ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
28 июня 2019 | 10:00

"Терезені жап, кондиционер қосамыз" - Көлік кондиционері туралы біз сенетін өтіріктер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Көліктегі кондиционерді қосқанда терезені неге жабу керектігін білесіз бе? Бұл шынымен кондиционердің қалыпты жұмысы үшін айтыла ма? Әлде бұл да көлікке қатысты аңыз әңгімелердің бірі ме? Tengrinews.kz тілшісіне автокөлік маманы Бағдат Мұстафин кондиционердің қолдану ерекшілігі жайлы айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Көліктегі кондиционерді қосқанда терезені неге жабу керектігін білесіз бе? Бұл шынымен кондиционердің қалыпты жұмысы үшін айтыла ма? Әлде бұл да көлікке қатысты аңыз әңгімелердің бірі ме? Tengrinews.kz тілшісіне автокөлік маманы Бағдат Мұстафин кондиционердің қолдану ерекшілігі жайлы айтып берді.

Оның сөзінше, жүргізушілер көліктегі кондиционерді іске қосқаннан кейін, терезелерді толықтай жабуына бірнеше себеп бар:

"Негізі кондиционерді іске қосқанда автокөліктің 100 ат күшінің 30 пайызы кондиционерге кетеді. Яғни кондиционер қосылғанда қозғалтқышқа қосымша күш түседі. Бәріміз білетіндей кондиционердің басты мақсаты - автокөлік салонын салқындату. Терезе ашық тұрғанда сырттан келген ыстық ауа құрылғыдан шыққан суық ауаға кері әсерін береді. Сөйтіп, кондиционер көліктің ішін салқындатпайды. Мұндай жағдайда қозғалтқыштың қуаты көп жұмсалатыны жайлы көп жүргізуші біледі. Сондықтан олар терезені тарс жабады", - дейді ол.

Маманның кондиционер қосылғанда терезенің жабық тұруының тағы бір себебі - салоннан ұрған салқын ауа мен сырттан келген ыстық ауа адамның салқындап қалуына алып келетінін айтты. 

"Айта кетейін көлікте терезенің ашық тұруынан кондиционер бұзылмайды. Бірақ қозғалтқышқа қосымша күш түсіреді және жанармай да көп жұмсалады. Кондиционердің жөнді жұмыс істеуі үшін оны жылына бір рет тексерістен өткізу керек. Егер құрылғы салон ішін дұрыс салқындатпаса немесе басқа да ақау пайда болған жағдайда оның арнайы сұйық майын ауыстыру керек. Бұл мәселе көп көлікте кездеседі", - дейді ол. 

Бағдат Мұстафиннің сөзінше, кондиционерді іске қосу алдында кейбір жүргізушілер тарап кеткен әңгімелерге сүйеніп, оны бірден қоспай, біршама уақыттан кейін ғана іске қосады.

"Кейбір жүргізушілер кондицонер шығаратын ауаны терезеге бағыттауға болмайды деп те айтып жатады. Мен тәжірибеме сүйене отырып мынаны айтқым келеді: егер де көлік күннің астында біраз уақыт тұрып, әсерінен терезелер қызса, одан кейін кондиционердің ауасын терезе жаққа бағыттаса ол шытынауы мүмкін. Бұл салыстырмалы түрде аяз күні көлікке отыра салып пешті қосқанмен тепе-тең. Бірақ бұл көлік терезесінің сапасына да байланысты. Кейбір көліктікі сынбауы мүмкін", - дейді ол. 

Маман жүргізушілер арасында "кондиционер көліктің жанармайын тым көп жейді, сондықтан оны қоспаймыз" деген әңгіме жүретінін айтты. Ол бұл аңыз әңгімені шындыққа жанасады дейді. Себебі кондиционерде орнатылған компрессор қосымша қуат жұмсағандықтан жанармайды 10-14 пайызға артық жұмсауы мүмкін. Бұл дизельді қозғалтқышқа да қатысты. 

"Ал кейбір жүргізушілер кондиционерді пайдалану және оны жөндету ақшаны құр жұмсаумен тең дейді. Бұл сөздің де жаны бар. Сол үшін көп жүргізуші күннің ыстығына қарамастан кондиционерді қоспайды. Негізі салқындатқыш құрылғыны жөндеу қиын, оған қоса жөндеуге жұмсалатын қаражат та аз емес. Негізі бұл құрылғы істен шықса, оны тек мамандандырылған көлік жөндейтін орталықта жөндету керек. Кез келген жерде орналасқан жөндеу орталығына барып кондиционерді қарату дұрыс емес", - дейді маман. 

Сонымен қатар, маман көліктегі кондиционердің пайдалану ережесіне сүйене отырып, оны көлікке отырысымен бірден қоспауға кеңес берді. Тек бірнеше минуттан соң ғана қосу абзал екен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 496.01   523.53   4.96 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети