ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
17 июля 2019 | 08:30

Дидар Амантаймен "Бірге оқимыз" - Жазушының сүйікті бес кітабы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

ERG компаниясының қолдауымен Тengrinews.kz сайтында "Бірге оқимыз" жобасы басталған болатын. Бұл жобаның негізгі мақсаты - қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру. Осы мақсатта Тengrinews.kz тілшісі танымал жазушы Дидар Амантайдың сүйікті бес кітабын ұсынады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ERG компаниясының қолдауымен Тengrinews.kz сайтында "Бірге оқимыз" жобасы басталған болатын. Бұл жобаның негізгі мақсаты - қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру. Осы мақсатта Тengrinews.kz тілшісі танымал жазушы Дидар Амантайдың сүйікті бес кітабын ұсынады.

"Моби Дик немесе Ақ кит"

Герман Мелвиллдің бұл романында кит аулайтын кеменің батыл капитаны Ахава мен үлкен ақ киттің өмір үшін шайқасы баяндалады. Эпикалық теңіз пейзажымен қатар, "Пекода" экипажы өмір мұхитында адасып, алапат күштерге қарсы шығып жүрген адамзат символы ретінде бейнеленген. 

Бұл кітап 1851 жылы жарық көрген. Сол кезде Герман Мелвилдің бұл романы бағаланған жоқ. Тек өткен ғасырда кітап өз бағасын алды. 

"Моби Дик немесе Ақ кит" - эпикалық тынысты кітап, метафизика мәселелерін көтереді, көтеріп қана қоймай, өз тарапынан шешімін табуға талпынады, сонымен қатар, адамзат тарихындағы құрлық пен теңіз болмысын тануға, өмір мен өлім табиғатын түсінуге тырысқан алғашқы әмбебап романдардың бірі", - дейді Дидар Амантай. 

"Соғыс және бейбітшілік"

Лев Толстойдың тарихи-философиялық романы бүкіл әлемге танымал. Кітап алғашқы беттерден-ақ оқиғаға бай: аңшылық пен святки (христиандардың діни мейрамы - Авт.), Наташа Ростованың алғашқы балы, Отрадноедегі айлы түн, князь Андрейдің шайқасы... 

Ресей жазушысы "Соғыс және бейбітшілік" романын 1869 жылы жариялаған.

"Соғыс және бейбітшілік" - роман жанрында адамзаттың ұлы проблемаларын тұңғыш әрі үздік талқылаған, көлемі тұрғысынан әлі күнге шейін ешкім басып озбаған шығармалардың бірі", - деп бағалады Дидар Амантай. 

"Албастылар"

Ресейлік жазушы Михаил Достоевскийдің "Албастылар" романы 1872 жылы жарық көрген.

Оқиға губерниялық қала мен Варвара Ставрогинаның меншігіндегі жер иелігінде өрбиді. Көненің үлгісімен өмір сүретін Степан Верховенскийдің ұлы Петр төңкеріс ұйымдастыру жолындағы бастамашылардың бірі болады. Ол өзінің қозғалысына Ставрогинаның ұлы Николайды да тартуға тырысады. 

"Албастылар" - революцияның мәнін ашқан, зорлықшыл, қиянатшыл табиғатын болжаған, алдын ала салдарын көре білген кемеңгер туынды", - дейді қазақ жазушысы. 

"Улисс"

Бұл ирландиялық жазушы Джеймс Джойстың өте күрделі саяси туындысы. Кітап 1914-1921 жылдар аралығында жазылған. 

Жазушының ең басты романы "проза өнерінің даму жолын басып озды" деп бағаланған. Автордың ойы бойынша, "Улисс" - Еуропадағы шағын қалашық тұрғынының бір күндік өмірі жайлы әңгіме. 

Дидар Амантай бұл кітапқа мынадай баға берді: "Модернизм бастауында тұрған, сана ағысын көркем шығармада алғаш қолдана білген, әдеби жанрларға жаңа бағыт-бағдар берген ұлы роман".

"Өткен уақыт жолы"

Француз жазушысы Марсель Прусттың жеті романнан тұратын жартылай өмірбаяндық топтамасы. Бұл кітаптар Францияда 1913-1927 жылдар аралығында жарияланған. Әдеби модернизмді дамытқандардың бірі Марсель Прус бұл романдарында өткен және осы шақтағы оқиғаларды бір картинаға қосқан.

"Өткен уақыт жолы" - жазу мәнерінде төңкеріс жасаған туынды. Бір дәуірдің стильдік даму бағытын айқындады", - дейді Дидар Амантай. 

Айта кетейік, "Моби Дик немесе Ақ кит" және "Соғыс пен бейбітшілік" романдары қазақ тіліне аударылған. Ал соңғы үш кітаптың тек орыс тіліндегі нұсқалары бар. 

Айта кетейік, Alash Media Group холдингі мен ERG компаниясы бірлесіп "Бірге оқимыз" атты жаңа арнайы жобасын бастаған еді. Бұл жоба аясында түрлі туындыларды оқуға дайын эстрада, кино және телевизия жұлдыздарының қатысуымен теле- және радиобағдарламалар шығады. "Бірге оқимыз" жобасының негізгі мақсаты - қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру. "Бірге оқимыз" арнайы жобасы ERG компаниясының қолдауымен өткізіліп жатыр.

Сондай-ақ, ERG компаниясымен бірге "Талантты балалар", "Жеңімпаздар", "Батырлар арамызда" жобалары қолға алынған.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 524  course up  545.51  course down  5.07  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer