Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
15 июля 2021 13:03

Шетел президенттері еңбек демалысын қайда өткізеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz коллажы Tengrinews.kz коллажы

Жаз мезгілі көптеген адам еңбек демалысын алып, қызметі мен жұмысынан тынығып қайтатын уақыттардың бірі. Ел президенттері де соның қатарында. Бірі ұзақ мерзімге кетіп жатса, енді бірі еңбек демалысына өте аз уақытқа шығып жатады. Мысалы күні кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13-16 шілде аралығында еңбек демалысында болатыны хабарланды. Ал өзге ел президенттері қанша күн және қайда демалады? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.   


Жаз мезгілі көптеген адам еңбек демалысын алып, қызметі мен жұмысынан тынығып қайтатын уақыттардың бірі. Ел президенттері де соның қатарында. Бірі ұзақ мерзімге кетіп жатса, енді бірі еңбек демалысына өте аз уақытқа шығып жатады. Мысалы күні кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13-16 шілде аралығында еңбек демалысында болатыны хабарланды. Ал өзге ел президенттері қанша күн және қайда демалады? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.   

Биыл РФ президенті Владимир Путин жазда толыққанды еңбек демалысына шықпайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 18 мамырда хабарлаған болатын. 

"Толыққанды демалыс... Мен ол кісінің не жоспарлап отырғанынан бейхабармын, бірақ биыл демалмайтынын нақты білемін. Қандай жағдай болса да, ол бірнеше күннен артық тұрақты жұмыс іс-шараларынан кете алмайды. Мемлекет басшысы лауазымында болғандықтан оған мүмкіндік жоқ, сондықтан оның мұндай демалыс жоспарлары жоқ. Бірақ, өздеріңіз де білесіздер, арасында, демалыс күндерді пайдаланып, жазда демалады", - деді Песков.

Желіде Путиннің бұған дейін демалған суреттері де бар. Мысалы 2017 жылы ол қысқамерзімді демалысы кезінде балық аулап қайтқан. 

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев биылғы еңбек демалысына 4 қаңтарда шықты. Өзбек елінің президенті де демалысқа ұзақ уақытқа шықпаған. Gazeta.uz мәліметінше, ол қысқамерзімді демалысқа кеткен. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

"Еңбек демалысы Өзбекстан аймағында өтеді деп жоспарланып отыр", - делінген еді хабарламада.


Фото:instagram.com/mirziyoyev_sh

Басылым мәліметінше, бұл Мирзиёевтің 2016 жылы президент болып сайланғаннан бергі екінші демалысы. Алғаш рет бұл лауазымда 2019 жылдың тамызында еңбек демалысына шыққан.

Ал Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болады. Тоқаев демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі - Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізіп жатыр.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің сөзінше, Президент елордаға сенбі, 17 шілдеде оралады.

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов биыл қашан еңбек демалысына шығатыны белгісіз. Алайда былтыр "Туркменистан сегодня" мемагенттігі президенттің еңбек демалысы қалай өтіп жатқанын көрсеткен болатын. Былтыр 15 шілдеде Бердымухамедов балық аулаумен айналысса, 21 шілдеде алабаймен қыдырып қайтқан.

Ал 29 шілдеде таңертең Гурбангулы Бердымухамедов велосипед теуіп, артынша Түрікменстан президенті Ахал-теке жылқы кешеніне барып, "жұмақ" аттарын көріп қайтқан.

Германия канцлері Ангела Меркельдің де биыл қайда демалатыны белгісіз. Былтыр Меркель журналистердің еңбек демалысы туралы қойған сұрағына "Демалысымды Германияда өткіземін" деп қысқа жауап қайырған. Ол Германияның нақты қай жерінде демалатынын айтпаған.

Фото: Reuters

"Известия" мәліметінше, әдетте Меркель Тиррен теңізіндегі Искья аралы немесе Италияның солтүстігіндегі Альпы тауында демалады екен. 

Оның алдында Германия канцлері ресми кездесулерде жағдайы нашарлап, дірілдеп кеткен видеолары пайда болған еді. Бұл 2019 жылы болған жайттар. Сол жылы Меркель ұзақ мерзімді, 28 күндік демалысқа кеткен болатын. Болжам бойынша, Германия канцлері Альпы тауларында демалған.

Lenta.ru мәліметінше, Украина президенті Владимир Зеленский былтырғы демалысын Херсонская облысындағы Бирючий аралында өткізген. Бұл туралы саясаткер Тарас Черновол Facebook желісіндегі парақшасында айтты.

"Бирючий Азово-Сиваш қорығына кіреді. Ол экология министрлігі емес, мемлекеттік іс басқармасына тиесілі", - деп жазды Черновол.

Фото: Reuters

Оның айтуынша, Украина басшысы демалысқа өзі жалғыз кеткен. Зеленский келер алдында ол жерде жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Бирючемдегі мемрезиденция Никита Хрущевтың кезінде салынған. Сондықтан оны "Хрущевтың саяжайы" деп аталып кеткен. Алайда Хрущев ол жерге тек бір рет демалуға келген екен.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети