Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
27 марта 2020 10:07

Шетелде коронавирусқа байланысты халыққа қандай жағдай жасалып жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Бүгінде коронавирус 175 елге тарап үлгерді. Соңғы мәліметтер бойынша, вирусты 531 мыңнан аса адам жұқтырып, 117 мыңға жуық адам айықты. Алайда 24 мыңнан аса адам COVID-19 құрбаны болған. Көптеген елде өндіріс орындары жабылып, салдарынан жұмыссыз қалғандардың саны артқан. Tengrinews.kz тілшісі АҚШ, Түркия, Германия және Қазақстан билігі жергілікті тұрғындарға қалай көмек көрсетіп жатқанына шолу жасады. 


Бүгінде коронавирус 175 елге тарап үлгерді. Соңғы мәліметтер бойынша, вирусты 531 мыңнан аса адам жұқтырып, 117 мыңға жуық адам айықты. Алайда 24 мыңнан аса адам COVID-19 құрбаны болған. Көптеген елде өндіріс орындары жабылып, салдарынан жұмыссыз қалғандардың саны артқан. Tengrinews.kz тілшісі АҚШ, Түркия, Германия және Қазақстан билігі жергілікті тұрғындарға қалай көмек көрсетіп жатқанына шолу жасады. 

АҚШ: әр америкалыққа 1000 доллардан

Bloomberg мәліметінше, АҚШ президенті әкімшілігі коронавируспен күреске 1,2 триллион доллар жұмсауды жоспарлаған. Яғни, үкімет әрбір америкалыққа 1000 доллардан беруі мүмкін. 

Елдің қаржы министрі Стивен Мнучиннің сөзінше, 500 миллиард доллар қарапайым халыққа, 300 миллиард доллар шағын бизнес үшін қарызға және 200 миллиард доллар тұрақтандыру қорына қарастырылған. Алайда билік көмек "миллионерлерге" емес, қаржыға шынымен мұқтаж адамдарға берілетінін ескерткен. Одан бөлек, АҚШ-тың қаржы министрі америкалықтарға салықтарды төлеуді үш ай мерзімге кейінге шегеруге уәде берген екен.

Сонымен қатар, "Независимая" газетінің мәліметінше, елде жағдайы төмен америкалықтар үшін "Бірінші орында - отбасы" заңы қабылданған. Бұл заң бойынша, тұрғындар коронавирусты анықтайтын тесттен тегін өтіп, балалары үйде отыруға мәжбүр ата-аналарға өтемақы төленеді. 

Айта кетейік, АҚШ-та барлығы 68 мыңнан аса адам корорнавирус жұқтырып, 1036 адам қайтыс болған. 

Түркия - 15 миллиард доллар

"Известия" мәліметінше, Түркия билігі коронавируспен күреске 15 миллиард доллар (100 миллиард түрік лиры) бөлген. Бұл туралы 20 наурызда президент әкімшілігінің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Фахреттин Алтун мәлімдеген

Одан бөлек, Режеп Тайип Ердоған елдегі коронавирусқа байланысты республикадағы қонақүйлерде тұру салығы 2020 жылдың қарашасына дейін кейінге қалатынын мәлімдеген. Айта кетейік, Түркияда 2020 жылдың 1 сәуірінен туристердің отельдерде тұрғаны үшін салық салынбақ болған. Бұл салық саяхатшыларға қонақүйде көрсетілетін қызметтеріне: тамақтану, бассейн, түрлі ойын-сауық шаралары үшін қолданылмақ болған. 

Түркия Отбасы, еңбек және әлеуметтік саясат министрлігінің ресми сайтында тұрақты әлеуметтік көмек алатын 2 миллион отбасы 1000 лира қаржылай көмек алады. Бұл үшін мемлекеттен арнайы 2 миллиард лира бөлінді делінген. Министр Зехра Зюмрюттің айтуынша, көмек "экономикалық тұрақтылық" пакеті аясында жүзеге асады және наурыз айының аяғында беріле бастайды.

Түркия Президентінің ресми сайтында коронавирусқа байланысты жүзеге асырылатын іс-шаралардың тізімінде ең төменгі зейнетақы мөлшері 1500 лираға көтеру туралы бөлім бар. 

Айта кетейік, Түркияда бүгінде 2433 адам вирус жұқтырып, 59 адам қайтыс болған.

Германия 

РИА Новости мәліметінше, бүгінде Германияда 36 мыңнан аса адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырып, 198 адам қайтыс болған. 

Deutsche Welle мәліметінше, Германияда түрлі саланы қолдауға 156 миллард еуро бөлінген. Оның 50 миллиард еуросы өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға, сондай-ақ шағын кәсіпорындарды қолдауға бөлінген. Одан бөлек, ауруханаларға бөлек көмек қарастырылған. 

Айта кетейік, Германияда коронавирусқа байланысты жұмыс орнынан бөлек басқажерде екі не одан көп адамның жиналуына тыйым салынған. Сондай-ақ, елдегі кафе, мейрамханалар мен сән салондары жабылған. 

Қазақстан

Қазақстанда ақпан айының басында коронавируспен күреске 3,5 миллиард теңге бөлінгені белгілі болды. Одан бөлек, Елбасы - Тұңғыш Президент қоры елімізде коронавирус инфекциясының таралуымен күресуге 200 миллион теңге бөлді. Қаржы бірдей көлемде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының әкімдіктеріне бөлінеді.

Жеке тұлғалардың тұтыну қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзім өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салынады. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова 17 наурыздағы Үкімет отырысында мәлімдеді. 

Елімізде төтенше жағдай кезінде ақысыз еңбек демалысына кеткендер 42 мың теңге және жұмыссыз қалған тұлғалар айлығының 40 пайызын алады. Соңғы төлем 1-6 ай аралығында жүргізіледі. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елордада өткен брифинг барысында айтты. 

"(...) Төлем екі түрлі болады. Бірінші, төтенше жағдайға байланысты ақысыз еңбек демалысына шыққандарға, оның көлемі айына - 42 мың теңге. Бұл ұсақ шағын және орта бизнестің қызметкерлері болуы мүмкін. Олар соңғы жылы мемлекеттік қорға 3 рет жасалған болуы қажет. Қажетті өтінімді жұмысшы емес, жұмыс беруші жасайды. Өтінімді аудандық және қалалық жұмыспен қамту штабтарына беру керек. Төлемдер төтенше жағдай аяқталғанша жүреді. Екінші түрі - жұмыстан шығып қалғандарға қатысты. Олар төлемдерді 1 айдан 6 айға дейін алады. Төлемдердің көлемі айлықтың 40 пайызына тең", - деді Абаев.

22 наурызда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтардың коммуналдық қызмет бойынша төлемі кейінге шегерілетінін мәлімдеді. 

"Қиын жағдайға тап болған алматылықтарды қолдау үшін монополистермен лифт пен қоқысты шығаруды қоса алғанда, барлық коммуналдық қызметтер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру туралы келісімге келдік. Наурыз және сәуір айларына келген түбіртектерді жыл соңына дейін төлеуге болады. Бұл ретте кешіктіргені үшін өсімақы мен айыппұл есептелмейді. Сондай-ақ, карантин кезінде қызмет көрсетушілер электр, су, жылу, газ және телефон байланысында қарызы бар тұтынушыларды ажыратпайды", - деді қала басшысы. 

Құлыбаев пен Боранбаев коронавирустан келтірілген шығынды қалпына келтіру үшін миллиард теңге бөледі

Сонымен қатар, коронавирусқа қатысты дәрігерлерге 2-3 есе ынталандыру ақысы төленеді. 

"Қазіргі таңда алдыңғы шепте жүрген барлық дәрігерлер , оның ішінде жедел-жәрдем болсын, жұқпалы аурулар дәрігері, карантинде жұмыс істеп жатқан жалпы жұмылдырылған дәрігерлерге министрлік тарапынан жеке бұйрығы бойынша ынталандыру жүйесі енгізілді. Қосымша 2-3 есе өтемақы беріледі. Осы 3-4 айға белгіленген. Себебі олар халық денсаулығы үшін күресіп жатыр. Ең алдымен соларды ынталандыру үшін қабылданды", - деді Диас Ахметшәріп Qazaqstan телеарнасындағы "Ашық алаң" бағдарламасында. 

Айта кетейік, қазір Қазақстан 120 адам коронавирус жұқтырған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети