ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
24 июля 2023 | 14:13

Баланы "жұрттың баласынан" қалдырмай мектепке 6 жасында берген дұрыс па?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Баланы бірінші сыныпқа берерде кез келген ата-ана өз баласын мектепке "6 жасында берген дұрыс па, әлде асықпай 7 жасында берген дұрыс па?" деген өзекті сұрақ туындайды. Бірі уақыт оздырмай 6 жасында беру керек десе, енді бірі баланы асықтырмай 7 жасында берген дұрыс деп жатады. Massaget.kz тілшісі осы мәселеге қатысты мамандардың ойын білді.

Айта кетейік, материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыз.

Республикалық "QAZBILIM" орталығының директоры Аятжан Ахметжанұлы баланы қай жаста мектепке беру туралы сұрақ - жылда қойылатын сұрақ екенін айтады.

"Менің берер кеңесім баланы 6,5 жастан аспай, 1-сыныпқа бермеген дұрыс. Адамның миының даму кезеңі болады. Адамның миы толық 12-13 жасқа дейін даму кезеңін бастан кешіреді. Қазір балаңыз қағылез, бәрін алып кететін секілді көрінеді. Бірақ мидың көтеру салмағы бала үлкейе келе белгілі болады. Қазір алып кеткен балаңыз үлкейе келе шаршағанын сезесіз. Мидың даму кезеңдері болады, бұл даму кезеңдерінде қатты салмақты салу - қателік", - дейді ол.

Балалар психологы Гүлнұр Базарбайқызы баланы бірінші сыныпқа қай жаста беруге қатысты ойын айтты.

"Ата-ана баланың психологиялық, физиологиялық ерекшелігін ескергені жөн. Әр бала тіпті бір үйдің балалары дамуы жағынан әртүрлі болады. Кейбір ата-аналар "үлкен баламды 6 жасынан бергенмін, бірақ еркетайымды 7 жасынан беретін шығармын" деп жатады. Немесе керісінше, үлкенін 6 жасында беріп, кішісі пысықтау болуы мүмкін. Ата-ананың ішкі түйсігі болады, баласын тануы негізінде болады. Сол түйсікке көбірек мән берген дұрыс", - дейді маман.

Айта кетейік, материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыз.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 491.74   530.25   5.02 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети