. Бұдан бөлек, шенеунік өзінің Instagram парақшасына АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен суретін жүктеді.

Осы жағдайдан кейін Бразилия президенті Жаир Болсонару және АҚШ президенті Дональд Трамп КВИ жұқтыруы мүмкін деген ақпарат тарады. Бразилия басшысы өзінің Facebook парақшасында инфекция жұқтырмағанын жазды, ал Трамп алғашында бразилиялық шенеунікпен кездескен не кездеспегені есінде жоғын айтқан. Кейін, 14 наурызда, CNBC телеарнасына Ақ үйдің дәрігері Шон Конли президенттің коронавирус анықтауға тапсырған тесті теріс болып шыққанын мәлімдеді.

Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрінің науқастардың қауіпсіздігі жөніндегі орынбасары Надин Дорис британиялық парламентарийде коронавирус жұқтырған алғашқы шенеунік болды.

AFP басылымы Францияда мәдениет министрі Франк Ристер парламенттің төменгі палатасында болғанға дейін COVID-19 жұқтырған хабарлады. Кейін бірнеше адамнан КВИ анықталды. Ристерден бөлек, парламенттің төменгі палатасының депутатының да коронавирусқа тапсырған тесті оң болып шықты.

АР басылымының хабарлауынша, Иранда сарапшылар кеңесінің 78 жастағы мүшесі, аятолла Хашим Батайы коронавирустан қайтыс болған.

Fars агенттігінің хабарына қарағанда, Иранда жоғары лауазымдағы 4 шенеунік вице-президент Эсхак Джахангири, отбасы және әйелдер ісі жөніндегі вице-министр Масуме Эмтекар, туризм, мәдени мұра министрі Али Асгаре Мунесане және сауда, өнеркәсіп министрі Резе Рахмани коронавирус жұқтырған. Бұлардан бөлек денсаулық сақтау және медициналық білім вице-министрі Ираджа Харирчи және парламенттің сегіз депутатынан коронавирус анықталған.


Масуме Эмтекар. Фото: aa.com.tr

Енді елге оралсақ, 14 наурызда қазақстандық шенеуніктің коронавирус жұқтырғандармен бір рейсте келгені белгілі болды. Ол - Алматы қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы болған Айзат Молдағасымова. Департамент басшысы Майнедегі Франкфурттен Алматыға ұшып келген. Рейстегі жолаушылардың бірінен коронавирус анықталған. Айзат Молдағасымова бірден оқшауланып, коронавирусқа тест тапсырған. Теріс нәтиже көрсеткен соң, үйдегі карантинде 14 күн болды. Кейін жұмысын жалғастырды. Алайда қазір Айзат Молдағасымова уақытша қызметінен шеттетілді.

13 наурызда желіде "Нұр-Сұлтан қаласы сотының төрағасы Тілектас Бәрпібаев Германиядағы ұлына барған кезде коронавирус жұқтырды" деген ақпарат тарады. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бұл ақпаратты растамады, алайда желідегі хабарды да жоққа шығармады.

Кеше, 22 сәуірде, Қазақстан денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған Қамалжан Надыровтан коронавирус анықталғаны белгілі болды.


Камалжан Надыров. Фото: Тұрар Қазанғапов

Бірер сағаттан кейін Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Диас Ахметшәріп министр Елжан Біртановтың коронавирусты анықтауға тест тапсыратынын хабарлады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети