Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 июня 2021 15:08

"Ресей үшін жақсы күн". Байден мен Путиннің кездесуі қалай өтті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеше, 16 маусымда АҚШ және Ресей басшыларының алғашқы кездесуі өтті. Саммит өткізу туралы ұсынысты Вашингтон тарапы жасаған болатын. Екі ел президенті үзілісті қоспағанда үш жарым сағаттай әңгімелескен. Ресей мен АҚШ президенттерінің бірінші кездесуі қалай өтті? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 


Кеше, 16 маусымда АҚШ және Ресей басшыларының алғашқы кездесуі өтті. Саммит өткізу туралы ұсынысты Вашингтон тарапы жасаған болатын. Екі ел президенті үзілісті қоспағанда үш жарым сағаттай әңгімелескен. Ресей мен АҚШ президенттерінің бірінші кездесуі қалай өтті? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

Кездесуге дейін екі ел басшысы не деді?

15 маусымда Брюссельде НАТО саммитінің нәтижесі бойынша брифинг өтті. Америка басшысы Джо Байден баспасөз конференциясы кезінде Путин туралы ойын айтты. Ол Ресей басшысы "лайық қарсылас" екенін атап өтті.

"Мен онымен кездескенмін. Ол ақылды, қатал, ол лайық қарсылас дер едім", - деді Байден.

Одан бөлек, Ақ үй басшысы Ресеймен кей сала бойынша әріптестік орнатуға дайын екенін айтты. Бірақ әңгіме нақты қай сала туралы екенін нақтылаған жоқ.

"Мен президент Путинге біз әріптестік орната алатын салалар барын түсіндірмекпін", - деді ол.

Брифинг кезінде Байден ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға қатысты мәселені де көтере кетті. Ол егер Навальный түрмеде өлетін болса, Ресейдің басқа елдермен де қарым-қатынасы бұзылатынын мәлімдеген болатын.

Америка басшысының сөзінше, ресейлік оппозиционер өлетін болса бұл Ресейде адам құқығы сақталмайтынының тағы бір дәлелі болады. 

"Бұл трагедия болады", - деді Байден Брюссельде өткен баспасөз конференциясында. 

АҚШ президентінің сөзінше, "бұл басқа елдермен қарым-қатынасқа да кері әсерін тигізеді".  

"Менімен де", - деп қысқа қайырды Байден. 

Ал Владимир Путин АҚШ президенті Джо Байденмен кездесу алдында NBC News телеарнасына сұхбат берген болатын. Сұхбат кезінде Путин бірнеше сұраққа жауап берді.  

Әңгіме барысында NBC тілшісі Кейр Симмонс Путиннен "Сіз адам өлтірушісіз бе?" деп сұрады. Ол Байденнің ABC журналисіне берген сұхбатындағы Ресей президенті туралы жауабын еске салды. 

Бұған жауап ретінде Путин күліп: "Мен қызмет еткен уақыт аралығында барлық жақтан түрлі сылтау, себеп және қатыгездікпен жасалған шабуылдарға үйреніп қалғанмын, мұның ешқайсына мен таңғалмаймын. Ал қатаң риторикаға келер болсақ, менің ойымша, бұл АҚШ-тың жалпы мәдениетінің көрінісі", - деді Путин.

Журналист Путиннің президенттігі кезінде қайтыс болған бірнеше адамды атады: Анна Политковская, Сергей Магнитский, Александр Литвиненко, Борис Немцов, Михаил Лесин. Симмонс бұл кездейсоқтық па деп сұрады.

"Сіз әр түрлі себептермен, әртүрлі адамдардың кінәсінен әртүрлі уақытта шынымен зардап шеккен және қайтыс болған адамдар туралы айттыңыз. (...) Біз мұны жасаған қылмыскерлерді таптық, олардың кейбіреуі түрмеде отыр және біз осы бағытта жұмыс істеуге дайынбыз", - деп жауап берді Путин.

Кездесу қалай өтті?

Путин мен Байден кеше, 16 маусымда Женевада жергілікті уақыт бойынша 13.35-те (астана уақыты бойынша 17.35-те) кездесті. Екі ел президентінің кеңейтілген кездесуі астана уақыты бойынша 18.55-те басталды, ал 20.40-та кездесудің екінші кезеңі болды. Ла Гранж вилласына бірінші болып Путин келді. Байден 12 минуттан кейін қосылды.

Келіссөз басталардан бұрын Байден мен Путин суретке түсіп, артынша ғимаратқа кіріп кетті.

Фото: REUTERS

РИА Новости мәліметінше, кездесуге көп журналист келген. Келіссөздің бірінші кезеңі жабық түрде өткен болатын. Журналистердің шуынан екі ел басшысы не деп жатқанын түсіну қиын болған. Алайда Ресей басшысы кездесу туралы ұсыныс жасаған Байденге алғыс білдіргенін аңғаруға болады. Ал Байден бетпе бет сөйлескен пайдалырақ екенін айтқан.  

"Журналистер бір-бірін итеріп, қысылып, бір-біріне айғайлап жатты, бірақ ешкім қозғалған жоқ", - дейді Ақ үй пулы журналистерінің бірі.

Оның сөзінше, мұндай жағдай бұрын болмаған. Бұл жайтқа екі ел басшысы да назар аударды: күзет қызметкерлері журналистерді залдан шығарайын деп жатқан кезде Байден мен Путин әңгімелесіп, күліп те алған. 

Кітапханадағы кездесу. Екі президенттің ортасындағы үстелге ақ және жасыл түсті гүл шоғы қойылды. Женеваның ресми флористі 30 гүл композициясын дайындаған, оның көбі швейцариялық саясаттың негізі бейтараптық пен байсалдылықты білдіретін ақ және жасыл түсті гүлдер.


Фото: REUTERS

Путин мен Байденнің қасында Ресейдің сыртқы істер министрі - Сергей Лавров пен АҚШ-тың мемхатшысы Энтони Блинкен отырды. Айта кетейік, саммит өткізу туралы ұсыныс Вашингтон тарапынан жасалған болатын. РФ және АҚШ басшылары үш жарым сағаттай сөйлесті.

Артынша Джо Байден ресейлік әріптесімен әңгімелескеннен кейін журналистерге сұхбат беріп, кездесу қорытындысын жасады. Байденнің сөзінше, оның негізгі мақсаты - Путинге АҚШ-тың саясаты Ресейге қарсы бағытталағанын жеткізу болған. Байден кездесу позитив түрде өткенін атап өтті.

"Біз ортақ мүддемізге қарай әріптестік орнатуымыз керек. Әрине, келісе алмайтын тұстарымыз да бар", - деді АҚШ басшысы.

Байден кездесуде адам құқығы туралы мәселе өзекті болғанын айтады.

"Сондықтан біз Алексей Навальныйға қатысты болған оқиғаларға да алаңдаймыз. Мен Путинге адам құқығы туралы мәселені көтеруді жалғастыратынымызды жеткіздім, себебі біздің дүниетанымымыздың мәні сол", - деді Байден.

Ақ үй басшысы Навальныйдың өлімі неге әкеліп соғатынын тағы да ескертті.

Сонымен қатар, Байден кездесуден кейін Путинге деген сенімі қаншалықты өзгергені туралы айтты.

"Білесіз бе, бұл жерде мәселе сенімде емес. Әңгіме пайда мен оны тексеруде. Пудингтің дәмін білу үшін оны тексеріп көру керек. Жақында білеміз", - деді АҚШ президенті.

Көп ұзамай АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп екі ел президентінің кездесуіне байланысты ойын айтты. Ол Байденді сынап тастады. Ақ үйдің экс-басшысы Мәскеу саммит қорытындысы бойынша қолайлы жағдайда қалғанын, ал АҚШ "ештеңе алмағанын" айтады.

"Жалпы ештеңе ала алмадық деп есептеймін. Бірақ бұл Ресей үшін жақсы күн болды деп ойлаймын", - деді Трамп FoxNews тікелей эфирінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети