ПОДЕЛИТЬСЯ
26 сентября 2019 | 18:33
Рики Мартиннің хиті, Бораттың әні, ескі гимннің сергелдеңі. Қазақстан әнұранына қатысты фейлдер
Желіде қазақстандық жас ватерполшы қыздардың видеосы қызу талқыға түсіп жатыр. Үндістандағы Азия чемпионатында Қытайға қарсы матч алдында Қазақстанның әнұраны ойнауы керек болған. Бірақ әнұран 8 секунд қана ойнап, техникалық ақауларға байланысты үзіліп қалды. Ал қазақстандық жас спортшылар сасқан жоқ - әнұранды акапелла орындап шықты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде қазақстандық жас ватерполшы қыздардың видеосы қызу талқыға түсіп жатыр. Үндістандағы Азия чемпионатында Қытайға қарсы матч алдында Қазақстанның әнұраны ойнауы керек болған. Бірақ әнұран 8 секунд қана ойнап, техникалық ақауларға байланысты үзіліп қалды. Ал қазақстандық жас спортшылар сасқан жоқ - әнұранды акапелла орындап шықты.
Матч қазақстандықтар үшін осындай түсініксіз жайтпен басталғанымен, біздің ватерполшы қыздар құрлықтың үздік командаларының бірі саналатын Қытайды 11:10 есебімен жеңді.
Тengrinews.kz тілшісі спорт жарыстарындағы Қазақстан әнұранына қатысты болған фейлдерді еске түсірді.
Ескі әнұранның сергелдеңі
2017 жылы қарашада ресейлік Сочиде самбодан әлем чемпионаты өткен. Оған 62 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Есет Қуанов қатысып, финалда турнир қожайынын 2:1 есебімен жеңген. Осылайша, ол өз карьерасында алғаш рет алтын жүлдеге қол жеткізген еді.
Әйтсе де, Қуановты марапаттау рәсімінде ескі әнұран қойылды. Есеттің өзі басын шайқап, жан-жағына қараған. Бірақ ұйымдастырушыларға бұл қате туралы айтпады.
Ал трибунада отырған қазақстандықтар жеңіс дәмін кетірмей, жаңа әнұранды акапелла түрінде орындай бастады. Оны байқаған Қуанов та қолын жүрегіне қойып, отандастарына қосылып кетті.
Бұл жағдай одан екі жыл бұрын да болған еді. 2015 жылы желтоқсанда Грозныйда ауыр атлетикадан Ресей Президентінің кубогы өткен. Үздік зілтеміршілер келген жарысқа қазақстандық Илья Ильин мен Александр Зайчиков қатысты.
Ильин екі әлемдік рекорд орнатып, қос жаттығу қорытындысы бойынша 437 келімен алтын медаль алған еді. Ал екінші орынды Зайчиков еншілеген - ол 416 келіні еңсерді.
Бірақ қазақстандықтардың қуанышын жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде ұйымдастырушылар су сепкендей басып тастады. Қазақстанның Туы көтерілгенде ескі әнұран ойналды. Илья мен Александр бір-біріне қарай бастады, көп ұзамай Ильин ұйымдастырушыларға әнұранның ескі екенін ескертті. Бірер минуттан соң ресейліктер кешірім сұрап, қазіргі әнұранды қосты.
Ресейдегі түсінбеушіліктер мұнымен біткен жоқ. 2013 жылы қаңтарда Жоғары хоккей лигасында ойнайтын қарағандылық "Сарыарқа" ТХК командасымен ойнау үшін Тверьге қонаққа барған.
Матч алдында дәстүр бойынша екі елдің әнұраны шырқалды. Алайда ұйымдастырушылар Қазақстанның бұрынғы әнұранын қосқан. Қарағандылық хоккейшілер қолдарын жүрегіне қойып, әнұранды соңына дейін тыңдап шықты. Матчтың өзі қазақстандық клубтың пайдасына 3:1 есебімен аяқталды.
Келесі күні "Сарыарқаның" басшылы ЖХЛ-ға болған жайтты тексеруді сұрап, арнайы хат жіберген болатын.
2017 жылы маусымда Сингапурде ММА-ден Азия ашық чемпионаты өткен. Қазақстандық файтерлер бұл жарыста үш алтын, екі күміс және үш қола медаль еншілеп қайтты.
Бірақ бұл турнир қазақстандықтардың нәтижелерімен емес, ұйымдастырушылардың әнұранды шатастыруымен есте қалды. Чемпион атанғандардың бірі - 56,7 келі салмақта сынға түскен Ерназ Мұсабекті марапаттау рәсімінде ескі әнұран ойнатылған.
Бірақ қазақстандық команда мен жанкүйерлер жағдайды өз қолына алып, қазіргі әнұранды акапелла түрінде орындап шықты.
Әнұранның орнына Рики Мартиннің хиті
Қазақстанда да өз әнұранымызды қоса алмай, ұятқа қалған сәттер болды. 2012 жылы наурызда Қостанайда шаңғы тебуден облыстық фестиваль өткен. Оның ашылу салтанатында ұйымдастырушылар үлкен қателікке жол берді.
"Қазақстан Республикасының әнұраны ойналатыды" деген хабарламадан кейін облыс әкімі, шенеуніктер мен фестиваль қатысушылары Туға бет бұрған. Бірақ әнұранның орнына Рики Мартиннің Livin' la Vida Loca әні қойылып кетті.
Музыкаға жауапты адам қатесін түсініп, бірнеше секундтан кейін әнді тоқтатып тастады. Көп ұзамай Қазақстан әнұраны қойылды.
"Борат" әнұраны
Әнұранға қатысты ең үлкен жанжал 2012 жылы наурызда болды. Сол жылы Кувейтте оқ атудан әлем чемпионаты өткен. Әлемдік додада қазақстандық мерген Мария Дмитренко бірінші орын алған еді. Ал оны марапаттау рәсімінде Қазақстан әнұранының орнына, "Борат" фильміндегі жалған гимн қойылған.
Бір қызығы, қазақстандық спортшының өзі басқа әнұранның қойылғанын байқамаған да секілді көрінді. "Бораттың" әнұраны аяқталғанша жымиып тұрған ол ән біткесін де күліп, суретке түсті.
Артынша чемпионаттың ұйымдастырушылары да, Кувейт билігінің өкілдері де Қазақстаннан кешірім сұрады.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также